«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер



бет1/3
Дата03.04.2016
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 5 қыркүйектегі

1153 қаулысымен



бекітілген

 


«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 32-1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасының (бұдан әрі - Қағидалар) 28-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:



1) кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік);

2) куәлікке қосымша парақ;

3) мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) ХҚО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде куәлікті және куәліктің телнұсқасын беру 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды уәкілетті органға жеткізудегі 2 күн және ХҚО-ға орындалған құжаттарды жеткізудегі 2 күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) ХҚО облыстық бөліміне жүгінген кезде куәлікті және куәліктің телнұсқасын беру 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы Стандартқа 11-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

4) куәлікті алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексімен (Салық кодексі) белгіленген жеке тұлғалар бір айлық есепті көрсеткіш көлемінде құралады (бұдан әрі - ЕАК), заңды тұлғалардан (5 бес ЕАК), телнұсқа беру - 0,5 ЕАК. Кеме немесе жасалынып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алуға алым алынбайды.

9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет орталықтың белгіленген жұмыс кестесі бойынша түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ның күту залы бар, дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылар үшін пандуспен жабдықталған ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, бланктердің толтыру үлгілері бар стенділер орналастырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мыналарды ұсынады:

1) куәлікті алу үшін:

жазбаша өтініш, оның ішінде көрсетілетін:

кемені сәйкестендіретін (кеменің атауы, тіркеу нөмірі, тіркеу орны, тіркелім нөмірі, типі және класы, кеме тоннажы) немесе жасалып жатқан кемені сәйкестендіретін деректер (кеме жасау жүзеге асырылатын орын, жасау нөмірі, кеме типі, кильдің ұзындығы және басқа да негізгі өлшемдер, тіркелім нөмірі).

ипотека кепіл берушінің аты мен мекенжайы;

ипотеканың кепіл ұстаушысының аты және мекенжайы немесе оның ұсынушыға белгіленгені туралы мәліметтер;

ипотекамен қамтамасыз етілген міндеттемелердің ең жоғарғы көлемі ипотека әрбір кемемен жекеше ол туралы тараптардың келісімі болса екі немесе одан көп кемелер немесе жасалып жатқан кемелер көлемін белгілеу кезінде;

кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күні;

кеме ипотекасы туралы келісімшарттың көшірмесі, осы келісімшартта көрсетілген құжаттармен бірге (салыстырып тексеруге түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда, нотариалды куәландырылған).

кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және куәліктің телнұсқасын беру үшін алым сомасын төлемін бюджетке төленгенін растайтын құжат (кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты алуға алым алынбайды).

2) куәлікке қосымша парақты алуға:

еркін түрдегі өтініш;

кеме ипотекасы туралы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің қосымша келісімшарт, осы қосымша келісімшартта көрсетілген құжаттармен бірге.

12. Қызмет көрсетуді ұсыну өтініші ХҚО еркін түрде беріледі.

13. Құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы іске асырады.

14. Құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:



1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, жеке келуі кезінде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша жүзеге асырады.

16. Куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беруден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге берген құжаттарының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес келмеуі болып табылады.

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.

 

 



4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 



5. Шағымдану тәртібi

 

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.



Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

 

«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу»



мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының

тізбесi

 


Р/с



Бөлімше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95

8 (7132) 54-29-03

ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100

8 (7112) 53-86-43

ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107

8 (7182) 32-06-39

ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114

8 (7232) 25-22-06

ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131

8 (7282) 24-55-01

ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11

8 (7272) 43-72-71

ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 а

8 (7122) 32-73-65

ktk_atr@mtc.gov.kz

8.

«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1

8 (7292) 60-55-50

ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4

8 (7252) 56-44-88

ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі, 1

8 (7262) 34-21-41

ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24 а

8 (7242) 27-68-26

ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87

8 (7162) 25-69-93

ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы

Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105 а

8 (7142) 56-85-25

ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы

Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122

8 (7152) 46-44-07

ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5

8 (7212) 34-80-00

ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы

Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28

8 (7172) 46-44-07

ktk_ast@mtc.gov.kz

Каталог: uploaded -> kaz -> Actualno -> cent obslyjivaniya naseleniya -> Pilotniy rezhim
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Pilotniy rezhim -> «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы аварияның салдарын жоюға қатысушыларға куәліктер беру»
Pilotniy rezhim -> «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Pilotniy rezhim -> «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет