Суреттер тізімі 5 Резюме 6 Кіріспе 8 Жобаның тұжырымдамасы 9


Жабдық және инвентарь (техника)



бет7/10
Дата03.12.2019
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)


Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехын жабдықтау үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:



  • Елеуіштен өткізу машинасы – басқа қосындыларды бөлу және ұнды оттегімен байыту үшін.

  • ТММ-1М үлгісіндегі сыйымдылығы 140 литр нан илеу машинасы.

  • Араластыру машинасы, сыйымдылығы 25 литр

  • ШПЭСМ-3 үлгісіндегі бір ауысымда 50 торт пісіруге мүмкіндік беретін пісіру шкафы.

Нан пісіру өнімдері өндірісі шағын көлемде болатынына қарамастан онда 3 пісіру камерасы бар арнайы кондитерлік пісіру шкафын пайдаланған орынды. Әрбір камерада 100 –ден 250° С дейінгі температураны автоматты ұстап тұруға болады, нәтижесінде бұл шкафта бір мезгілде әр түрлі температурада жартылай фабрикаттың үш түрін пісіруге болады, ол үшін дербес термореттеуіші орнатылған. Қамырды дайындау, бөлу үшін тот баспайтын болаттан жасалған үстел, жартылай фабрикаттарды қоятын сөрелер қажет.

Бұдан басқа, арнайы өндірістік инвентарь қарастырылған:



  • табақша (листар, лотоктар);

  • өлшейтін стакандар, касықтар;

  • тортқа арналған түрлі формалар, формочкалар;

  • тәтті нандарды ою құралдары;

  • кастрюльдер, чашкалар, тарелкалар;

  • қамыр өңдеу инвентары (ағаш және темір оқтаулар);

  • ағаш қасықтар;

  • жартылай фабрикаттарға арналған пышақтар;

  • қасықтар, венчиктер, шанышқылар;

  • кондитер жиынтығы (шприцтар, алмалы-салмалы бөлігі, метал түтіктер);

  • жуу жабдығы;

  • ас үйге арналған орамалдар, қағаз орамалдар жиынтығы.

Қор қоймасы

Өнімдерді сақтау үшін қор қоймасына сөрелер орнатылады. Өнімді өлшеу үшін таразылар мен өлшеу ыдыстары қолданылады. Шикізат пен тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін қарапайым тұрмыстық тоңазытқыш пайдаланылады.



Сауда залы

Дүкенге ішкі көркемдік беру үшін өндірістік сөрелер емес оюлап ағаштан жасалған сөрелер пайдаланылатын болады.

Дайын кондитер өнімдері тоңазытқышы бар сөрелерге қойылатын болады.

Жабдықтардың тізбесі мен оны сатып алу шығындары төмендегі кестеде берілген.


8-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі

Жабдық

Саны, дана

Бағасы, мың теңге

Сауда залы

 

 

Тоңазытқыш сөрелері

2

250

Сөрелер

6

65

Инвентарь

1

80

Кондитер цехы







Пісіру шкафы

1

200

Араластырғыш машина

1

180

Елеуіш машина

1

150

Қамыр илек машинасы

1

400

Тоңазытқыш

1

90

Газ плитасы

1

50

Электронды таразылар

1

60

Алюминий үстелі

2

50

Металл сөрелер

2

40

Өндірістік инвентарь

1

80

Жабдықтардың бағасы Өскемен қаласының нарығындағы бағаларға жүргізілген талдаудың негізінде көрсетілген.

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым


Жобада орын-жайды жалдау көзделген, онда қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда электр -, сумен - және жылумен жабдықтау, сондай-ақ телефон байланысы болады. Қажет болған жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай қажетінше бейімделетін болады.

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам


Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы мынадай негізгі ұйымдастыру бірліктерінен тұрады:

  • Мынадай негізгі талаптарға сәйкес келетін кондитер:

- кәсіби білімінің болуы;

- ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісінің рецептері мен технологиясын білуі

- шикізаттың сипатын, құрылымын, қолданылуын, сақтау шарттары мен мерзімдерін білуі;

- ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары деңгейде өңделуі әдістері мен тәсілдерін білуі;

- жұмыс істеу принциптері мен технологиялық жабдықтарды пайдалану қағидаларын және т.б. білуі;

- жоба бойынша 2 кондитер қарастырылған, біреуі пісірумен, екіншісі сыртқы келбетін әшекейлеумен айналысады.



  • Сатушы, оның қызметіне ұннан жасалған кондитер өнімдерін сату, өтінімдер, шикізат пен материалдарды жеткізушілерден тапсырыстар қабылдау және т.б. жатады.

  • Бухгалтер, ол кәсіпорынның бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуді жүзеге асырады.

  • Еден жуушы.

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы төменде келтірілген түрлерден тұрады (6-сурет).
3-сурет - Ұйымдастыру құрылымы


Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және оқиғалардан үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет