Суреттер тізімі 5 Резюме 6 Кіріспе 8 Жобаның тұжырымдамасы 9


Жалпы және әкімшілік шығыстар



бет9/10
Дата03.12.2019
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар


Жобада құны айына 48 мың теңге тұратын орын-жайды жалдау көзделген. Осы бағаға электр энергиясы мен телефон байланысын қоспағанда барлық коммуналдық төлемдер қосылған.
12-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг.

Шығындар

 

2012

2013-2018

ЕТҚ

 

136

136

Өндірістік орын-жайды жалдау

60 м2

48

48

Электр энергиясы

2 900 Квт/ай

35

35

Орау шығыстары

 

10

10

Байланыс қызметтері

 

1,5

2

Көлік қызметтері

 

10

10

НБ қызмет көрсету және жөндеу

 

6

6

Банк қызметтері

 

1,5

2

Жарнама шығыстары

 

2

2

Өзге де көлденең шығыстар

 

4

4

Жиыны

 

253

253


Кондитер цехын электрмен жабдықтаудың негізгі ағымдағы шығындары кондитер цехы мен дүкендегі электр жабдықтарының қуатын тұтыну есебінен қалыптасады, атап айтқанда:

  • Пісіру шкафы – 12 кВт*ч

  • Электр плитасы – 5 кВт*ч

  • Крем араластыратын машина – 1,5 кВт*ч

  • Ұн елеуіш – 0,55 кВт*ч

  • нан илейтін машина – 1,5 кВт*ч

  • Тоңазытқыш жабдығы – 1 кВт*ч

Жобада тоңазытқышты қоспағанда барлық жабдық сөткесіне 5 сағаттан артық жұмыс істемейтіні көзделген. Тоңазытқыштар тәулік бойы істейді.

Сумен, жылумен жабдықтау шығындары жалдау ақысының құнына кірген.

Телефон байланысының шығыстары сандық АТС пен қалааралық сөйлесулерді пайдаланудың абоненттік құнына қосылады.

Орау шығыстары өнім өндірудің орташа айлық көлемі – 1 140 кг, ескеріліп есептеледі. Олар 5 кг қораптарға бөліп салынады. Осылайша, 228 қорап сатып алу қажет болады. Қораптардың көтерме бағасының 44 теңге екенін ескере келе оларды сатып алу шығыстары айына 10 000теңгені құрайды. Ыдыстарды созылмалы картоннан орау ыдыстары өнімдерін шығаруға маманданған «Казполиграф» ЖШС (Семей қаласы) сатып алу жоспарланған.
13-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг.



Лауазымы

Саны

Жалақы

Есептеуге

ЕТҚ

 

Әкімшілік-басқару құрамы

 

 

 

 

1

Директор

1

 35

35

35

2

Бухгалтер

0,5

15

8

8

 

Жиыны__2__30'>Жиыны

2

50

43

43

 

Өндірістік құрам

 

 

 

 

1

Кондитер

2

30

60

60

 

Жиыны

2

30

60

60

 

Қызмет көрсетуші құрам

 

 

 

 

1

Сатушы

1

25

25

25

 

Жиыны

1

25

25

25

 

Қосалқы құрам

 

 

 

 

1

Еден жуушы

1

16

16

16

 

Жиыны

1

16

16

16

 

Құрам бойынша барлығы

5

121

136

136

Еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы айына 136 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік аударымдар айына 6,1 мың теңгені (міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ) есептемегенде еңбекақы төлеу қорының (бұдан әрі - ЕТҚ) 5% есебінен) құрайды. Бұл сома Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 437-бабына сәйкес әлеуметтік салық сомасын азайтады. Салықты жеңілдетілген декларация негізінде есептеу салық салу объектісіне (кіріс) 3% (ҚР СК 437-бабы) ставканы қолдану арқылы жүргізіледі, соның ½ жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС), ½ - әлеуметтік салық құрайды.

Бұдан басқа әлеуметтік салықтың есептелген сомасы егер жұмысшының орташа айлық жалақысы Республикалық бюджет туралы заңда (ҚР СК 436-бабы) тиісті қаржы жылына белгіленген еңбек жалақысының 2-еселік ең аз мөлшерінен кем болмаса әрбір жұмысшы үшін салық сомасы 1,5 % сомаға азайту жағына қарай түзетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет