Жаңақорған аудандық «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілер тіркеу» бөлімінің 2017 жылдың 1 ші–сәуіріне атқарылған жұмыс қорытындысы туралы мәлімет



Дата24.05.2020
өлшемі111 Kb.
Жаңақорған аудандық «Жұмыспен қамту, әлеуметтік 
бағдарламалар  және  азаматтық  хал актілер  тіркеу»  бөлімінің  2017 жылдың  1 ші–сәуіріне атқарылған жұмыс қорытындысы туралы  мәлімет

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 75 адам;

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 120 адамды оқыту жоспарланды.

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 179 оқыту;

2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру болып табылады. Бұл бағыт бойынша ауданымызға 47 бағдарлама қатысушысын несиелендіруге 250 000 мың теңге қаржы бөлу жоспарланды.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру болып табылады. Бұл бағыт бойынша:

1) әлеуметтік жұмыс орындарын құруға Республикалық бюджеттен 27513,0 мың теңге қаржы қаралып, осыған 100 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 47 жұмыс берушіге 113 адам жұмыс орындарына жолданды. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі 41 адам жұмыс орындарына жолданды.

2) жастар практикасын ұйымдастыру Республикалық бюджеттен 34020,0 мың теңге қаржы қаралып, осыған 100 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 30 жұмыс берушіге 46 жас түлек жұмыс орындарына жолданды.

3) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жергілікті бюджеттен 23470,0 мың теңге қаржы қаралып, осыған 450 адам жолдау жоспарланды. Бүгінгі таңға қоғамдық жұмысқа 154 адам жолданды оның ішінде 41 жастар.

Сонымен қатар "Өрлеу" жобасы бойынша 166 адамға шартты ақшалай көмек беру жоспарланды.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2017 жылға жергілікті бюджеттен 396,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Осы мақсатқа 2017 жылдың 1 ші сәуіріне   2  отбасыдан (10 жаны бар) өтініш қабылданып  62,0  мың теңге  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.



Балалы отбасыларына берілетін  мемлекеттік  жәрдемақы

2017 жылға  балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақыға жергілікті бюджеттен 166847,0 мың теңге қаралып отыр. Осы қаралған қаржыдан  2017 жылдың 1 ші сәуіріне 1948 отбасыдан (7009 баласы бар) өтініш қабылданып 49807,5 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді.



Тұрғын  үй  көмегі  , үйде  тәрбиеленетін  және  оқытылатын  мүгедек  балаларға  төленетін  материалдық  көмек

Тұрғын үй көмегіне 2017 жылға аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегіне барлығы  13498,0 мың теңге қаралған.   2017 жылдың 1 ші  сәуіріне 386 отбасыдан (2103 мүшесі бар)  өтініш қабылданып 8693,5 мың теңге  тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

2017 жылы үйде тәрбиеленетін және  оқытылатын мүгедек балаларға көрсетілетін  әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 6888,0 мың теңге қаржы қаралып, 2017 жылдың 1-ші сәуіріне  үйде тәрбиеленетін және  оқытылатын  109 мүгедек балаларға 1641,0  мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып төлемге жіберілді.

Мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға және Семей сынақ полигонында  ядролық  сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей  қатысқан  азаматтарға  төленетін   әлеуметтік көмек

«Отан», Даңқ», Халық қаһарманы» ордендері мен ҚР құрметті атағын алғандар азаматтарға  төленетін әлеуметтік көмекке 2017 жылға жергілікті бюджеттен 52,0 мың теңге қаралған,         2017 жылдың 1- ші   сәуіріне  1 азаматқа 13,0  мың теңге  төленді.

Семей сынақ полигонында  ядролық  сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей  қатысқан  азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 2017 жылға жергілікті бюджеттен 4901,0  мың теңге қаралған, төлем тамыз айында жүргізіледі.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек

2017 жылға  «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекке  республикалық бюджеттен 8416,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Жергілікті бюджеттен 5000,0 мың теңге қаржы қажеттілігі жөнінде бюджеттік өтінім жасалып тиісті орындарға берілді. 2017 жылдың 1 сәуіріне 2016 жыл үшін тағайындалған ШАК-тен  19 отбасының 137 мүшесіне республикалық бюджеттен 1400,0 мың теңге төленді.



Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің  білім алуына   төленетін  әлеуметтік  көмек .

Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттерге төленетін әлеуметтік көмекке 2017 жылға облыстық бюджеттен 20406,0 мың теңге бөлініп отыр, төлем қыркүйек айында жасалады.

Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік  қөмек көрсету бөлімшесінің

2017 жылғы 01 сәуір айына  атқарылған жұмыстар жайлы

МӘЛІМЕТІ

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 83 жалғызбасты мүгедектер мен қарттар есепте тұрады. Оның ішінде 5-мүгедек, 78-жасына байланысты зейнеткер. Қарттарға кент және ауылдық округ әкімдіктері арқылы әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына екі рет дүкеннен азық-түлік, жеміс-жидек және көкөніс әкеліп беруде. Сонымен қатар, қамқорлықтағы адамдарды емханаларға, жинақ кассаларына, дәріханаға апарып, қыдыртып және газет-журнал оқып береді.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызып, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасауда, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіліп және оңалту іс-шаралары жүргізілуде. Жалғыз басты қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтап, олардың есебі жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарға дербес құқықтары және қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетілуде.  Қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар етіліп отырады.  Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі арттылып тұрады. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріп және олардың біліктілігі арттырылып отырады.

Бөлімде, есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау үшін, мекемелер мен ұйымдарға тіркеп, материалдық көмектер көрсетілді. 2017 жылдың 01 сәуіріне демеушілер есебінен  қарттарға  296235 теңгеге қаржылай және заттай көмектер көрсетілді.

8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күні мерекесі қарсаңында «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  2017 жылдың 7 наурызында аудан көлеміндегі ақ жаулықты аналарға Аудан әкімі Ғ.Әміреевтің, бөлім басшысы А.Ахметовтың  құттықтауымен 84 адамға 235,0 мың теңгеге  мерекелік сый-сияпат берілді және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  аналарымыздың құрметіне осы мерекеге арналған мерекелік концерт өткізілді.

22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында  2017 жылдың 21 наурызында орталық аланда «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бөлімде есепте тұрған жалғызбасты қарттармен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап киіз үй тігіліп, дастархан мәзірін жасап наурыз көжеден дәм тарттырды,  255,0 мың теңгеге  мерекелік сый-сияпат берілді және аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  мерекелік концерт өткізілді.

Жергілікті бюджеттен Ауған ардагерлеріне  46 ардагерге 3131,2 мың теңге, әскери міндетін өтеу кезінде мүгедектік алған азаматтарға ақпан айында 20 ардагерге 1 361,4 мың теңге;  ақпан  айында біржолғы материалдық көмектер төленді.

Аудан әкімдігі жанынан 2015-2017 жылдарға құрылған аудандық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы ай сайын өткізіліп келеді. Комиссия құрамы 13 адамнан құрылып,  2017 жылға арналған комиссияның  жылдық жоспары жыл басында бекітіліп, комиссия отырысы  жыл басынан бері 3 рет өткізілді.

Мүмкіндігі  шектеулі балаларға және  18 жастан асқан адамдарға  үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің атқарған жұмысы

2017  жыл 1- сәуірге

«Мүмкіндігі шектеулі» 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметі Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 26 наурыздағы 2015 жылғы 26наурыздағы  №165 бұйрығына байланысты «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына»  сәйкес жұмыстар атқарады. Осы заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға  бағытталған қызметтерді көрсетеді. Қазіргі таңда барлығы 1бөлімше меңгерушісі,1әлеуметтік маман, 46 әлеуметтік қызметкер  234  балаға әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр.

Ұлыстың Ұлы күні -22 наурыз мерекесі  күніне орай  бөлімде есепте тұратын   кент орталығындағы  83 мүмкіндігі шектеулі  балаларға   мерекелік  іс-шара  болып,  83  балаға «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық  бірлестігінің  демеушілігімен  сый-сияпат жасалды.   15 баланы киіз үйге шақырылып, наурыз көже берілді.

Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы»   №26 бұйрығына сәйкес,

Атап айтқанда, мұқтаж мүгедектердің гигиеналық құралдары үшін жергілікті бюджеттен 20 млн 955 мың теңге, республикалық бюджеттен


18 млн 455 мың теңге , ымдау тіліне 1 млн 981 мың теңге, республикалық бюджеттен 2 млн 91 мың теңге және  І-топ мүгедектерін жеке көмекшімен қамтамасыз ету мақсатында 30 млн 820 мың теңге қаржы қаралды.

2017  жылдың 1 сәуірге   аталған қаражаттан жеке көмекшінің қызметін қажет ететін 123 мүгедек,  ымдау тілін қажет ететін 16 мүгедек, ал гигиеналық құрал қажет ететін 281 мүгедектің өтініштері толығымен қанағаттандырылып, осы мақсатқа қаралған қаржы толығымен алдағы уақытта  игеріледі.

Облыстық бюджеттің есебінен  жыл басынан бері  12  мүгедек протезді-ортопедиялық құралдарымен, 13 мүгедек  жүріп  тұру  құралдарымен, 
7 мүгедек сурдотехникалық құралдарымен,  6 мүгедек тифлотехникалық құралдарымен қамтамасыз етілсе, 6 мүгедек облыс орталығындағы «Талсуат» оңалту орталығына жіберілді.

Облыстық бюджеттің есебінен, жыл басынан бері 118 мүгедек  протезді-ортопедилық құралдармен, 20 мүгедек кресло-арбалармен, 6 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 30  мүгедек  67 тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілсе, 50  мүгедек облыс орталығындағы «Талсуат» оңалту орталығына жіберілді. Сонымен қатар санаторлық ем алуға 121 мүмкіндігі шекетеулі жандар ем алды.

Облыстық бюджеттен 2017 жылға Туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысымен ауыратын  азаматтарға қосымша тамақтануға жыл басынан 10074,0  мың теңге қаралып 
47 азаматқа  жыл басынан  3199,3 мың теңге төленді.

Лейкоз және апластикалық анемиямен ауыратын балаларға қосымша дәрі-дәрмекке 


2017 жылға 621,0  мың теңге қаралып, жыл басынан 2 адамға 103,5 мың теңге төленді.

АХАЖ  жұмысында  2017  жылы ауданымызда   тіркелген  халықтың

табиғи қозғалысы  жайлы

Сәуір айында, оның  ішінде  145  туу,   29  жастың   неке  қиюы,  29  азаматтың    қайтыс болу,   8   неке  бұзу,  2 әке  тану,  0  бала (қыз) асырап  алу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жайлы 1   акт  жазбалары  тіркелді.

Қайталама  куәліктер алу  жайлы   ХҚКО –нан   47 өтініш   қабылданып,  куәліктер  мерзімінде  жолданды.

«Электронды  Үкімет  Порталы»  арқылы  36  некеге  тұру  туралы өтініш  түсті.Өтініштерге  мерзімі  белгіленіп  есепке алынды.

ТМД  және  басқа да  аудандық,қалалық  АХАЖ  бөлімдері   тарапынан  келіп түскен  хат-хабарларға  мерзімінде  тиісті  жауаптары  жолданды.

Бөлім  басшысы                                      А.Ахметов


Жаңақорған  аудандық  жұмыспен  қамту  әлеуметтік  бағдарламалар  және  азаматтық  хал актілер  тіркеу  бөлімінің    2017 жылдың  1 ші –қаңтарға     атқарылған жұмыс қорытындысы туралы  мәлімет

2016 жылы қабылданған Кешенді жоспар аясында 3579 адамды қамту жоспарланған, соның ішінде 2481 жұмыссыздар, 1596 нәтижесіз жұмыспен қамтылған. Жыл қорытындысымен  жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылғандар 4077 адам жоспар 114 пайызға орындалды. Мемлекеттік,  салалық  және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен жоспар 773 болса нақты 1564 адам қамтылды немесе 202 %. Бағдарламалар бойынша кешенді жоспардың орындалуы ҚР 2020 қызмет көрсету саласын дамыту бойынша (жоспар 6), орындалуы-7 (117,0%), «Үдемелі индустриялық - инновациялық даму» Бағдарламасы-(жоспар 70), орындалуы-110 (157,0%), «Аумақты дамыту» Бағдарламасы (жоспар 2486), орындалуы-2439 (98%),  Агробизнес-(жоспар 150), орындалуы-200 (133%), «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы -(жоспар 27), орындалуы-27 (100%).

2016 жылы 800 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса,   1 қарашаға 878 жаңа жұмыс орындары            құрылды (жылдық жоспардың 109 % ), соның ішінде 840 тұрақты немесе 104,6 пайыз.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына   2393 адам хабарласты, соның ішінен 1564 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 65,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

Ауданда 14  рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, 170  жұмыс беруші 437 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыспен  қамтудың белсенді түрлеріне 480 жолдама берілді немесе 109,8 пайыз, оның ішінде тұрақтысы 437 немесе 100 пайыз.

Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналасқандардың ішінен хабарласқандар 133 болса жұмысқа орналасқаны 105 немесе 79 пайыз. Оның  ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 83, жазасын өтеп келгендер – 50, оралмандар – 0. Жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 46 (жоспар-40),  жазасын өтеп келгендер -39, оралмандар -0.

Қоғамдық  жұмыстарға өткен жылы жоспарда 600 адам болса, 442 адам жұмысқа жолданды. 2016 жылғы жоспар 480 адамнан бүгінгі таңға  512 адам жолданды. 


«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылғандар мемлекеттік қолдау шараларымен 1313 болса оның ішінде: тұрақты жұмысқа орналасқаны-1079 немесе 82,2 пайыз.

Міндетті зейнетақы жарналарының аударылымы бойынша: мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған 1313 адамнан 1095-не аударылған немесе 83,4 пайыз. Тұрақты жұмысқа орналасқан 1079 адамнан 886-не немесе 82,1 пайызына аударылған.

Бірінші бағыт - инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша  жобалар саны 30 аяқталғаны 30.  Оның  5 –жобасы 339,5  млн.теңге (48 жұмыс орны).

1 жоба 2015 жылдан өтпелі Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы – 57,9 млн.теңге (үнемделген қаржы- 6,4 млн.теңге,  51,446 тенге). Бүгінгі күнге дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, онда барлығы 17 адам, жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылды.

5 жобада жұмыстар аяқталып 70 адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде 31–і  бағдарлама қатысушылары. Сонымен қатар үшінші траншпен ауданда білім беру, мәдениет объектілерін жөндеу, ағымдағы жөндеу жұмыстарына және жол жөндеу жұмыстарына барлығы 23 жоба бойынша республикалық бюджеттен 273,5  млн. теңге, жергілікті бюджеттен 26 ,4 млн. теңге қаржы қаралып, осыған жұмыспен қамту орталығы арқылы барлығы 53 бағдарламаға қатысушы жұмыспен қамтылу жоспарланып, бүгінгі таңға 51адам жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар Сунақата және Сүттіқұдық ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысына  28  бағдарламаға қатысушы жұмыспен қамту жоспарланса, осыған 25 бағдарлама қатысушысы жұмысқа жолданды.

· Екінші бағыт – Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағыты аясында кәсіпкерлік негіздері курсына 8 адамды оқыту жоспарланып, 8 адам оқытылды. 2016 жылға Республикалық бюджеттен барлығы 213564,0 мың теңге 70  азаматқа беру жоспарланды.  Атап айтқанда:

·                     3,0 млн. теңге дейінгі несиеге 98564,0 мың теңге - 50 адамға,

·                     6,0 млн. тенгеге дейін ұсақ тауарлы өндірісті дамыту үшін -115,0  млн теңге - 20 адамға беру жоспарланды.

·                    Оның ішінде: Ұсақ тауарлы өндірісті дамыту үшін берілетін 6,0 млн.теңгеге дейінгі қаржыдан - 26 адамға 115,0 млн теңге таратылды. Қалған қаржыны игеру үшін 3 ауыл шаруашылығы өнімдері кооперативтерінің 13 мүшесіне жолдамалар берілді.

·      Ал, 3 млн. ға дейінгі несие 98,5 млн. теңге 41 адамға беріліп 100 пайызға орындалды.

·                    сонымен қатар, қайтарылған қаржы есебінен бөлінген 19,0 млн. теңге 8 адамға берілді.  Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары 8 адам оқытылды. Нәтижесінде қаралған қаржы толық игеріліп, 75 адам несилендірілді.

Үшінші бағыт - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға – 40 адамға 12,2 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан 35 мекеме, кәсіпорындарға 82 адам жолданып, 17 адам тұрақтанды. Қаржы  толық игерілді.

Жастар тәжірибесі – 100 адамға -22,9  млн. теңге қаралды. Жыл басынан 74 мекеме, кәсіпорындарға 134 жас мамандар жолданып,қаржы толық игерілді. Мерзімі аяқталғандардың ішінен 71 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

Оңтайландыру бойынша қосымша:

Жұмыстан босатылған қызметкерлерге және 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлау курстары ұйымдастыруға – 7 адам 13,3 млн. теңгеден 10,4 млн. теңге игерілді. 294,0 мың. теңге үнемделді;

Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасына енгізілген оңтайландыруды ақпараттандыру мақсатында барлық ауылдарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаны ақпараттандыру мақсатында Жаңақорған ауданы мен  елді мекендерде билбордтар орнатылды.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2016 жылға жергілікті бюджеттен 638,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Осы мақсатқа 2017 жылдың 1 ші қаңтарына   17  отбасыдан (79 жаны бар) өтініш қабылданып 637,8  мың теңге  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.



Балалы отбасыларына берілетін  мемлекеттік  жәрдемақы

2016 жылға  балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақыға жергілікті бюджеттен 183520,0 мың теңге қаралып отыр. Осы қаралған қаржыдан  2017 жылдың 1 ші қаңтарына 2499 отбасыдан (9065 баласы бар) өтініш қабылданып 183517,9 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып төленді.



Тұрғын  үй  көмегі  , үйде  тәрбиеленетін  және  оқытылатын  мүгедек  балаларға  төленетін  материалдық  көмек

Тұрғын үй көмегіне 2016 жылға аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегіне барлығы  14733,0 мың теңге қаралған.   2017 жылдың 1 ші  қаңтарына 509 отбасыдан (2866 мүшесі бар)  өтініш қабылданып 14733,0 мың теңге  тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді.

2016 жылы үйде тәрбиеленетін және  оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру үшін  әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 5236,0 мың теңге қаржы қаралып,

2017 жылдың 1-ші қаңтарына үйде тәрбиеленетін және  оқытылатын  128 мүгедек балаларға 5236,0  мың теңге материалдық қамсыздандыру тағайындалып төленді.



Мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға және Семей сынақ полигонында  ядролық  сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей  қатысқан  азаматтарға  төленетін   әлеуметтік көмек

«Отан», Даңқ», Халық қаһарманы» ордендері мен ҚР құрметті атағын алғандар азаматтарға  төленетін әлеуметтік көмекке 2017 жылға қаралған 49,0 мың теңгеден   2017 жылдың 1- ші   қаңтарына  1 азаматқа 48,4    мың теңге  төленді.

Семей сынақ полигонында  ядролық  сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей  қатысқан  азаматтарға төленетін әлеуметтік көмекке 2016 жылға жергілікті бюджеттен 4582,0  мың теңге қаралған. Осы қаралған қаржыдан 2017 жылдың 1 –ші қаңтарына 72 адамға 4581,4 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.

«Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек

2016 жылға  «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекке  жергілікті бюджеттен 3300,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 2504,0 мың теңге қаралған. Осы қаралған қаржыдан  2017 жылдың 1 ші қаңтарына 38 отбасыдан (262 мүшесі бар) өтініш қабылданып 8768,7 мың теңге шартты ақшалай көмегі тағайындалып, одан 5802,2 мың теңгесі төленді.



Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің  білім алуына   төленетін  әлеуметтік  көмек .

Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттерге төленетін әлеуметтік көмекке 2016 жылға 25062,4 мың теңге бөлінген. Осы бөлінген қаржыдан 2017 жылдың 1 қаңтарына 56 студентке 25062,4 мың теңге әлеуметтік төлем төленіп отыр.



Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік  көмек көрсету

Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 85 жалғызбасты мүгедектер мен қарттар есепте тұрады. Оның ішінде 4-мүгедек, 81-жасына байланысты зейнеткер. Қарттарға кент және ауылдық округ әкімдіктері арқылы әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер қамқорлығындағы адамдарға аптасына екі рет дүкеннен азық-түлік, жеміс-жидек және көкөніс әкеліп беруде. Сонымен қатар, қамқорлықтағы адамдарды емханаларға, жинақ кассаларына, дәріханаға апарып, қыдыртып және газет-журнал оқып береді.

Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдардың үйреншікті әлеуметтік ортада болуына қолайлы жағдайлар туғызып, гигиеналық талаптарға сәйкес өмір сүру жағдайларына қолдау жасауда, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсетіліп және оңалту іс-шаралары жүргізілуде. Жалғыз басты қарттарды және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерді анықтап, олардың есебі жүргізілуде. Қызмет көрсетілетін адамдарға дербес құқықтары және қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсетілуде.  Қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, көрсетілетін әлеуметтік қызметтің көлемі мен түрлері туралы хабардар етіліп отырады.  Әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі арттылып тұрады. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруды жетілдіріп және олардың біліктілігі арттырылып отырады.

Бөлімде, есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау үшін, мекемелер мен ұйымдарға тіркеп, материалдық көмектер көрсетілді. 2016 жылдың 31 желтоқсанына демеушілер есебінен  қарттарға  1075970 теңгеге қаржылай және заттай көмектер көрсетілді.

Жергілікті бюджеттен Ауған ардагерлеріне  48 ардагерге 3 054,2 мың теңге, әскери міндетін өтеу кезінде мүгедектік алған азаматтарға ақпан айында 21 ардагерге 1 336,2 мың теңге;

Чернобыль ардагерлеріне наурыз айында 24 адамға 1527,1 мың теңге;

Жергілікті бюджетен Саяси-қуғын сүргін құрбандарынан зардап шеккен азаматарға біржолғы әлеуметтік көмекке 2016 жылға 2 адамға 12,7 мың теңге қаралған. Төлем  мамыр айында  біржолғы материалдық көмектер төленді;

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  71 жылдық мерекесі қарсаңында  ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне;

2016 жылға  бір жолғы материалдық  көмекке облыстық бюджеттен 763,5 мың теңге, жергілікті бюджеттен 763,5 мың теңге қаржы қаралды. ҰОС қатысушылары мен мүгедек 3 ардагердің қайтыс болуына байланысты  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71 жылдық мерекесі қарсаңында  ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы материалдық  көмекке 9 ардагердің әрқайсысына 169680 теңгеден барлығы 1527,21 мың теңге төленді;

ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін наградталған және наградталмаған тыл еңбеккерлеріне барлығы;

2016 жылға  наградталған 13 ардагерге 552,0 мың теңге қаралаған болатын 3 ардагер қайтыс болуына  байланысты Облыстық бюджеттен ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін наградталған 10 адамға 424,2 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10 адамға 636,3 мың теңге қаралып, әрқайсысына 106,0 мың теңгеден барлығы 1060,5 мың теңге төленді. 2016 жылға тыл ардагерлеріне облыстық бюджеттен 31051,0 мың теңге қаржы қаралған.  2015 жылдың  495 тыл ардагерлерінің  40 ардагердің қайтыс болуы,1 ардагердің қоныс аударып келуі және 9 ардагердің қосылуына байланысты барлығы   464 адамға  29 524,3 мың теңге төленді;

1 маусым балаларды қорғау күніне  мүгедек балалармен кездесу ұйымдастыру және батыр аналарды құтықтау іс-шараларын өткізу жоспарлануына байланысты,  бөлімде есепте тұрған жалғыз басты қарттар аналарға 300,0 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өткізіліп, сый-құрмет көрсетілді.

ҚР Конституциясы күніне орай 48 Ауған соғысы ардагерлеріне 26 тамыз күні «Айсұлу» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылып, «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  199,0 теңгеге іс-шара өткізіліп, сый-сияпаттар берілді. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Барлы? ???ы?ы ?ор?ал?ан.

BNews.kz материалдарын жеке ма?саттан бас?а, кез келген жа?дайда пайдалану кезінде BNews.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

BNews.kz материалдарын пайдалану кезінде:

- басылым беттерінде немесе ?а?аз, таспа ж?не т.б. секілді материал тасы?ыштарды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез материалдарды? www.bnews.kz веб-сайтынан алын?анын к?рсетіп отыруы міндетті.

- Интернетте немесе электронды т?рде пайдалануды? ?зге де т?рлерінде пайдаланушы ?р кез «www.bnews.kz» веб-сайтыны? басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай 29 тамыз күні Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жоюға қатысқандарға, Чернобыль ардагерлеріне «Арман» кенттік мәдениет үйінде 267,0 теңгеге мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сый-сияпат табысталды.

1 қазан қарттар күніне орай ҰОС-ның ардагерлеріне,  бөлімде есепте тұрған жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге 480,0 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен «Аяна» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылып, сый-сияпат берілді.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Мейірім шапағат» атты іс-шара ұйымдастырылып, бөлімде есепте тұрған қарттарға 150,0 теңге сый-сияпат табысталды.

26 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесіне орай бөлімде есепте тұрған жалғызбасты қарттарға, 100,0 мың теңгеге мерекелік сый-сияпат табыс етілді. Мереке концерттік қойылымға ұласты.

Аудан әкімдігі жанынан 2015-2017 жылдарға құрылған аудандық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы ай сайын өткізіліп келеді. Комиссия құрамы 13 адамнан құрылып,  2016 жылға арналған комиссияның  жылдық жоспары жыл басында бекітіліп, комиссия отырысы  жыл басынан бері 11 рет өткізілді.



Мүмкіндігі  шектеулі балаларға және  18 жастан асқан адамдарға  үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің атқарған жұмысы

2016 жыл 15-желтоқсанға

«Мүмкіндігі шектеулі» 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету қызметі Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 26 наурыздағы 2015 жылғы 26наурыздағы  №165 бұйрығына байланысты «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына»  сәйкес жұмыстар атқарады. Осы заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызмет саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға  бағытталған қызметтерді көрсетеді. Қазіргі таңда барлығы 1бөлімше меңгерушісі,1әлеуметтік маман, 46 әлеуметтік қызметкер  230  балаға әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр.

16-наурыз   күні аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және  азаматтық  хал актілерін  тіркеу бөлімінде  «Наурызым- Шапағатым» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарамызға аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет  қатысып,балаларға жылы лебізін білдірді.

Іс-шарада  мүмкіндігі шектеулі 15 балаға  мектеп құралдары, конструктор  және  4 жалғызбасты қарт аналар  азық-түлікпен  қамтамасыз етілді.  Іс-шара соңында балаларға  дастархан жайылып, тәтті торт, сусын ұсынылды. Әр балаға демеушілердің  атынан сый-сияпат жасалынып, жеке кәсіпкер А.Шайыхов пен Н.Палвановтың демеушілігімен барлығы 90 мың теңге көлемінде қайырымдылық шарасы өткізілді.

1 мамыр бірлік ынтымақтастық күніне орай ауданымыздағы орталық базарының директоры  А.Әсенов мырзаның демеушілігімен 10 адамға  тұрмысы төмен азаматтарға, жалғызбасты қарттарға  және  бөлімшеде есепте тұрған 3 мүмкіндігі шектеулі  балаларға 60 мың тенге көлемінде   азық түлікпен қамтамасыз етті.

1-маусым балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Таусамалы» -тынығу лагеріне серуендеу және консерттік іс-шарасына  15  мүгедек бала тынығып көнілдері көтеріңкі болып қайтты. Бұл іс- шараға 211200 теңгекөлемінде қаржы қаралып, барлық есепте тұрған  88 балаға 2400  теңгеден сый- сияпаттар жасалды.  Әр балаға 1 л графин мен 6 дана стаканнан берілді.

Байкенже ауылдық округінің  әлеуметтік қызметкерінің  көмегімен  көрсетілген тума бітті мүгедек бала  Есіркеп Әлішерге «Қызылқұм»-ЖШС демеушілігімен - 400 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. .

Ауылдық округтердің  жеке демеушілермен кәсіпкерлердің көмегімен 18 балаға 45 мың теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясы бойынша «Береке» сауда үйінің иесі  Жұманқожаев Сапарқожа   көп балалы ана және бөлімшеде  есепте тұратын мүгедек бала Рахымберлі Раянаның анасы Утеулиева Шынарға  мектепке  баратын  2 баласына 40 мың теңге көлемінде ақшалай  көмек берді.

«Құрбан айт»  мерекесі қарсанында өткізілген   қайырымдылық  көмекке    70 балаға «СКЗ-U» - ЖШС серіктестігі 626130 тг көлемінде қаржы  бөліп киім кешекпен   қамтамасыз етті.

2016 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсан аралығында қайырымдылық акциясы болып өтті. Бөлімде есепте тұратын 21 мүмкіндігі шектеулі балаларға   «Қызылқұм» ЖШС –і 10900 тг көлемінде тұратын азық түлікпен қамтамасыз етті.  Барлығы 228 900 тг қаржы жұмсады.

3- желтоқсан мүгедектер күніне орай  аудандағы  81 балаға 200 мың теңгеге сый сияпаттар жасалып,  іс-шарасы  «Арман» клуб  үйінде жалғасын тапты.

Жаңа жыл қарсаңында бөлімшедегі есепте тұрған аудан орталығындағы 81  мүгедек балаға  Мемлекеттік және әлеуметтік тапсырыс бойынша «Ақбаян» әйелдер қоғамдық  бірлестігінің ұйымдастыруымен 200 000 теңгеге сый- сияпаттар жасалды.  Аталған іс- шара  «Арман» үйінде өтті.  Мүгедек балалар шыршаны айналып ән салып, би билеп өз  өнерлерін  тамашалады. Жаңа жыл шыршасы қызықты өтті.

Ауылдық округ кәсіпкерлерінің  жеке демеушілермен  жаңа жылға  5   балаға 298000 теңгеге көмектер көрсетілді.

Барлығы 2016  жылдың 30 желтоқсанға  2 399 230 теңге көлемінде көмектер көрсетілді.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы  № 26 бұйрығына сәйкес, 2016 жылы жеке оңалту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен мұқтаж мүгедектердің гигиеналық құралы үшін 22992,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 15524,0 мың теңге, жеке көмекшілер мен  ымдау тілі мамандарының қызметіне жергілікті бюджеттен 27448,0 мың теңге қаржы қаралып төленді.

2016 жылда   жеке оңалту бағдарламасына қаралған қаржылар толығымен игеріліп, гигиеналық құрал қажет ететін 273 мүгедектің, ымдау тілін қажет ететін 18 мүгедектің, жеке көмекші қызметін қажет ететін 131 мүгедектің өтініштері қанағаттандырылды.кресло арбпмнн 30 адам

Облыстық бюджеттің есебінен, жыл басынан бері 118 мүгедек  протезді-ортопедилық құралдармен, 20 мүгедек кресло-арбалармен, 6 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 30  мүгедек  67 тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілсе, 50  мүгедек облыс орталығындағы «Талсуат» оңалту орталығына жіберілді. Сонымен қатар санаторлық ем алуға 121 мүмкіндігі шекетеулі жандар ем алды.

Облыстық бюджеттен 2016 жылға Туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысымен ауыратын  азаматтарға қосымша тамақтануға жыл басынан 6363,0  мың теңге қаралып  65 азаматқа  жыл басынан  6363,0 мың теңге төленді.

Лейкоз және апластикалық анемиямен ауыратын балаларға қосымша дәрі-дәрмекке 2016 жылға 774,0  мың теңге қаралып, жыл басынан 4 адамға 645,0 мың теңге төленді.

АХАЖ  жұмысында  2016  жылы ауданымызда   тіркелген  халықтың  табиғи қозғалысы  жайлы

2016 жылы   АХАЖ бөліміне  азаматтардан  3055  өтініш  түсіп, соған  сәйкес  3055  акт  жазбасы, оның  ішінде  2006  туу,   482  жастың   неке  қиюы,  364  азаматтың    қайтыс болу,   94   неке  бұзу,  93   әке  тану,  7  бала (қыз) асырап  алу, Т.А.Ә  өзгерту  жайлы  9  акт  жазбалары  тіркелді. Өтініштер  ХҚКО  қабылданады,  «Электронды  Үкімет  Порталы»  арқылы  қызмет көрсету жолға  қойылған.





Каталог: public -> assets -> kindeditor -> attached -> file
file -> Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы маусымдағы
file -> Жоба «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының
file -> Бағдарламасы Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген
file -> 2015 жылдың 4 қаңтарынан 2017 жылдың 30 маусым аралығындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықтама
file -> Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет