Суреттер тізімі 5 Резюме 6 Кіріспе 8 Жобаның тұжырымдамасы 9



бет2/10
Дата03.12.2019
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кіріспе


Кестелер тізімі 4

Суреттер тізімі 5

Резюме 6

Кіріспе 8

1. Жобаның тұжырымдамасы 9

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 10

3. Өндірістер бағдарламасы 12

4. Маркетингтік жоспар 13

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 13

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 15

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 16

4.4 Маркетинг стратегиясы 17

5. Техникалық жоспарлау 18

5.1 Технологиялық процесс 18

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 19

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 20

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 21

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 22

7. Жобаны іске асыру 23

7.1 Іске асыру жоспары 23

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 23

8. Пайдалану шығыстары 24

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 25

10. Қаржыландыру қажеттілігі 27

11. Жобаның тиімділігі 28

11.1 Cash-flow проекциясы 28

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 28

11.3 Баланс проекциясы 28

11.4 Қаржы индикаторлары 28

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 30

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 30

12.2 Қоршаған ортаға әсер 30

Қосымшалар 31

Кестелер тізімі




Суреттер тізімі



Резюме


Жобаның тұжырымдамасы Шығыс Қазақстан облысында металл кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ашуды қарастырады.

Цех шығаратын негізгі өнім түрлері кептірілген нан, печенье және сушкалар болады.

Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылуы мүмкін.

Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың теңге

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

2 360

Айналым капиталы

716

Барлығы

3 076

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.



Қаржыландыру көзі, мың теңге

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Негізгі капиталға инвестициялар

716

03.2012

23%

Айналым капиталы

2 360

03.2012

77%

Барлығы

3 076

 

100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:



Кредит валютасы

тенңе

Пайыздық ставка, жылдық

7%

Өтеу мерзімі, жыл

6,0

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Өтеу түрлері

тең үлестермен

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.



Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге

509

Активтердің рентабельділігі

23%

10% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 267 мың теңгені құрады.



Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

13%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

267

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

4,8

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

5,8

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын құруға;

- Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын ауданның бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.




Кіріспе


Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.

Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.

Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.

Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.

Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.

Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.

Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады.

1. Жобаның тұжырымдамасы


Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру көзделген.

Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды.

Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар:

- сары майдан жасалған кептірілген нан;

- ірімшік қосылған печенье;

- «Марго» кепкен тоқаштары.

Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері де (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылатын болады.

Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.

Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда орналасқан.

Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет