Сабақ жоспары Күні: Сыныбы: 6 Пәні: Әдебиет Сабақтың тақырыбы



Дата03.05.2016
өлшемі45.83 Kb.
түріСабақ
Бабаджанова Ақжарқын Усербайқызы

163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет



пәнінің мұғалімі. Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы.

87029023775. 872435-21564

Сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесінде Қожа бейнесі

Сілтеме

Жоспар



Жалпы мақсаты

Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған шығармасы туралы білім беру
Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.


Күтілетін нәтижелер

  • Повесть бойынша оқушылардың білімі тиянақталады, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйренеді;

  • Өзіндік ой қорыта біледі, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті жетіледі, ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейеді, сабаққа қызығушылығы оянады

  • Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыланады, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі етеді.





Жалпы идея

«...Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап түйгендерімді өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес , өзіме ұқсайды»

Бердібек Соқпақбаев

Ресурстар

Электрондық оқулық , ақын портреті,

постер, маркер, фильм кейіпкерлерінің суреттері




Тапсырмалар

Топпен жұмыс: «Ішкі ой», «Қожаның сұрақтары» әдісі, «Сен, танисың ба?»ойыны

Жеке жұмыс: «Бетпе-бет студиясы» , «Оған лайық па?», деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары




  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сергіту сәті

ә) Топқа бөлу (Жасырылған жемістер арқылы бөлу)



II . Үй тапсырмасын пысықтау.

«Бетпе-бет студиясы» әдісі

Б. Соқпоқбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау.



III. Топпен жұмыс. «Ішкі ой» әдісі

(«Менің атым...» тақырыбында әр оқушы өз ойын жеткізеді)



  • Сендерге қандай есімдер ұнайды?

  • Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

  • Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?

  • «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген). «Шілдехана». Бұл қандай дәстүр?

IV. Жаңа сабақты меңгерту. Жеке жұмыс

«Менің атым –Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.



«Оған лайық па?» әдісі

Бұл әдісте, оқушылардың қолына берілген алғыр, пысық, ақылды, ақкөңіл, тиянақсыз, жағымпаз, өтірікші, шыдамсыз, есті, әділетті, тентек деген сөздерді тақтада ілулі тұрған плакатқа іледі. Әр оқушы өзінің ілген сөзін міндетті түрде қорғайды. Сөйтіп, әр оқушы Қожа бейнесін өздері ашады.



«Мінездеме тақтасы»



V. Сергіту сәті. Ойын.(Әр топтан шыққан оқушы жасырынған суретті көріп, рольді сомдаған кейіпкерлерді табуы қажет)


Сұлтан Р.Мұхамедиярова Жантас





М. Көкенов Б. Римова



Анасы Е. Құрмашев Майқанова


VI. «Қожаның сұрақтары» әдісі Топпен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.

Әр топтан шыққан оқушы жауап беруі тиіс









VII. Деңгейлік тапсырмалар. Жеке жұмыс

А деңгей. « Жақсы бала жеткізеді мұратқа» эссе жазу

С деңгей. Повестен мақал – мәтелдерді табу, оның мағынасын ашу.

В деңгей. Қожаның өзіне жақын көретін кейіпкерлерін атап бер.



VIII. Тест тапсырмасы

  1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» В) «Өзім туралы повесть»

С) «Менің де атым Қожа» Д) «Балалық шаққа саяхат»

2. «Қысқы кешті» айтып 2-лік алған кім?

А) Балабекова В) Тұрсынбаев С) Қара Көже Д) Сары Көже



  1. Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Тұрсынбаева

  1. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

  1. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы



С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д)Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі.



  1. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В)Қожаберген С)Қожатай Д) Қожаберді

7. «Қожаны болашақ С. Мұқановымыз» деген кім?



А) Оспанов В)Майқанова С)Ахметов Д) Сәйбек қарт



  1. Бағалау (суммативті)

  2. Үйге тапсырма. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі

«Бақытты балалық...» эссе жазу, сурет салу


Кері байланыс:

Не ұнады? Менің байқағаным, оқушылар  сыныпта өз пікірлерін ортаға салуға тез үйренеді, әдіс-тәсілдер арқылы талантты және дарынды балалардың да, өзімнің шеберлігім де артуда

Не қиын болды? Сыныптағы С деңгейлік оқушылармен жұмысты нығайту керек. Кейде үздіктерден көшіріп отыруы жиілеп кетеді.

Тілегім. Осы секілді әдіс-тәсілдерді көптеп ойластырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет