«Педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасы 044-38/16


Оқытушылар туралы мәліметтер



бет2/4
Дата20.10.2019
өлшемі223.7 Kb.
1   2   3   4

7.Оқытушылар туралы мәліметтер:



Аты-жөні

Дәрежесі Лауазымы

Ғылыми қызығушы

лықтары

Жетістіктері

1

Мустафина К.А.

к.м.н., доцент

педиатрия

Шығарылған мақала саны-50

2

Даниярова Ш.Б.

ассистент

Педиатрия

Шығарылған мақала саны-25

3

Салықбаева Г.О.

ассистент

Педиатрия

Шығарылған мақала саны-3

4

Төлеуова А.Е.

ассистент

Педиатрия

Шығарылған мақала саны-5



8.Байланыс ақпараты: Шымкент қаласы, Облыстық балалар клиникалық ауруханасы. Нұрсәт мөлтек ауданы н/сіз, эл.адрес – ulbalark@mail.ru, тел:40 82 26 2500

9.Пәннің саясаты:

Студент:

1. Сабаққа уақытылы келу керек;

2. Сабаққа арнайы киіммен (форма) келу керек;

3. Пунктуалды және міндетін орындайтын болу керек;

4. Оқу үдерісіне белсенді қатысу тиіс;

5. Оқу кезінде ұялы сымтетіктерін өшіріп қою тиіс;

6. Жіберілген сабақты кафедраның өтем сабақ қабылдау кестесіне сай өтеуі тиіс;

7. Академиялық кезеңнің соңында пән бойынша жалпы жіберу рейтингісі қойылады. Максималды балл -100 (60%), минималды балл – 50 (40%), одан төмен болғанда студент емтиханға жіберілмейді;

8. Кафедра саясатын сақтамағанда айыппұл балы қолданылады:

А) Бір дәріс сабағы себепсіз жіберілсе, айыппұл балы жіберу рейтингісінің 0,66% кемітіледі;

Б) ОСӨЖ сабағына қатысу міндетті. ОСӨЖ бір сабағын жіберген жағдайда жалпы жіберу рейтінгісінен (60% ағымды бақылау есебінсіз) 1,33 балл алынады;

В) СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында орындау керек, өз уақытында орындамаса кешіккен әр аптаға 10% кемітіледі.


2. Бағдарлама

1.Кіріспе

Балалар аурулары пропедевтикасы алғашқы клиникалық сабақ болып, студент оқу барысында науқасты жалпы тексеруді және сырқат балаларды клиникалық тексеру әдісін меңгеру негізінде ішкі ауруларды анықтайды. Балалар аурулары пропедевтикасы–клиникалық медицинаның бастамасы, және науқасты тексеру туралы білім, бірінші кезекте науқастарды физикалық тексеру және білім және сұрастыру дағдысын меңгеру, барлық мамандық бойынша клиникалық дәрігерлік компетенцияны құру.

Негізгі жағдай тұрақты білім қалыптастыру мен дәрігерлікке дайындау бастапқы пәндердің білімімен қосарланған (қалыпты және патологиялық анатомия, қалыпты және патологиялық физиология, гистология, биохимия, фармакология және т.б.) тәжірибелік және машықтық дағдылар, оқуды өту барысындағы клиникалық пәндер.

Балалар аурулары пропедевтикасын оқыту барасында студент, біріншіден дәрігер клинист клиникалық компетенциясының құрылуына, базалық пәннің мәні мен қажеттілігін түсінеді, сонымен қатар науқасты тексеру және клинист ішкі ағзалардың ауруларын диагностикалауда және науқасты тексеруде базалық біліміне сүйенеді.



2.Пәннің мақсаты: тексеру жоспары туралы толық ойлаудың қалыптасуы, ішкі ағза ауруларының және жүйелердің симптомдары және синдромдары, балалар аурулары пропедевтикасын оқытудың соңғы нәтижесі бастапқы пәндерді оқытумен бірге негізделеді.

3.Оқытудың міндеттері:

  • дәрігерге алғаш рет қаралған науқасты тексерудің әдісін үйрену;

  • физикалық тексеру әдісін орындаудың техникасын үйрету ( сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация);

  • науқасқа қосымша тексеру жоспарын құруды үйрену (лабораторлы, аспаптық);

  • клиникалық диагнозды негіздеуді дағдыланып үйрену;

  • лабораторлы-аспаптық тексеру әдісінің нәтижесін интерпретация жасауды дағдыланып.

4. Бірінші деңгейдегі Дублин дескрипторымен мақұлданған оқытудың соңғы нәтижесі(бакалавриат):

1)Білім мен түсінік (оқытуды ұйымдастыру және балалар ішкі аурулары туралы түсінік):

- физикалық әдіс деректерінің қалыпты және патологиясын тексеру;

- ішкі ағза ауруларының негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдарын;

- ішкі ағзалардың зақымдануында дамыған клиникалық симптомдардың механизмін базалық пәндерден алған білімінің негізінде интеграциялау:

- ішкі ағза ауруларының клиникалық көрінісін, алдын-алу және емдеу шараларын;

- кейбір кезек күттірмейтін жағдайларда негізгі медициналық көмек көрсетудің принциптерін;



2) Білімі мен түсінігін қолдану (осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу): - негізгі клиникалық тексеру әдісін тәжірибеде тыныс алу, жүрек-қан тамыр, асқорыту, зәр шығару, эндокрин, қимыл-қозғалыс, қан жасау, жүйке жүйелері бойынша ауыратын науқасқа қолдану;

- ішкі ағзалардың ауруларының негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтауда;

- ішкі ағзалардың ауруларымен науқасты лабораторлы және аспаптық тексеру жоспарын құру, сонымен қатар тәжірибеде кең қолданылатын параклиникалық тексеру әдістеріне интерпретация жүргізу (қанды, зәрді, қақырықты клиникалық зерттеу; қанды биохимиялық зерттеу; кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы, ЭКГ, ЭхоКГ, УДЗ ішкі ағзалардың, өңеш, асқазан, ішекті эндоскопиялық тексеру әдісі);

- дәлелді медицинаның негізгі принциптерін, ҚР ДСМ емдеу және диагностикалаудың клиникалық хаттамасын есепке ала отырып негізгі патологиялық синдромдар және ішкі ағзалардың ауруларын емдеудің жоспарын өңдеу;

- медициналық жұмысшының қабілеттілігін регламенттеу, нормативті құжаттармен жұмыс.

3)Дәйектемелер құрастыру (дәйектемелер құрастыру және ішкі аурулар саласындағы мәселелерді шешу):

- ішкі ағзалар мен жүйелердің аурулары клиникалық тексерудің негізгі әдісінен жиналған материалдардан дәйектемелер құрастыру;

- ішкі ағзалар ауруларының негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтаудадәйектемелер құрастыру;

- ішкі ағзалардың кезек күттірмейтін жағдайларда медициналық көмек көрсету принциптеріне жеке қорытынды құрастыру.

4)Оқу дағдысы немесе оқуға қабілеті (әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру):

- ішкі ағзалар мен жүйелердің ауруларымен ауыратын науқастарды лабораторлы және аспаптық зерттеу әдісінің жоспарын құру үшін ақпаратты жинауда керативті ойлауды қолдану;

- лабораторлы және аспаптық зерттеу әдісін интерпретациялауда керативті ойлауды қолдану;

- ішкі ағзалар ауруларының емдеудің жоспарын құруда керативті ойлауды қолдану.



5)Коммуникативтік дағдылар (ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді):

- шартты клиникалық тәжірибеде науқаспен коммуникациялық принциптерді меңгеру, сәйкес білімділікті көрсетеді.

Реквизитке дейінгі: қалыпты физиология, анатомия, патологиялық физиология және патологиялық анатомия.

Реквизиттен кейінгі: ішкі аурулар негізі, жұқпалы аурулар, хирургиялық аурулар негізі.

5.Пәннің қысқаша мазмұны:

Балалар аурулары пропедевтикасы–клиникалық медицинаның бастамасы болып, және науқасты тексеру туралы білім, бірінші кезекте, білім және балаларды физикалық тексеру және сұрастыру машығы, балалар дәрігерінің клиникалық компетенциясын құрастыру қажет.



6. Тақырыптық жоспар:

Дәрістің тақырыптық жоспары:




V-семестрдің тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)



1

Балалар аурулар пропедевтикасына кіріспе. Балалық жастың кезеңі. Физикалық дамуы. Әртүрлі топ жастағы ауру балаларды сұрастыру және жалпы қарау.

Педиатрияның жалпымедициналық білім берудегі мәні. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Қазақстанда педиатрияның негізгі тарихи даму этаптары. Балаларға емдік-профилактикалық көмек көрсетудің әдістері және ұйымдастыру шаралары.

Сырқатнаманың сызбанұсқасы. Ауру балаларды клиникалық зерттеу әдістерінің диагностикалық мәні. Сұрастыру немесе медициналық сұхбат; баладан және/ немесе ата-анасынан дұрыс анамнез жинау.

Әртүрлі топ жастағы балаларды физикалық зерттеу әдістері: әртүрлі жастағы балаларды жалпы қарау;

әртүрлі жастағы балаларды жалпы қарау ережелері мен реті: жағдайы, санасы, төсектегі қалпы; дене бітімі; басты, бетті, көздерді, теріні, шырышты қабаттарды, теріасты май қабатын, тырнақтарды, шашты, лимфа түйіндерін, сүйек бұлшықет аппаратын, буындарды қарау.



шолу


2

2


Балалардағы тыныс алу жүйесі ауруларының пропедевтикасы. Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар балаларды сұрастыру және қарау. Диагностикалық мәні.



Респираторлы жүйенің даму сатылары. Алғашқы тыныс алудың механизмі. Балалардағы тыныс алу жүйесінің жастық ерекшелігінің клиникалық мәні.

Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар балалардың шағымдары мен анамнезі.

Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар балалардың қарау: жастық көрсеткішке сәйкес сыртқы тыныс жағдайын бағалау.


шолу


2


3

Дені сау және сырқат балалардың тыныс алу жүйесінің физикальді зерттеу әдістері. Кеуде торшасының пальпациясы. Өкпе перкуссиясы.


Балалардың тыныс алу жүйесінің физикальді зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. Кеуде торшасының пальпациясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия. Ерте жастағы балалардың өкпе перкуссиясының ерекшеліктері.

Аускультация. Пуэрильді тыныстың механизмі мен оның пайда болу мерзімі және везикулярлы тынысқа ауысуы. Тереңдігі, жиілігі, тыныстың минуттық көлемі, шекті және қалдық тыныс.



шолу


2


4

Әртүрлі топ жастағы балалардың тыныс алу жүйесінің физикальді зерттеу әдістері: аускультация техникасы және ережесі, қалыпты жағдайда балаларда негізгі тыныстық шулардың туындау механизмі.


Әртүрлі топ жастағы балалардағы өкпе аускультациясының әдісі: ережесі, реттілігі және өкпе аускультациясының техникасы; қалыпты тыныстық шулар, оның түрлері: -везикулярлы тыныс - түзілу механизмі, сипаттамасы, тыңдау орындары,өзгеріс түрлері, өзгерістердің физиологиялық себептері; бронхиальді тыныс – түзілу механизмі, сипаттамасы, тыңдау орындары, өзгеріс түрлері, тән емес орындарда тыңдау.

шолу



2


5


Тыныс алу жүйесінің физикальды зерттеу әдістері: әртүрлі топ жасындағы балалардағы қосымша тыныстық шулар. Диагностикалық мәні.

Өкпе аускультациясы: балалардағы қосымша тыныстық шулар. Сырылдар: құрғақ және ылғалды. Крепитация, түрлері. Плевра үйкелісінің шуы. Пайда болу механизмдері.Жастық көрсеткішке сәйкес диагностикалық мәні.

шолу


2


6

Жүрек- қантамыр жүйесінің патологиясы бар балаларды сұрастыру. Жүрек аймағын қарау және пальпациялау: ерте жастағы балалардағы жүрек ұшының соққысы.



Әртүрлітоп жастағы балалардағы жүрек қантамыр жүйесінің негізгі даму сатылары. Жүрек -қантамыр жүйесінің жастық ерекшелігінің клиникалық мәні.

Жастық көрсеткішке сәйкес физиологиялық жағдайда жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық зерттеу әдісі. Балалардағы жастық көрсеткішке сәйкес қарау әдістері, жүрек пальпациясы және перкуссиясы.



шолу

2

7

Дені сау және ауру балалардағы жүрек- қантамыр жүйесін тексеру әдістері: жүрек перкуссиясының техникасы мен ережесі.

Балалардағы жүрек перкуссиясының ерекшелігі.

Балалардағы түрлі жастық кезеңдегі жүректің абсолютті тұйықтығының шекаралары.




шолу


2


8

Дені сау және ауру балалардағы жүрек- қантамыр жүйесін тексеру әдістері: ірі және шеткі тамырларды қарау және пальпация.Артериялық пульсті, оның қалыпты жағдайдағы қасиеттерін зерттеу.


Әртүрлі топ жастағы балалардағы тамырлық қысым және пульсті тексерудің ерекшелігі. Балаларда әртүрлі жастық кезеңдерде артериялық қысымның көрсеткіштері мен жүрек ритмінің ерекшеліктері.







9

Дені сау және ауру балалардағы жүрек- қантамыр жүйесін тексеру әдістері: балалардағы жүрек- қантамыр жүйесің аускультациясының техникасы және ережесі. Балалардағы жүрек тонының сипаттамасы.


Балалардағы жүрек аускультациясының әдісі.

Балалардағы жүрек аускультациясының ерекшелігі.

Балалардағы жастық ерекшелігінің көрсеткіштеріне сәйкес кеуде қуысының алдыңғы аймағында қақпақшалардың проекциясын анықтау.


шолу


2


10

Жүрек- қантамыр жүйесін тексеру әдістері: жүрек тондарының патологиялық өзгерісі. Жүрек шулары. Диагностикалық мәні.

Әртүрлі топ жастағы балалардағы жүрек аускультациясы. Әртүрлі топ жастағы балалардағы Отличия функциональды және органикалық шулардың ерекшелігі.


шолу




11

Балалардағы асқорыту жүйесі ауруларының пропедевтикасы. Асқорыту жүйесінің патологиясы бар балалардың анамнезі және шағымдарын жинау.

Асқорыту ағзаларының жастық ерекшеліктегі клиникалық мәні.

Жастық ерекшеліктеріне сейкес асқорыту ағзаларында дамыған асқорыту жүйесінің патологиясы бар ауру балаларды сұрастыру. Әртүрлі топ жастағы балаларда физиологиялық жағдайда асқорыту жүйесін физикалық зерттеу әдістері.



шолу


2


12

Балаларда асқорыту ағзаларын тексеру әдістері. Асқорыту жүйесінің патологиясы бар ауру балаларды жалпы қарау. Іштің беткей және терең пальпациясын жүргізу ерекшелігі.


Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды обьективті тексеру әдістері. Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды қарау:әртүрлі жастағы балалардағы жұтқыншақ және ауыз қуысы ағзаларын қарау әдістері. Әртүрлі топ жастағы балалардағы іш аймағын тексерудің әдістері: тік тұру және жатқан қалыпта қарау, пальпация, перкуссия, аускультация. Образцов әдісі бойынша іштің терең пальпациясы. Бауырдың пальпациясы мен перкуссиясы.

шолу


2


13

Зәр шығару жүйесі және сыртқы жыныс мүшелерінің патологиясы бар балаларды тексеру әдістері.

Зәр шығару жүйесі ағзаларының жастық ерекшелігінің клиникалық мәні. Әртүрлі топ жастағы балалардағы зәр шығару жүйесі ағзаларын тексерудің ерекшелігі. Зәр шығару жүйесі патологиясы бар балалардың анамнезі және шағым жинау әдістері мен ережелері.

шолу



2


14

Зәр шығару жүйесін физикалық тексеру әдісі.

Балалара жастық ерекшеліктеріне сәйкес физиологиялық жағдайда зәр және жыныс ағзалары жүйесінің физикалық тексеру әдістері. Балаларда бел аймағын қараудың әдістері. Балаларда зәр шығару жүйесін тексеру әдістері.


шолу


2


15

Қан жасау жүйесінің патологиясы және қан аурулары бар балаларды тексеру әдістері.

Қан және қан жасау ағзаларының жастық ерекшелігінің клиникалық мәні.

Әртүрлі топ жастағы балаларда перифериялық қан құрамының ерекшелігі. Дені сау баладағы перифериялық қан және миелограмма көрсеткіші. Балалардағы қан ұю жүйесінің ерекшелігі. Қан аурулары және қан жасау жүйесінің патологиясы бар ауру балаларды тексеру әдістерінің ерекшелігі.



шолу

2


16

Зат алмасу және эндокрин жүйесі ауруларының пропедевтикасы.Балардағы эндокрин жүйесін тексеру әдістері.


Эндокрин жүйесінің жастық ерекшелігінің клиникалық мәні.

Зат алмасу және оны реттеудегі жастық ерекшелігінің клиникалық мәні. Әртүрлі топ жастағы балаларда зат алмасу және эндокрин жүйесі тексеру тәсілінің ерекшелігі.

Балалардан анамнез және шағым жинау әдістері мен ережелері. Антропометрия жүргізу. Физикалық дамуды бағалау (центильді кесте,формула, график бойынша).








17

Балалардағы сүйек –бұлшықет жүйесін тексеру әдісі.

Сүйек –бұлшықет жүйесің жастық ерекшелігінің клиникалық мәні. Үлкен еңбектің жабылу және де сүт және тұрақты тістердің шығу мерзімі мен реттілігі. Балалардағы сүйек –бұлшықет жүйесін тексеру әдісі.

шолу


2


18

Балалардағы орталық жүйке жүйесін тексерудің әдісі. Балаларда және нәрестелерде шартты және шартсыз рефлекстерді тексеру ерекшелігі.



Балаларда орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) морфологиялық және функциональды ерекшелігінің клиникалық мәні. Туылғаннан кейін баладағы ОЖЖ құрылысының дифференцировкасы және өсуі. Балаларда ОЖЖ анатомо-физиологиялық ерекшелігіне байланысты нерв-психиканың дамуы. Нәрестелердегі шартты және шартсыз рефлекстер.

шолу


2


V-семестр бойынша барлығы:




36



VІ-семестрдің тақырыбы

Қысқаша мазмұны

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

(сағат түрінде)

19

Балалардағы тыныс алу жүйесінің зақымдануының негізгі клиникалық синдромдары.

Балалардағы бронхострукция синдромы.



Әртүрлі топ жастағы балалардағы тыныс алу жетіспеушік синдромы.

Себептері. Балалардағы симптомдары. Балалардағы негізгі диагностикалық әдістері.

шолу



1


20

Балалардағы жүрек –қантамыр жүйесі зақымдануының негізгі синдромы.

Себептері. Балалардағы симптомдары. Балалардағы негізгі диагностикалық әдістері.

шолу



1


21

Балалардағы асқорыту жүйесі зақымдануының семиотикасы мен негізгі синдромы.

Себептері. Балалардағы симптомдары. Балалардағы негізгі диагностикалық әдістері.

шолу



1


22

Балалардағы зәр шығару жүйесі зақымдануының негізгі синдромы.

Себептері. Балалардағы симптомдары. Балалардағы негізгі диагностикалық әдістері.

шолу


1


23

Балалардағы қан жасау және эндокрин жүйесі зақымдануының негізгі синдромы.

Себептері. Балалардағы симптомдары. Балалардағы негізгі диагностикалық әдістері.

шолу


1


24

Балалардағы орталық жүйке жүйесі және қимыл-қозғалыс жүйесі зақымдануының негізгі синдромы. Тырысу синдромы.

Себептері. Балалардағы симптомдары. Балалардағы негізгі диагностикалық әдістері.

шолу



1


VІ-семестр бойынша барлығы:







6

Қорытынды:







42


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет