«Қонақжайлылық индустриясы негіздері» пәні



Дата07.09.2020
өлшемі494.45 Kb.

«Қонақжайлылық индустриясы негіздері» пәні

  • Курс мақсаты:Қонақжайлылық индустриясы экономиканың ерекше саласы ретінде қарқынды дамуда. Ол дамудың әлеуметтік-экономикалық деңгейін, Қазақстандағы, сонымен қатар дүниежүзілік жалпы қоғамдағы экономика деңгейін көрсетеді.
  • «Қонақжайлылық индустриясының негіздері» негізгі пән болып табылады және студенттердің мейрамхана және қонақүй аясындағы білімін толықтырады.

Міндеттері:

  • қонақжайлылық индустриясы және қызмет саласы туралы түсінік пен анықтаманы қалыптастыру; ­
  • қонақ үй және мейрамхана саласының ұйымдық құрылымы туралы білімді қалыптастыру; ­ қонақ үй мекемесінің құрылымын түсіну; ­
  • қонақ үй бизнесі мен түрлі қонақ үйлерді ұйымдастырудың үлгісі туралы тұжырымдаманы қалыптастыру;
  • ­ қонақ үйлердің инженерлік жабдықтарын білу; ­
  • әлемдік тамақ өнеркәсібі дамуының негізгі кезеңдерін білу;
  • ­ қонақүй бизнесінде персоналды басқару туралы түсінік қалыптастыру; ­
  • сервистың психологиялық мәдениетін білу; ­
  • мейрамхананың және қонақ үй персоналына қойылатын негізгі талаптар; ­ қызметтерді құру және жылжытуда кәсіби қызметтің дағдыларын дамыту.

«Қонақжайлылық индустриясының негіздері» курсын меңгеру барысында студенттер:

  • қонақжайлылық индустриясының құрылымын қарастырады;
  • қонақ үйдегі технологиялық цикл;
  • заманауи қонақ үйдің басқару жүйесі;
  • қонақжайлық индустриясының құрылымындағы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары;
  • қоғамдық тамақтану мекемелерінде қызмет көрсету әдістері мен тәсілдері;
  • қонақжайлық саласындағы қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету;
  • қонақжайлылық индустриясында ақпараттық технологиялар және көлік жүйесі.

Қонақжай индустриясы: түсінігі, мәні, құрылымы

  • Дәріс жоспары:
  • 1.Қонақжай индустриясының мәні, ерекшеліктері, сегменттері
  • 2.Қазақстандағы қонақ үй және мейрамхана индустриясының даму сатыларының сипаттамасы
  • 3. Әлемдік қонақжайлылық индустриясының даму перспективалары
  • Әдебиет: негізгі: 1,2,3,5,7 қосымша: 1,3,5

Семинар сабағының жоспары

  • 1. Экономика саласы ретінде қонақжай индустриясының құрылымы
  • 2. Қонақжайлылықтың американдық моделі
  • 3. Қонақүй және мейрамхана бизнесінің еуропалық үлгісі
  • 4.Азиялық қонақ үй индустриясы
  • 5.Шығыс Еуропа, Ресей және ТМД елдерінің қонақ үй нарығы
  • 6. Қазақстандағы қонақ үй және мейрамхана саласының даму кезеңдері
  • 7. Әлемдік қонақжай индустриясының қазіргі заманғы дамуы
  • 8. Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарын жаңарту

СӨЖ тапсырмалары:

  • Қонақүй тізбегін,жұмыс істеу ерекшеліктерін талдау және сипаттау. Американдық қонақжайлылық моделін, мейманхана және мейрамхана бизнесінің еуропалық моделін, Азия қонақ үй индустриясын құру. Қазақстандағы қонақ үй және мейрамхана саласының дамуының генезисін зерттеу.

ОСӨЖ тапсырмалары:

  • Баяндама немесе презентацияларды қорғау:
  • 1. Қонақжайлылықтың еуропалық және американдық үлгілері
  • 2. Қонақ үй және мейрамхана индустриясының дамуы
  • 3. Әлемдік индустрияның даму ерекшеліктері

Сұрақтар:

  • 1. Әр түрлі елдерде қонақжайлылық ерекшеліктері туралы айтып беріңіз.
  • 2. Ежелгі Ресейде және қазіргі Ресейде қонақжайлылықтың ерекшеліктері қандай?
  • 3. Еуропадағы және Америка Құрама Штаттарында қонақ үй бизнесін дамытуды сипаттаңыз.
  • 4. Еуропалық асхананың қалыптасу дәуірін қарастырайық (1375 г – алғашқы аспаздық кітаптың шығарылымы).
  • 5. Қонақжайлылық қызметтерін ұйымдастырудың ағылшын түрінің мәні қандай?
  •  


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет