Ұстазды алтын діңгекке теңер едім



Дата18.11.2019
өлшемі28.83 Kb.

Елу жыл ел ағасы

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы –  қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.

Бұл сөз еңбек жолын ұстаздық жолмен бастаған, сол жолда білім қызметкерлеріне еңбегін аянбағын аудандық «Қамқор - 2» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбек Ұлықпан ағаға арналады.

Бар ғұмырын туған жерінің білім саласына арнаған ол 1970 жылы Алматы облыстық білім басқармасының жолдамасымен Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Крупская атындағы орта мектебіне математика пәнінің мұғалімі болып бастаған Ұлықпан аға 1973 – 1977 жылдары Алматы облысы Нарынқол ауданы Ақбейіт ауылындағы № 119 Шәлкөде кәсіптік – техникалық училищесінің оқу ісі шебері, кейін директордың жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.1977 жылы осы аудандағы Крупская атындағы орта мектепте мұғалім, кейін Сарыжаз орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып істеген.1979 – 1981 жылдары Крупская атындағы орта мектепте директордық оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін істеген.1981 жылы Қарасаз ауылындағы Энгельс атындағы орта мектебінің директоры болып істеген.1983 жылы Халық депутаттары Қарасаз селолық Советіатқару комитетінің төрағасы болып сайланған.1985 -1987 жылдары Нарынқол аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеген.1987 – 1988 жылдары осы оқу бөлімінде инспектор, 1988 – 1994 жылдары аудандық киножүйесі дирекциясының директоры болып қызмет атқарған.1994 – 2007 жылдары Сарыжаз ауылындағы № 8 кәсіптік мектептің директоры қызметін істеген.2007 жылы төртінші сайланРайымбек аудандық мәслихатының хатшысы қызметіне сайланған.2011 жылдан «Қамқор - 2» кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып жұмыс істеп келеді.

ІІ, IV V сайланған Райымбек аудандық мәслихатының депутаты.Нұр Отан» ХДП мүшесі.Депутаттыққа кандидаттыққа «Нұр Отан» ХДП ұсынған.«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» медалімен «Ы.Алтынсарин атындағы» төс белгімен «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.



Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Ұлықпан аға білім саласында мол іс-тәжірибесі бар азамат. Зейнет демалысына шықса да еңбектен тыс қалмай аудан білім саласы кәсіподағының жұмысын жақсартуға қажыр-қайратын, мол білімін жұмсап келеді. Облысқа, республикаға үлгі етер әдістемелік орталықтың ашылуында да лайықты еңбегі бар.



Елу жыл ағасы, білім жанашыры Ұлықпан ағаны мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтаймыз.

Құтты болсың 70 жасыңыз,


Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттық нардаң айық басын жүзіңіз!
Тілек еттік шың жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!
Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсің,
Ата-баба аруағы қолдай жүрсің.

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет