Суреттер тізімі 5 Резюме 6 Кіріспе 8 Жобаның тұжырымдамасы 9


Негізгі және әлеуетті бәсекелестер



бет6/10
Дата03.12.2019
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер


Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындар болып табылады.

7-кесте - Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың тізімі



Компаниялардың атауы

Қала, кент

Белоусовка нан зауыты

Белоусовка кенті

Шығыс Қазақстан ұн тарту-жемазық комбинаты АҚАО Восточно-Казахстанский мукомольно-комбикормовый комбинат

Семей қаласы

'БАРС' компаниясы

Өскемен қаласы

Колос

Өскемен қаласы

«Бейкер» ЖШС

Өскемен қаласы

«Бек» ЖШС

Семей қаласы

«Брик» ЖШС

Өскемен қаласы

«Вегас» ЖШС

Өскемен қаласы

«Рамко Трейдинг Компани» ЖШС

Семей қаласы

«Саламин» ЖШС

Өскемен қаласы

'Жолдас' ЖШС

Семейқаласы

Common Market

Өскемен қаласы

"АЙДАР" №2 НАН ЗАУЫТЫ

Семей қаласы

"АККОРД-ВКО" ЖШС

Өскемен қаласы

"АЛТЫН-ДЭН и Ко" ЖШС

Семей қаласы

"АРНА" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ ФИРМАСЫ

Өскемен қаласы

"БУХТАРМА" КӘСІПОРНЫ

Өскемен қаласы

"ДЮКАС" ААҚ

Өскемен қаласы

"КУРМАН" САУДА-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ (ЖШС)

Өскемен қаласы

ЖШС

Өскемен қаласы

№3 НАН ЗАУЫТЫ (ЖШС)

Өскемен қаласы

Аккорд

Өскемен қаласы

Ладога и К

Өскемен қаласы

Мельзавод Защита

Өскемен қаласы

Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:

- Сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;

- Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер;

- Шағын өндіріс, өзгеріп отыратын жағдайға тез икемделу тәсілі;

- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.



4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер


Кондитер өнімдері Кеден одағының «Сезімтал тауарлар тізбесіне» енгізілген. Әкелу кеден бажының ставкасын Кеден одағының комиссиясы кейіннен консенсуммен қабылдайтын болады. Баждың орташа ставкасы әріптес елдердің «нөлдік ставкасы» есебінен төмен болады, бұл импорттың, әсіресе Ресейден келетін импорттың ұлғаюына әкеледі. Бірақ бұл ішінара Қазақстанның өндіріс қуатын ұлғайтуына және сапаны сақтауына байланысты болады.

Қазақстанда кондитер өнімдерінің бағасы инфляция диапазонында өсу үрдісін сақтайды деп күтілуде.

ATFBank Research сарапшыларының бағалауы бойынша нақты ақша кірісінің 1%-ға өсуі заттай мәніндегі тұтыну көлемінің 0,6%-ға ұлғаюына әкеледі. Болашақта кондитер өнімдерін тұтыну көлемін одан әрі ұлғайту күтілуде.

4.4 Маркетинг стратегиясы


Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру болжануда:

Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жұмысы;

Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту шаралары кешенін пайдалану;

Құрғақ нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ауылдық елді мекенде орналастырудың жоспарлануына байланысты және жаңа кәсіпорын туралы ақпарат халықтың арасында тез тарайтындықтан одан әрі жарнама жүргізу талап етілмейді.


5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық процесс


Кептірілген нан өндірісінің технологиялық схемасы

  • Жалпы алғанда ашытып жасалған кептірілген нанды өндіру схемасы төмендегі операциялардан тұрады.:

  • шикізатты өндіріске дайындау;

  • ашытқы мен қамырды дайындау және ашыту;

  • қамырды бөлу және қалыптау (қатарлар);

  • көтерілуге қою;

  • дайын қалыптарды пісіру;

  • салқындату және қалыпты дайындау;

  • қалыптарды бөлшектеп кесу және табақтарға салу;

  • табақтарды пештің асына немесе кептіргіш аппараттың ішіне салу;

  • салқындату;

  • іріктеу, кептірілген нанды ыдыстарға салу немесе оларды қаптау мен өнімдерді қоймаларда сақтау.

  • Нан, соның ішінде кептірілген нан өнімдері өндірісінің технологиялық схемасы қамыр дайындау тәсілімен және технологиялық жабдықтарымен сипатталады, соның базасында өнім дайындау ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта ашытылған кептірілген нан өндірісінде қамырды опара тәсілімен дайындау кеңінен тараған:

  • қамырды екі рет мөлшерлеп, кезең-кезеңмен нан илейтін машиналарда илеу, оған көтерілуі жатады,;

  • қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашыта отырып опара мен қамырды үздіксіз илеу;

  • қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны бөлгенге дейін ашытпай опара мен қамырды үздіксіз илеу;

  • қою опара мен қамырды барынша механикалық өңдеуді пайдалану..

Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиялық схемасы

Ірімшік қосылған печенье өндірісінің технологиясы мыналардан тұрады: алдымен ірімшікті ерітілген маргаринмен қосады, содан соң ұн салып қамыр илейді. Дайын қамырды қалыңдығы 1 сантиметр етіп жазады.

Ірімшік қосылған печенье дайындау үшін 10 кг арналған шикізат шығысы, граммен: жоғары сортты бидай ұны - 4000, маргарин - 4000, ірімшік - 4000, қант - 900, қамырдың салмағы - 12900, ашыған кезде - 10000.

Үстіне қант ұнтағын себеді, оқтаумен жазады және 3 Х 3 сантиметрлік ромбик түрінде кеседі. 280 - 300°С температурада 17 минут пісіреді.



Сушкалар өндірісінің технологиялық схемасы

Қою опара, ылғалдығы 38 — 40%, ұннан жасалады (13 — 60%), нығыздалған ашытқы (0,5 — 1,0%) және су. Дайын опараны әдетте бөліп-бөліп пайдаланады, дайын опараны пайдалану уақыты 2 сағаттан астам. Опараның көтерілу күші 13 — 15 минут.

Қамырды дайындаған кезде опараның қажетті бөлігін өлшейді, нан илейтін машинаға салып алдын ала дайындалған маргаринмен (40 — 45 ˚С температурада ерітілген), қант ерітіндісімен, сумен және басқа шикізатпен араластырады, содан кейін ұн қосады. Осыдан кейін қамырды 5 — 8 минут илейді.

Илеу ұзақтығын ұн жақсы болған жағдайда және қамырды тездетіп илеу тәсілі кезінде ұлғайтылады. Қамыр ең соңында құрғақ және біртекті болуы қажет.

Қамырды өткізу механикалық түрде жасалады (вальцовкада).

Қамырды 10 кг шамасында кесектерге бөледі, содан соң кесу машинасынан өткізіледі (сушкаларға арналған қамырды 3 — 4 рет өткізеді).

Бірнеше рет өткізгеннен кейін қамырды екіге бүктейді. Тездетіп дайындаған кезде үккіштен 7-8 рет өткізеді.

Қамырдың кесектерін орайды, жел тимеу үшін үстін жақсылап жабады да 10-40 минутқа қояды. Осыдан кейін қамыр сирек тесіктері бар біркелкі массаға айналады

Қамыр әмбебап бөлу-қалыптау машинасына салынып, шығыршықтарға бөлінеді.

Дайын сушкаларды жоғары ылғалдықта (80 — 90%) 45 — 60 минут және ортаның жоғары температурасында (35 — 40 ˚С) ұстайды.

Тұрған кезінде дайын өнім көтеріліп, дөңгелек түрге енеді.

Тұрған дайын қамырды температурасы 96 — 98 ˚С арнайы бу камераларында қысымы төмен (3,0 — 5,0 кПа) бумен бүркеді.

Бүрку уақыты 1 — 3 минут; дайын өнімнің салмағы көп болса бүрку де ұзақ жүреді. Бүрку кезінде өнім көтеріледі, өнімнің салмағы да шамалы өседі ( 6%).

Сушкалар торлы табақшаларда пісіріледі, бұл оның сыртқы түрін, сондай-ақ кептірілуі мен өсуін қалыпты сақтайды. Сушкаларды пісіру уақыты 14 — 15 минут. Сушкаларды бусыз және желдеткіші бар камераларда пісіреді. Өнімді желдеткіш арқылы суытады.



5.2 Ғимараттар мен құрылыстар


Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай тікелей кондитер цехын, қойманы және сауда залын орналастыру үшін ортасы бөлінген үш бөлмеден тұрады.

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы

Цех бөлімшелерінің жоспары технологиялық процесс операцияларын кезегімен орындауға сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімдердің қатар жүруіне жол бермейді, яғни цехтың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:

- қамыр илеу – мұнда қамыр иленеді және қажетті жартылай дайын фабрикаттар дайындалады;

- қамырды бөлу – бөлу және қалыптау, кондитер өнімдерін жаю;

- пісіру – мұнда кондитер өнімдері арнайы шкафтарда пісіріледі

- салқындату;

- өнімдерді өңдеу бөлімшесі;

- жұмыртқаларды, ыдыс-аяқты, ыдыстарды жуатын орын.

Кондитер цехында сондай-ақ желдеткіш және ауа тазартқыш жүйе қарастырылған. Цех кондитер цехтарына қойылатын СЭС талаптарына сәйкес келеді.

Қор қоймасы

Қор қоймасы құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал и т.б.) сақтау үшін қарастырылған. Бұл жерде орташа температура шамамен 15°С және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60 – 65 % болуы тиіс. Бұдан басқа осы жерде тез бұзылатын өнімдер сақталатын тоңазытқыштар қойылады.



Сауда залы

Сауда залы шамамен 20 шаршы метр аумақты алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет