Сабақ Бекіту Ой қозғау Суретте көрсетілген график бойынша өткізгіш кедергісінің температуралық коэффициентін анықтау



Дата04.11.2019
өлшемі7.1 Kb.

Үй тапсырмасын тексеру

Есептер шығару

Жаңа сабақ

Бекіту


Ой қозғау

1.Суретте көрсетілген график бойынша өткізгіш кедергісінің температуралық коэффициентін анықтау.

2. 50℃ дағы болаттың меншікті кедергісін табыңдар. 20℃ тағы меншікті кедергісі 12*10-8 Ом, ал температуралық коэффициенті 0,006 К-1

3. Мыс сымның 0℃ тағы кедергісі 4 Ом. Оның 50 ℃ дағы кедергісін тап. α= 4,3* К-1

 

Дұрыс нұсқасын тап.



Суреттерге назар аударайық!!!

Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.



Қыздырғыш электр құралдарының негізгі бөлігі қыздыру элементі. Қыздырғыш элемент меншікті кедергісі үлкен өткізгіштен жасалады. Ол жоғары температураға дейін (1000—1200°С) қызғанда балқымайды.

Нихром


ρ = 1,1 мкОм · м

Нихром мен вольфрамның меншікті кедергілері үлкен, сондықтан олар өлшемі кіші қыздырғыш элемент жасауға ыңғайлы.

Вольфрам

ρ = 53 нОм · м.

Қыздырғыш элемент сым немесе таспа түрінде өткізгіш ыстыққа төзімді материалға (слюда, қыш) оралады.

Мысалы, электр үтігіндегі қыздырғыш элементі — нихромды таспа.

Осыдан жылу үтікке барады.

Қыздыру шамының жұмысы токтың жылулық әсеріне негізделген. Заманауи қыздыру шамының негізгі бөлігі жіңішке вольфрам сым болып табылады . Вольфрам — жоғары температурада балқитын металл. Оның балқу температурасы 3387°. Қыздыру шамындағы вольфрам спираль 3000°С-қа қызады.

Осы температурада ол ақ түске еніп, қатты жарықтанады. Қылсым тез жанып кетпеуі үшін оны ауасы сорылған шыны колбаға салады.

Тізбектің ұштарын кедергісі тізбек бөлігі кедергісінен аз болатын өткізгіштермен жалғауды қысқа тұйықталу деп атайды.

Ашық өткізгіштер бір-бірінен кездейсоқ түйіскенде немесе ток сымдарын жүргізгенде қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

Қысқа тұйықталғанда тізбектің кедергісі бірден азайып, тізбектегі ток күші артады. Салдарынан өткізгіштер қатты қызып, жанып кетеді. Осыны болдырмас үшін сақтандырғыштар қолданылады.

Құрылғы, мәшине, аппараттар, аспаптар, қаружарақ т.б. жұмысын қауіпсіз ету үшін сақтандырғыштар қолданылады.

Сақтандырғыштардың кең таралғаны — балқымалы сақтандырғыштар. Бұл сақтандырғыштар электр жүйесін қысқа тұйықталудан сақтайды.

Желідегі ток күшінің арту себебі қуатты

тұтынушы, мысалы, электр плиталарының бір мезгілде қосылуынан болуы мүмкін.


Бекіту сұрақтары.

  • Өлшемі кіші қыздырғыш элемент жасауға қандай металдар ыңғайлы?
  • Қысқа тұйықталу қай кезде байқалады?
  • Сақтандырғыш не үшін қажет?

1.Электр үтігінің паспортында "220 B, 600 Bт" деп жазылған. Кернеу 220 B желіге 3 сағ бойы қосылған үтік қанша жылу мөлшерін бөледі?

2.Әрқайсысы 6 В кернеуге, 0,6 А ток күшіне есептелінген екі шам 2 мин жанды. Осы уақыт аралығында әр шамдагы жане екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.

4.Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс істегенде, ондағы 5,5 А тоқтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

3.Кедергісі 20 Ом өткізгіштен 5 мин ішінде 300 Кл мөлшерінде электр өтеді. Берілген уақыт мезетіндегі токтың жұмысын есептеңдер.

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет