Сабақтың тақырыбы: «Бырыстырғыш, бүркеуші, сіңіргіш, тітіркендіргіш дәрілер»



Дата28.10.2020
өлшемі39.6 Kb.
түріСабақ
МАРАТОВА САПУРА

Сабақтың тақырыбы: «Бырыстырғыш , бүркеуші, сіңіргіш, тітіркендіргіш дәрілер».

Бырыстырғыш дәрілер - тері және шырышты қабықшаның бетіндегі ақуыздың коагуляцияға үшырауына байланысты, жергілікті қабынуға қарсы әсері бар. Тығыз ақуыз пленкасы сезімтал жүйке үштарын тітіркендіргіш заттардан қорғап, ауырсыну сезімдерін төмендетеді. Бырыстырғыш дәрілер тері және шырышты қабықшаның қабынуында (дерматитте, жараларда, эрозияда, экземада) сеппе, жағылма түрінде, жағу, шаю үшін белгіленеді.


• АІЖ-ң қабыну ауруларында (энтерит, колитжәне т.б.) ішке
қолданылады.
• а) Бейорганикалық бырыстырғыш дәрілерге: висмуттың негіздік
нитраты, қорғасын ацетаты, ашутас, мырыш сульфаты, күміс нитраты
• жатады.
• Bismuthi subnitras - висмуттың негізгі нитраты. «Викалин», «Викаир»
• таб.; 5-10% жағылма; сеппе;«Нео-анузол» супп. түрінде шығарылады.
• Қорғасын ацетаты (Plumbi acetas): 0,25-0,5% дымқылдау үшін
қолданылады.
• Ашутас (Alumen): 0,5-1% еріт.

• б) Органикалық бырыстырғыш дәрілерге: танин, дерматол, ксероформ, түнба және қайнатпапар (1:10-1:20): емен қэбығы, шайқурай шөбі, жылантаран тамыр сабағы,шагыраш жапырағы, түймедақ гүлі, кәдімгі қаражидек жемісі, итошаған шөбі жатады.


• Tanninum - танин: сеппе түрінде; ауыз қуысын шаю үшін 1-2% еріт. түрінде; жараларға,
жарылуда, күйгенде, тесілуде 3-5-10% қолдану үшін сулы және глициринді ерітінділер мен
жағылма түрінде тағайындалады.
• Дерматол және ксероформ - сеппе түрінде (сыртқа); 10% жағылма.

• Бүркеуші заттар - шырышты қабықшаларды бүркеп, сезімтал жүйке үштарының тітіркенуіне кедергі жасайды. АІЖ-ның қабыну ауруларында қолданып, қүрамында тітіркендіргіш заттары бар микстуралардың қүрамына кіреді.


• Mucilago Amyli - крахмал шырышы (2%);
• Mucilago seminum Lini - зығыр түқымының шырышы (1:30).
• «Алмагель» - Алмагель: асқазан мен үлтабардың жарасында, гиперацидті гастритте және асқазан ауруларында қолданылады. 170 мл флаконда суспензия түрінде шығарылады.
«Алмагель А» - құрамында0,1 анестезин бар.

Алмагель® А Алгелдрат, Бензокаин, Магния гидроксид

Саудалық атауы


Алмагель® А

Халықаралық патенттелмеген атауы


Жоқ

Дәрілік түрі


Ішуге арналған суспензия, 10 мл және 170 мл

Құрамы


5 мл (бір өлшеуіш қасық) құрамында:

белсенді заттар: 2180.0 мг алюминий гидроксиді гелі (15.3 % Al(OH)3),

(218.0 мг алюминий оксидіне шаққанда (10 % Al2O3)),

350.0 мг магний гидроксиді пастасы (31 % Mg(OH)2),

(75.0 мг магний оксидіне шаққанда (21.43 % MgO)),

109 мг бензокаин,

10 мл (1 пакет) құрамында:

4360.0 мг алюминий гидроксиді гелі (15.3 % Al(OH)3),

(436.0 мг алюминий оксидіне шаққанда (10 % Al2O3)),

700.0 мг магний гидроксиді пастасы (31 % Mg(OH)2),

(150.0 мг магний оксидіне шаққанда (21.43 % MgO)),

218 мг бензокаин,

қосымша заттар: сутегінің асқын тотығының ерітіндісі (30%), сорбитол, гидроксиэтилцеллюлоза, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидрокси-бензоат, бутилпарагидроксибензоат, натрий сахарині, пропиленгликоль, макрогол 4000, лимон майы, этил спирті 96%, тазартылған су

Сипаттамасы


Ақ немесе ақ дерлік түсті, лимонның иісі бар суспензия. Сақтау кезінде бетінің қабаттарға бөлінуіне жол беріледі.

Құтының ішіндегісін қатты шайқағанда, суспензияның гомогенділігі қалпына келеді.


Фармакотерапиялық тобы


Қышқылдылықтың бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Басқа препараттармен біріктірілген антацидтер.

АТХ коды А02АХ


Фармакологиялық қасиеттері


Фармакокинетикасы

Алюминий тұздары ішекте елеусіз дәрежеде сіңеді.

Магний иондарының 10%-ға жуығы сіңеді және олардың қандағы концентрациясы өзгермейді деуге болады.

Бензокаин өте аз мөлшерде сіңеді және іс жүзінде организмге жалпы әсерін тигізбейді. Оның ауыруды басатын жергілікті әсері суспензияны қабылдағаннан кейін 1-2 минуттан кейін басталады. Резорбция дәрежесі препараттың әсер ету механизміне байланысты емес.

Әсер ету ұзақтығы асқазанның қорыту жылдамдығына байланысты. Ол аш қарынға қабылдағанда 20-дан 60 минутқа дейін ауытқиды. Тамақ ішкеннен соң бір сағаттан кейін қабылдағанда препараттың антацидтік әсері 3 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Алмагель®А – асқазан сөлінің жоғары қышқылдылығын төмендететін және кейбір асқазан-ішек аурулары кезінде ауыруды жеңілдететін препарат. Алмагель®А алюминий мен магний гидроксидтерінің теңдестірілген гелі болып табылады, олар ерімейді, ішекте сіңбейді дерлік және организмге өте аз мөлшерде түседі. Алмагель®А асқазанның шырышты қабығына жергілікті әсер етеді және оны тұз қышқылының, және тамақтың басқа да зиянды заттарының тітіркендіруші әсерінен қорғайды, сондай-ақ пепсиннің белсенділігін төмендетеді. Препарат өңештегі жоғары қышқылдылықты төмендетеді. Алмагель®А құрамында жергілікті ауыруды басатын дәрі болып табылатын бензокаин (анестезин) бар. Бензокаин айқын білінетін ауыру синдромында жергілікті ауыруды басатын әсер береді. Өңештің, асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығына қабынуға қарсы және цитопротективті әсер көрсетеді.

Қосымша заты сорбитол әлсіз жел айдағыш және орташа өт айдағыш әсер береді, сондай-ақ орташа іш жүргізетін әсері бар.

Қолданылуы


- ауырумен, жүрек айнуымен және құсумен қатар жүретін өңештің, асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының қабыну және эрозиялық өзгерістерін қысқа мерзімді симптоматикалық емдеуде

- өңештің, асқазан мен он екі елі ішектің шырышты қабығының жедел немесе созылмалы қабынуында, немесе басқа да бұзылуында


Қолдану тәсілі және дозалары


Ішке. Әр қабылдаудың алдында құтыны шайқау керек.

Ересектерге күніне 3 – 4 рет ас ішкенге дейін 10-15 минут бұрын 5 – 10 мл-ден (1 – 2 өлшеуіш қасық немесе 1 пакет) қабылдау ұсынылады.

Емдеудің ең жоғарғы ұзақтығы - 7 күн, содан кейін Алмагельмен® емдеуге көшеді.


МАҚСОТОВ НҰРЖАН

Алмагель® А қабылдағаннан кейін 15 минут бойы сұйықтық ішуге болмайды.


Жағымсыз әсерлері


- іштің қатуы, іш өтуі, жүрек айнуы, құсу, асқазанның түйілулері, дәм сезудің өзгеруі

- гипермагниемия, гипофосфатемия (гипофосфатемияның жеңіл түрлері симптомсыз өтеді)

- жергілікті және жалпы типтегі аллергиялық реакциялар

- нейроуыттылық (бүйрек жеткіліксіздігі бар және диализдік емдеуде жүрген науқастар ұзақ қабылдағанда көңіл-күйдің немесе ақыл-ой белсенділігінің өзгеруі

- остеомаляция (тамақта фосфордың тапшы болуымен қатар және қанда фосфор деңгейінің төмендеуіне байланысты препараттың жоғары дозасын ұзақ қабылдағанда сүйектің жұмсаруы білінеді).

Қолдануға болмайтын жағдайлар


- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдылық

- бүйрек жеткіліксіздігі

- бауыр аурулары, бауыр циррозы

- Альцгеймер ауруы

- жедел аппендицитке күдіктенгенде

- ойық-жаралы колит, колостомия немесе илеостомия

- іштің қатуы

- созылмалы диарея

- геморрой

- гипермагниемия

- гипофосфатемия

- жүректің ауыр жеткіліксіздігі

- алкоголизм, эпилепсия

- жүктілік кезеңі

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.


Дәрілермен өзара әрекеттесуі


Басқа дәрілік заттарды Алмагель® А қабылдағанға дейін 1-2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң қабылдау керек.

Алмагель®А асқазан сөлінің қышқылдылығын өзгертеді, бұл бір мезгілде қабылданғанда көптеген дәрілік заттардың сіңуіне, биожетімділігіне, сарысудағы ең жоғары концентрациясына, сондай-ақ шығарылуына ықпал етеді.

Алмагель®А Н2-блокаторлардың (циметидин, ранитидин, фамотидин), дигиталисті гликозидтердің, темір тұздарының, литий препараттарының, хинидиннің, мексилетиннің, фенотиазиндік препараттардың, тетрациклин қатарындағы антибиотиктердің, ципрофлоксациннің, изониазидтің және кетоконазолдың, атенололдың, метопрололдың, пропранололдың, хлорохиннің, циклиндердің, дифлунизалдың, индометациннің, лансопразолдың, линкозамидтердің, фенотиазинді нейролептиктердің, пеницилламиннің, фосфордың (қоспа), тироксиннің сіңуін азайтады, – Алмагель® А мен бұл препараттарды қабылдау аралығында 2 сағаттық үзіліс қажет.

Ішекте еритін препараттармен бір мезгілде қабылдағанда асқазан сөлінің жоғары сілтілігі қабықтың жылдам бұзылуына алып келуі және асқазан мен он екі елі ішектің тітіркенуін туғызуы мүмкін.

Алмагель®А құрамында бензокаин болғандықтан, сульфонамидтермен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Парааминобензой қышқылының туындысы бола отырып, бензокаин сульфонамидтердің бактерияларға қарсы белсенділігінің антагонисі болып табылады.

Салицилаттармен біріктіргенде несепті сілтілеуінің нәтижесінде препараттың бүйрекпен экскрециялануын күшейтеді.


Айрықша нұсқаулар


Алмагель® А-мен емдеу кезінде, бензокаиннің жергілікті ауыруды басатын әсерінің әлсіреуі мүмкіндігіне байланысты, алкоголь мен қышқылдарды (лимон шырыны, сірке суы және т.б.) қабылдаудан аулақ болған жөн.

Дәрілік затқа аллергиялық көтере алмаушылық – аздаған бөртпе, қышыну, беттің ісінуі, тыныстың тарылуы пайда болса, қабылдауды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керек.

Суспензияның белгілі бір мөлшерін қабылдағанда ауыз қуысының шырышты қабығы мен тілдің ұюы және жансыздануы мүмкін. Бұл өтпелі құбылыс және оған емделушілер мазасызданбауы тиіс.

Алмагель® А кейбір зертханалық және функционалдық зерттеулердің және тестілердің нәтижелеріне әсерін тигізуі мүмкін: ол қышқылдылығын анықтаған кезде асқазан сөлінің деңгейін төмендетеді; технеция (Тс99) пайдаланылған тестілердің, мысалы сүйек сцинтиграфиясы және өңешті тексеруге арналған кейбір тестілердің нәтижелерін өзгертеді, фосфордың сарысудағы деңгейін, сарысудағы және несептегі рН мәнін арттырады.

Дәрілік заттың құрамында сорбитол бар, бұл оны диабетпен науқастарға қабылдауға мүмкіндік береді, бірақ туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілерге жарамсыз болып табылады, өйткені асқазанның тітіркенуін және диарея туындатуы мүмкін.

Алмагель®А құрамында парабендер бар (қосымша заттар), олардың есекжемді, және сирек жағдайларда жылдам типті аллергиялық реакциялар – бронх түйілуін туғызатыны белгілі.

Алмагель®А құрамында 2.5 % к, этанол бар, яғни 5 мл (2.5 мл сыраға немесе 1 мл шарапқа баламалы) дозада 98,1 мг этанол немесе 10 мл дозада 196.2 мг этанол (5 мл сыраға немесе 2 мл шарапқа баламалы) бар, соның нәтижесінде бауыр және ми ауруы бар емделушілерде, маскүнемдіке шалдыққан және эпилепсиямен науқастарда, сондай-ақ жүкті әйелдерде асқынулар пайда болуы мүмкін.

Құрамында бензокаин болғандықтан, препаратты ұзақ уақыт қабылдау (7 күннен артық) ұсынылмайды.

Егде жастағы науқастар ұзақ уақыт қабылдағанда остеомаляция және остеопороз дамуы мүмкін. Сондықтан фосфорға бай тамақтарды қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың құрамында этанол бар, мұны көлік құралдарының жүргізушілері мен қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс жасайтын тұлғалар ескеруі қажет.


Артық дозалануы


Симптомдары: іштің қатуы, метеоризм, бүйрек калькулезі, жеңіл ұйқышылдық, гипермагниемия, ауыздың металл татуы (препараттың көп мөлшерін бір рет қабылдағанда), препаратта бензокаин болғандықтан, жұтынған кезде, сезімталдықтың жоғалуы.

Сондай-ақ метаболикалық алкалоз белгілері: көңіл-күйдің немесе ақыл-ой еңбегіне қабілеттіліктің өзгеруі, бұлшықеттердің ауыруы, күйгелектік, тез қажығыштық, тыныс алудың баяулауы байқалуы мүмкін.



Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны құтыларға немесе полиэтилентерефталаттан жасалған құтыларға 170 мл-ден құйылған. Бір құты 5 мл-ге арналған дозалағыш қасығымен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Көп қабатты фольгадан жасалған пакеттерде 10 мл препараттан.

10 немесе 20 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.


Сақтау шарттары


Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі 2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қабылдауға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз



Өндіруші

«Балканфарма - Троян» АД, Болгария



ТАЛИМЕДЕНОВА НҰРАЙЫМ

Викаир (таблетки).

Нео-Анузол 



Саудалық атауы

Нео-Анузол 



Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ 


Дәрілік түрі

Тік ішектік суппозиторийлер 



Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында



белсенді заттар:негізгі висмут нитраты- 0,075 г

мырыш оксиді- 0,2 г

танин- 0,05 г

резорцин- 0,005 г

йод- 0,005 г

метилен көгі- 0,003 г,



қосымша заттар: суппозиторийлер үшін негіз: витепсол - салмағы 2,38 г суппозиторий алынғанша жеткілікті мөлшерде, «Қатты-2» эмульгаторы - негізгі массаға 1%. 

Сипаттамасы

Жасыл-сұр немесе көкшіл-жасыл түсті, торпедо пішінді суппозиторий. Суппозиторийдің бетінде ақ таңдақ пайда болуы мүмкін. 



Фармакотерапиялық тобы

Геморройды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқадай препараттар.



Фармакологиялық қасиеттері

Жиынтық препарат, қабынуға қарсы, тырыстыратын, антисептикалық, спазмолитикалық, ауыруды  сездірмейтін, геморройға қарсы жергілікті әсер етеді. 



Қолданылуы

-          геморройда

-          артқы өтіс жарығында. 

Қолдану тәсілдері және дозасы

Суппозиторийді пішінді қаптамасынан (алдын ала қайшымен қиып) босатады және тазартатын клизма жасалғаннан кейін немесе ішек өздігінен босағаннан кейін тік ішекке терең бойлай енгізеді. 1 суппозиторийді тәулігіне 2-3 рет қолданады. Емдеу курсы - 7-10 күн.

 Жағымсыз әсерлері

-    аллергиялық реакциялар. 



Қолдануға болмайтын жағдайлар

-          препарат компоненттеріне сезімталдық жоғары болғанда. 



Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нео-Анузол сілтілік заттармен, сутегінің асқын тотығымен фармацевтикалық түрде үйлеспейді. Құрамында йод болғандықтан, эфир майларымен, аммиак ерітіндісімен, ақ тұнбалы сынаппен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Препарат  фенадонмен, фенилсалицилатпен, бензокаинмен, антипиринмен, камфорамен, ацетилсалицил қышқылымен, ментолмен, хлоралгидратпен, бромкамфорамен, фенолмен бірге балқитын қоспалар түзеді. Нео-Анузол тимололмен, метамизолмен, бензонафтолмен, аминофеназонмен, терпингидратпен, гексаметилентетраминмен ылғалданатын қоспалар түзеді.



Теріні және кілегей қабаттарды тітіркендіретін дәрілер. Әсерінің механизмі. Клиникала қолданылуы. Сорғыш (сіңіргіш)    дәрілер

Қыша қағазы, ментол, тазартылған терпентин майы, аммиак ерітіндісі. Әсерінің механизмі: тітіркендіретін құралдар жүйке жүйелерін қоздырады, гистаминді, серотинді, брадикининді, простагладинді босатады. Бұл заттар қоздырғыш әсер етіп, қан тамырларын кеңейтеді. Тітіркендіретін құралдар неврологияда,радикулитте, люмбагода, ишнаста, артритте, миозитте, бурситте, буын жаралануында, бронхитте қолданылады

Сіңіруші дәрілер:Активтелінген көмір,Алгелдрат (Алюминий гидроксидты), Алгелдрат+магний тоттығы (Анацид),Сукралфат(Вентер), Алюминий фосфаты (Гастерин)

ТІітіркендіргіш дәрілер

Горчичниктер, Эфкамон, Тазартылған терпентин майы, Ментол. Аммиак ерітіндісі

Бұрыш пластырі, Випросал. Эспол



Сорғыш (сіңіргіш)    дәрілер

Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын, үлкен белсенді  беткейден тұратын, нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден қорғайтын сорғыш дәрілер. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.



Белсенді көмір (Carbo activatus), карболен, карбактин, энтеросорбент, арнайы өнделген, сорғыш беткейі бар, ерімейтін қара түсті ұнтақ. Белсенді көмір өзіне улы заттарды (токсиндерді, газдарды, алкалоидтарды) сіңіріп алады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ішектегі ашу және шіру үрдістерімен жүретін диспепсияда (метеоризм), қышқылдықтың жоғары болуы мен асқазан сөлінің гиперсекрециясында, іштің өтуінде, жедел улануларда (алкалоидтармен, жүрек гликозидтерімен, ауыр металдардың тұздарымен және т.б.), токсикалық синдром ауруларында – тамақ токсикоинфекцияларында, дизентерия, сальмонеллезде, күйік ауруларының токсемия және септикотоксемия сатысында, созылмалы бауыр жетіспеушілігінде, бронх демікпесінде, атопиялық дерматитте, рентгенологиялық зерттеулерге дайында кезінде (газдардың түзілуін азайту үшін). Сулы жүзгінді уланғанда және интоксикация кезінде 20-30г; қышқылдық жоғары болғанда және іштің кебуінде - 1-2 таблеткадан (таблетка 0,5-0,25  г.) тәулігіне 3 – 4 реттен. Сулы жүзгінін ересектер үшін тамақтың арасында 10 г (бір пакет) тәулігіне 3 реттен; 7 жасқа дейінгі балаларға – 5 г, 7-14 жастағыларға – 7 г қабылдау. Емдеу курсының ұзақтығы 3-15 күн.

Кері көрсеткіштері. Асқазан ішек жолдарының ойық жараларында және асқазаннан қан кетулерде, әсіресе басқа дәрілермен бірге беруге және жоғары сезімталдықта болмайды.

Жанама әсерлері. Диспепсия болуы мүмкін, асқазан ішек жолдарында майлардың, ақуыздардың, витаминдердің, гормондардың, қоректі заттардың ж.т.б. сіңірілуі төмендейді; іштің қатуы немесе іштің өтуі, нәжістің қара түске боялуы, белсенді көмір арқылы гемоперфузия кезінде эмболияның дамуы мүмкін, геморрагия, гипокалемия, гипокальцемия, гипотермия және гипотензия, ағзада витаминнің, гормондардың, майлардың және ақуыздардың азаюы. Дәрілермен бірге қолданғанда олардың ықпалының төмендеуі мүмкін.

Шығарылу түрі.  200 мг капсуласы; 230, 250, 500 мг (N.10) таблеткасы; 5, 10, 15, 25, 30, 50, 100, 150 г ұнтағы пакетте; 100, 200 г флаконы; 100, 250, 450, 700, 850, 1300 г пастасы; 2,5; 3, 5, 10, 60, 100, 650 пакеттегi грануласы; 10, 12, 15, 24, 25 г флаконда.

Рецепт үлгісі.  Rp.: Granularu Carbonis activati 5,0                             

                                  D.t.d. N.10   

                                  S. 1 – 2 пакеттен 5 – 6  рет тәулігіне.

                                                          #

 Тальк (Talcum) тер бездерінің бөліп шығарғандарын өзіне сіңіреді және теріні механикалық тітіркенуден қорғап, оны кептіреді. Оны сеппе ретінде қолданады.

Рецепт үлгісі.  Rp.: Zinci oxydi 10,0

                                  Talci 40,0

                                  M. f. pulv.

                                  D.S. Ұнтақ түрінде, сеппе.              

                                                         #

Тітіркендіргіш дәрілер

Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп  қозу әрекетін арттырады. Сонымен қатар, зақымдалған мүшені немесе тінді иннервациялайтын орайлас жүйкеге орталық жүйке жүйесі арқылы алаңдатумен, ауыру сезімін басады. Олар сонымен, теріге жергілікті әсер көрсетеді, ол биологиялық белсенді заттардың – гистаминнің, брадикининнің және серотониннің бөлінуіне әкеледі. Бұл топқа жататын негізгі тітіркендіргіш дәрілер: қыша қағаз, скипидар, ментол, аммиак ерітіндісі, терпентиннің тазаланған майы жатады.



Қыша қағазы (Charta sinapis)– қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы, ол мирозин және синигрин гликозид ферменттерінен тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі. Емдік ықпалы терінің жүйке ұштарын тітіркендіру салдарынан рефлекторлы реакциялар пайда болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т.б. аурулар кезінде қолданылады. 4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері. Тері зақымдануларында, іріңді ауруларда, нейродермитте, сулы экземада, псориазда.

Терпентиннің тазаланған майы (Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар – эфирлік май. Бұл кәдімгі қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, ауыруды басатын (алаңдатушы) және антисептикалық әсер көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам» майларының құрамына кіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни көңілді басқаға аудару, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофиканы жақсарту үшін. Невралгия, радикулит, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, миозитте, полиартриттерге, сонымен қатар бумен дем алу үшін ірінді бронхитте, бронхоэктазияда қолданылады.

Кері көрсеткіштері. Бауыр мен бүйрек паренхимасының зақымданулары кезінде.

Шығарылу түрі.   20 % жағынды 15 және 25 г банкада және 15, 25 және 50 г тубаларда және 10, 30 және 50 мл флакондағы майлы ерітінді.

Рецепт үлгісі.  Rp.: Oleum Terebinthinae rectificati

                                  Chloroformi  aa 15 ml

                                  Methylsalicylatis 10 ml

                                  M. f. linimentum

                                  D.S. Буын тұсына жағу үшін.

                                                  #



Ментол (Mentholum) жалбыз майынан алатын (бұрыш жалбызының жапырағында) – салқындатқыш рецепторларды тітіркендіреді, аздап жансыздандырады, рефлекторлы жолмен қан өзгертеді. Бұл қасиетін жүрек-қан тамырларын кеңейтетіндігінен байқауға болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Невралгия, миалгия артралгия кездерінде 2% спирттік ерітіндісі немесе 10%  майлы жүзгіні ұсынылады; қышымалы дерматозды емдеуде 1% ланолинді-вазелин май немесе 0,5% спирттік ерітінді қолданылады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит) бумен дем алу немесе интраназальды тамшы түрінде береді. «Валидол» құрамына кіреді, сондықтан стенокардияда қолданылады. Сонымен қатар, ментол көптеген сыртқа қолданылатын алаңдатушы дәрілердің құрамына кіреді (броментол, меновазин, кафомен, эфкамон).

Кері көрсеткіштері. Жас балалардың мұрнына жағуға, өңешіне бумен дем алуға болмайды. Өйткені  тынысы нашарлап, демі тоқтап қалуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 1%   вазилин майындағы ерітінді (тамшы); 1 және 2% флакондағы спиртті және майлы (ментол майы) ерітінді 10, 20, 25 және 30 мл және флакон-тамшыда 10 мл; ментол  каламы. 

  Рецепт үлгісі.  Rp.: Sol. Mentholi spirituosae 5%-5 ml        

                                  D.S. 1-2 тамшыдан тілдің астына.  

                                                              #

Rp.: Olеum. Mentholi 2% - 10 ml

D.S. 5-10 тамшыдан мұрынға тамызу үшін.



Аммиак ерітіндісі (SоІ. Ammonii caustici) мүсәтір спирті. Өткір иісі бар, ұшқыш сұйықтық. Тыныс алғанда жоғары тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіріп, тыныстың орталығына қоздырушы әсер береді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел жәрдем ретінде естен танған кезде тынысты қоздыру үшін, мақтаға тамызып мұрынға 1 сек. иіскетеді. Кейде құстыру үшін 5-10 тамшысын 100 мл суға қосып береді. Жәндік шаққанда сыртқа дәріленген дәкені басу ретінде қолданады.

Кері көрсеткіштері. Дерматитте, экземада және тері ауруларында.

Жанама әсерлері. Жоғары шоғырымда тынысты рефлекторлы тоқтатуы мүмкін және өңеш пен асқазанның күйіктерін туғызады.

Шығарылу түрі.  10% ерітінді 10, 40 және 100 мл флаконда және 1 мл ампулада.  

  Рецепт үлгісі.  Rp.:  SоІ.  Ammonii cаustici 1 ml



                                   D.t.d. N. 10 in amp.

                                   S. Есін жиғызу үшін иіскетеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет