Сабақтың тақырыбы: Азаматтық істі сотта қарау Сабақтың типі: аралас Сабақтың мақсаттары



Дата18.08.2020
өлшемі17.9 Kb.
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән: Азаматтық іс жүргізу құқығы

Топ: ҚҚ-311

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық істі сотта қарау

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік:Азаматтық іс қарау сатысының мәні және құрылымы туралы түсінік беріп, оқушыларды сотта іс қарау бөлімдерімен істі қарауды кейінге қалдыру тәртібімен азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы түсінік беру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды өзісіне жауапты, тәртіпті болу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, мәселені шешу жолын іздеуге, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту мен пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке топтық, есеп шығару, өз ара бағалау, «Хат қоржыны».

Пәнаралық байланыс: ҚР конституциялық құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы, отбасы құқығы, Еңбек құқығы, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу т.б.

Сабақтың жабдықтары: сабақтың эпиграфы, сабақ жоспары, презентация «Microsoft Point», жағдаят есептер, таратпа материалдар, кодекс, компьютер, мультимедиалық тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі(3 мин)

Сәлемдесу

Түгендеу


Сабаққа кірісу

2.Үй тапсырмасын тексеру: Фронтальді, топтық әдіс- 30 минут

2.1«Өткенді шолу» сұрақ-жауап(5 мин).

2.2 Тақырыпқа байланысты қысқаша баяндама (5 мин).

Азаматтық істі сотта қарау.

2.3 «Жағдайаттарды шешу» кодекспен жұмыс таратпа материал түрінде есеп (15 мин).



Есеп Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар және олардың субъектілері

Морозова үйге меншік құқығын мойындау жөнінде сотқа талап арызбен барды. Өтінішінде ол 1990 жылы бірінші некеден туған қызы Галинамен (жауапкер) бірігіп сол үйді сатып алғанын жазған. Үй талапкер атына тіркелген, қызымен арасының суып кетуіне байланысты әрі қарай тұра алмайды, сол себепті қызының үлесіне тең сомма ақша беруге келісімді.Сот отырысында Морозова екінші күйеуі тұратын жақтан жаңа пәтер сатып алғысы келетіндігін мәлімдеді. Сондықтан қызынан ақшаны талап етіп отырғанын айтты.



Сот бұл жағдайды қалай шешу керек? Талаптың элементерімен түрлерін атаңыз.

Есеп Азаматтық іс жүргізудегі тараптар

Р. Б. Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды. Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінеді.Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеуі керек? Бұл тарап сотқа қандай дәлелдемелерді көрсетуі қажет(нақты құжаттарды көрсету)?



Есеп Сотта өкілдік

Ханс Кельц Қарағанды облысының Михнево аулында құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Кельц ЖШС «Краснов и К» жүргізушісініңКінәсінен болған жол апатынан ауыр дене жарақатын алды, бұл сот үкімімен айқындалған.Кельц ЖШС -ға зардапты өтеу туралы талап арызын көрсеткен.Сот белгілеуімен өтініш қабылданбады, себебі арызданушы Германия мемлекетінің иазаматы болып табылады, ал ҚР мен Германия ароасында қылмыстық азаматтық істер бойынша көмек көрсету туралы келісім жоқ. Судьяның әрекеті заңды ма?



Есеп іс жүргізушілік мерзімдер

Азамат, Ибраев Серік Сапарұлы әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімін құраңыздар.



Есеп сот шығындары мен айыппұл

Ковшова Марианна Павловна деп жазу орнынаКовшова Марина Павловна деп жазған АХАЖ бөлімінің қателігін анықтау туралы сот шешімін құрастырыңыздар.



Есеп Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу

Дрогова Наталья Ивановна 11 жастағы Ковалев Денисті асырап алу туралы сотқа өтініш жазған. Істі қарау күні Дрогова НИ келген жоқ, ионың орнына өкілі Камалов А.Х келді.Дрогова өз өтінішінде Ковалев Денисқа мұрагерлікке қалған пәтерге меншік құқығын қорғау туралы сұраған.Ковалевтің өзі іске қатысқан жоқ. Сот өтінішщті қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бала асырап алу туралы өтініштің мерзімі қандай?

ҚРАІЖК –нің нормалары бұзылды ма? Бала асырап алу туралы өтінішті құрастырыңыз?

Есеп азаматтық іс жүргізудегі дәледемелер

2001ж.6 шілдесінде Ақсу қаласының аудандық соты Сарсееваның талап арызын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Келіспеген ол шілденің 21-і күні апеляциялық наразылығын почтамен жіберді, облыстық сотқа 24 күні келіп түсті. Сот өтінішті қабылдай ма не қабылдамай ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз. Апеляциялық өтінішті құрастырыңыздар.



Есеп

жеке кәсіпкер Ахметов сізден заң кеңесін алуға жүгінді. Ол заңды тұлғаданбелгіленген вексель қарсылығы бойынша қарызын өндіріп алу үшін сот бұйрығын алу туралы өтінішпен сотқа жүгінгенін айтты.Келесі сұрақтарға жүгініп консультацияны беріп көрініз.Бұл іс экономикалық соттама, әлде юрисдикциялық сотта қаралама? Сотта бұйрық алу үшін жүгіну тәртібі қандай

Жауабы:ҚР АІК бойынша 1). 43-тараудың қадағалау тәртібімен іс жүргізу 384 бап 2 тармақ 2) 385 бап 2 тармақ

2.4 «Хат қоржыны» талап-арыз жазудың үлгілері хаттамалар(өкілдік және сенімхат) - 5 минут бейне суреттен көрсет



3. Жаңа тақырыпты түсіндіру-кестемен -20 мин

Жоспары:


Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы

Істі қарауды кейінге қалдыру

Сот отырысының хаттамасы

3.Сабақты бекіту : (10 мин)






Аты-жөні






Жауабы (+-)

Бағасы

1







2







3







4







3. 1 Сотта іс қарау бөлімдері

3.2 Істі қарауды кейінге қалдыру

3.3 Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

3.4 Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы

3.5 Сот отырысының хаттамасы

4. Сабақты қорытындылау: (2 мин)

«Азаматтық істі сотта қарау» тақырыбы бойынша студенттердің өзін-өзі бағалау парағы

Білемін

Не білдім

Білгім келеді










5. Білімдерін бағалау: (2 мин)

Сабаққа қатысқан және берілген тапсырманы орындаған балаларды сабақ соңында бағалау



6. Үйге тапсырма беру: (2 мин)

- Егембердиев Е.О. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы 168-203 беттер. Азаматтық істі сотта қараутуралы конспект толықтыру.

- ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 175-259 дейінгі баптарды жаттап келу.

- Тақырып бойынша тест сұрақтары мен жағдаят есептер құрастырып келу.



Орал жоғарғы көпсалалы Болашақ колледжінің

арнайы пәндер оқытушысы Шаманаева Арай Қанатқызы

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет