Мемлекеттік орган



бет1/17
Дата02.05.2016
өлшемі2.35 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Мемлекеттік орган

____Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ______

(әзірлеуші-мемлекеттік органның атауы)

2014-2018 жылдарға арналған

(жоспарлық кезеңі)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген

құқықтық немесе нормативтік құқықтық актінің атауы)

_ 20114_жылғы « 5 » желтоқсандағы 299

бұйырығымен бекітілген

стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы жедел есебі
Есеп беру кезеңі:__ 2014 жылы ___
Мақсаттардың, тапсырмалардың, мақсаты индикаторлардың,

іс-шаралардың және нәтижелер көрсеткітерінің жетістігі
Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға,
іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету


1.1-мақсат: Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары: 001, 009, 010, 011, 012, 014, 015, 016, 017, 023, 104


Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең


Қол жеткізілмеу себептері


жоспар

дерек




1

2

3

4

5

6

  1. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

Стат.

деректер


жыл

71

-

Деректер жоқ (Статистика комитеті ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырады)

  1. Жалпы өлім-жітімді төмендету

Стат. деректер

1000

тұрғынға


7,62

7,65


Болжамға қол жеткізілетін болады (Статистика комитеті ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырады)

  1. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

100

99

Қол жеткізілді

  1. Нәресте өлімі бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

96

81

Қол жеткізілді

  1. Туберкулездің таралуы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

104

102

Қол жеткізілді

  1. Туберкулездің бизнеске орта мерзімді әсері бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

110

111

Қол жеткізілген жоқ

  1. АИТВ-ның таралуы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ

деректері



позиция

44

1

Қол жеткізілді

  1. АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске орта мерзімді әсері бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

74

81

Қол жеткізілген жоқ

  1. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

28

40

Қол жеткізілген жоқ

  1. Мемлекеттік шенеуніктердің шешімдер қабылдаудағы фаворитизмі бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

76

76

Қол жеткізілді

  1. Саясаткерлерге қоғамдық сенім білдіру бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

34

34

Қол жеткізілді

1.1.1-міндет. Аурулар профилактикасына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәсілдерді жетілдіру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

1

2

3

4







  1. Халық арасында темекі шегушіліктің таралуы

ДСӘДМ

деректері



%

18,2

-

Деректер жоқ. Әлеуметтік сауалнама

үш жылда бір рет жүргізіледі



  1. Халық арасында алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуы

ДСӘДМ деректері

%

14,0

-

Деректер жоқ. Әлеуметтік сауалнама

үш жылда бір рет жүргізіледі



  1. Халықты скринингтік тексеріп-қараумен қамту

ДСӘДМ деректері

нысан

халық


%

70

70

Қол жеткізілді

  1. ҮЕҰ-мен бірлесіп е іске асырылатын әлеуметтік –маңызды жобалардың жалпы саны

ДСӘДМ деректері

бірлік

9

9

Қол жеткізілді

  1. Жастардың жалпы санынан Жастардың денсаулық орталықтарының қызметімен қамтылған жастардың үлесі

ДСӘДМ деректері

%

6,0

6,8

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

1

2

  1. Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру және мониторингілеу

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде скринингтердің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарлама жетілдірілді. 2014 жылы сүт безі, жатыр мойны обырына, колоректальды обырға, қуықасты безі обырына, өңеш және асқазан обырына, гепатоцеллюлярлы обырға 2013 жылдан бастап скрининг жүргізілетін 6 өңірге қосымша 5 өңірде (Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қстанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) скринингтер басталды. 2015 жылдан бастап аталған скринингтер бүкіл республика бойынша енгізілетін болады.

Бұдан өзге, қазіргі уақытта ҚР ДСМ 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына 2015 жылдан бастап 18-25-30-35 жас ерекшелік санаттарын қан айналым жүйесі ауруларына (бұдан әрі – ҚАЖ) скринингтен алып тастау, сондай-ақ МСАК сақтығын арттыру мақсатында ҚАЖ қатерін бағалауға арналған SCORE жүйесін енгізу бөлігінде толықтырулар енгізілуде.

Бұдан өзге, жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының 17 және одан жоғары жастағы оқушыларыдың арасында психобелесенді заттарды тұтыну қатерінің мінез-құлық факторларын ерте анықтауға жаңа скрининг енгізілді.

Халықтың нысаналы топтарының скринингтерінің әдістемелік нұсқауларына және талдауға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі кеңейтілді, сондай-ақ халықтың нысаналы топтарына профилактикалық қарап-тексеріп енгізу бойынша фунционалдық міндеттер айқындалды.

Мониторингті Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы жүзеге асырады. Мониторинг нәтижелері бойынша 2014 жылы 7,6 млн. скрининг зерттеулер жүргізілді, 2,4 млн. адам қамтылды, сырқаттанушылығы бар 243,4 мың адам анықталды (10,0 %), скринингтік зерттеулердің тиімділігі 10 %-ды құрады, сауықтыру және кейіннен бақылау мақсатында 230 мыңнан астам адам диспансерлік есепке алынды.


  1. МСАК объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

Аталған іс-шараны іске асыруға 2014 жылы 6 өңірдің қалалық және аудандық емханалары үшін 206,9 млн.теңге сомаға рентгенологиялық жабдық (рентгенаппараттары, стационарлық және жылжымалы флюорографтар) сатып алынды.

  1. МСАК деңгейінде әлеуметтік қызметкерлер институтын дамыту

Мемлекетітк бағдарлама шеңберінде алғашқы денсаулық сақтау жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап құрамында 2188 әлеуметтік қызметкер әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыс істейдіжәне 731 психолог бар, ол 2013 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.

  1. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу

2014 жылы «Пилоттық өңірлерде созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) енгізу туралы» ҚР ДСМ 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 211 бұйрығына сәйкес 2 пилоттық өңір Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының 7 емханасында артериялдық гипертензия, қант диабеті және жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі сияқты 3 нозология бойынша АББ енгізу жалғасын тапты. АББ-лар мақсаты медицина қызметкерлері мен пациент арасындағы денсаулыққа жауапкершілікті бөле отырып, пациент бағдарланған модел құру болып табылатын дәрігер мен пациенттің арасындағы әріптестік қарым-қатынасқа негізделген, бұл ретте күтілетін нәтижелер созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуын болдырмау, шығыстарды төмендету, дәрілік препараттарды пайдалану тиімділігін ұлғайту болып табылады.

АББ барлық қатысушыларымен АББ-ға қатысу туралы келісімдер, АББ қатысушысының бақылау парағы және пациенттің күнделігі жасалды. Үйлестіру Кеңестері құрылды.

АББ жөніндегі үйлестіру кеңестері құрылды, 2014 жылғы желтоқсанда ұйымдастырушылық мәселелер талқыланған бірінші отырыс өтті. Іс-шараларды тиімді іске асыру мақсатында ұлттық үйлестіру кеңесімен бірге орталықтың 2015 жылға арналған жқмыс жоспары әзірленді.

Халықты АББ енгізу туралы хабардар ету үшін «Казахстанская правда» газетінде (2014 жылғы 26 қарашада №231 (27852) «Управление болезнью» мақаласы жарияланды. Жұмыс жалғасуда.



  1. Амбулаториялық деңгейде науқастарды диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру

Клиникалық хаттамаларды (бұдан әрі – КХ) әзірлеу және қайта қарау денсаулық сақтау саласындағы негізгі басым бағыттар, сондай-ақ кездесетін аурулардың жиілігі ескеріле отырып жүргізілді. ҚР ДСМ бұйрықтарымен жұмыс топтарының құрамдары және 2014 жылғы 1 және 2-жартыжылдықтарында әзірлеуге және қайта қарауға арналған КХ тақырыптарының тізбесі бекітілді (ҚР ДСМ Жауапты хатшысының 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 177 және ҚР ДСМ 2014 жылғы 13 қазандағы № 139 бұйрықтар).

2014 жылы КХ базасын жетілдіру шеңберінде 255 КХ қайта қаралып әзірленді.



  1. Азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру тетіктерін әзірлеу

Азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақату жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасына азаматтардың ғана емес, жұмыс берушілердің де денсаулықты ынтымақты ортақ жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған мынадай жасау нормалар енгізілді:

1) 155-бапта – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті медициналық қараудан-тексеріп, профилактикалық қараудан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеу;

2) адамдардың профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтуі үшін жағдай жасауға жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігін қалыптастыру тәртібін бекіту;

3) пациент пен денсаулық сақату субъектісінің арасында ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шарт жасалды.

Қазіргі уқатыта Заң жобасы ҚР Парламентінің Сенатында.


  1. Жастардың денсаулық орталықтарында саламатты өмір салты аспектілері және аурулардың профилактикасы бойынша таралған ақпараттық-оқу материалдарының саны

Жастар денсаулық орталықтарының (бұдан әрі – ЖДО) саны 2014 жылы – 87, оларда 487,0 мыңнан астам салауатты өмір салты аспектілері және аурулардың профилактикасы бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Барлығы ЖДО-ларға 298,8 мыңнан астам адам жүгінген.







1.1.2-міндет. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті

кезең

Қол жеткізілмеу себептері

жоспар

дерек

1

2

3

4

5

6

  1. Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.

деректер


100 мың халыққа шаққанда

205,9

168,41
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.

деректер


100 мың халыққа

95,8

91,79
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. Жарақаттардан, жазатайым оқиғадан және уланудан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.

деректер


100 мың халыққа

92,1

87,86
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. Туберкулезден болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.деректер

100 мың халыққа

5,5

4,7
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халыққа

71,4

66,4
(алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. АИТВ инфекциясын 15-49 жастар тобында таралуын 0,6-дан асырмай ұстау

ДСӘДМ деректері

%

0,6

0,168 (алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. І-II кезеңде анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағын арттыру

ДСӘДМ деректері

%

55,1

55,4

Қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

  1. Қатерлі ісіктері бар науқастардың 5-жылдық өміршеңдік үлес салмағын арттыру

ДСӘДМ деректері

%

50,6

50,2

99,2% -ға қол жеткізілді (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)

  1. 15-17 жастағы балалар арасындағы суицидті төмендету

Стат.деректер

%

17,5

16,1
(10 ай алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. Психологиялық бұзылуларымен және мінез-құлықтық бұзылулармен бірінші рет сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халыққа

90,0

59,0
(9 ай алдын ала деректер)

Қол жеткізілді, өйткені динамика –

оңды нәтиже көрсетті (түпкілікті деректер ағымдағы жылғы мамырда қалыптастырылатын болады)



  1. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің жиынтық көлемінде стационарды алмастыратын технологиялардың үлес салмағын ұлғайту

ДСӘДМ деректері

%

30

31,4

Қол жеткізілді

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінде енгізілген инновациялық медициналық технологиялардың саны

ДСӘДМ деректері

бірлік

14

14

Қол жеткізілді

  1. Даярлаудан және қайта даярлаудан өткен онкологиялық қызмет мамандарының саны

Ел ішінде

ДСӘДМ деректері

146

146

Қол жеткізілді

Шет елде

ДСӘДМ деректері

97

107

Қол жеткізілді

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

Орындау

  1. Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау және емдеу стандарттарын жетілдіру және енгізу

Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау мен емдеу стандарттарын жетілдіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 желтоқсандағы № 759 бұйрығымен (ҚР Әділетминінде 2014 жылғы 29 қаңтарда № 9108 болып тіркелді) ҚР халқына, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық әлеуметтік оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты әзірленіп бекітілді, енгізу 2014 жылдан басталды. Науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған кешенді медициналық қызметтер ретінде медициналық оңалту көрсету тәртібін регламенттейді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен (бұдан әрі - КДК\АДК ТБ) науқастарды емдеу схемасы мен режимі жөніндегі нұсқаулық бекітілді.



Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет