It-жобалардың тиімділігінің ерекшкліктері т. С. Картбаев1 доцент, Р. Жардембек



Дата01.05.2020
өлшемі44.3 Kb.
IT-ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ЕРЕКШКЛІКТЕРІ

Т.С.Картбаев1 доцент, Р.Жардембек1
1Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Казақстан
Кілттік сөздер: инвестициялар, IT-жобалар, программалық өнім.

IT- жобалардың тиімділігі деп ресурстар, оның ішінде уақыт шығынын, сондай-ақ жобаларды іске асыру мен енгізу қауіптерін ескере отырып, жоба арнайы дайындалған ұйымның бизнес мақсаттарына оның сай келу деңгейін көрсететін жобаның кешенді сипаттамасын айтады.

IT-жобаларды енгізу тиімділігін анықтау әдістемесі үш кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы дербес айтарлықтай күрделі міндеттерді қамтиды:

Бірінші кезең – ұйымға IT- жобаны енгізуден түсетін пайданы бағалау;

Екінші кезең – жобаны жасау, енгізу және әрі қарай жүргізу шығындарын бағалау;

Үшінші кезең – аталған жобаға байланысты қауіптерді бағалау.

Табыс немесе IT-жобаны енгізудің әсерлерін екі топқа бөлеміз – тікелей және жанама. Тікелей әсерлер ұйымның келесідей қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі арқылы көрініс табады:


  • Компания кірісінің/түсімінің артуы, оның ішінде пайдасыз жұсалған табысты барынша азайту;

  • Ағымдағы шығындарды азайту;

  • Күрделі шығындарды азайту;

  • Салықтық және басқа да міндетті төлемдерді азайту;

  • Айыппұл санкцияларын және басқа да іске асырудан тыс шығындарды төмендету;

  • Компания активтерінің айналымын арттыру;

  • Компания имиджі мен репутациясын жақсарту арқылы компанияның құнын арттыру.

Әдетте, тікелей әсерлер өндірілетін өнімнің өмір сүру циклінің тізбегіне тікелей қосылған қызметтер автоматтандырылған жағдайларда туындайды (М. Портер бойынша құндылықтар тізбегі) . Бұл – маркетинг қызметтері, өндірісті дайындау, логистика (кіріс және шығыс), сату, сатудан кейінгі қызмет көрсету және өндірістің өзі, соңғысы бұйымдар мен қызметтердің құндылығын арттырады, сондай-ақ кәсіпорын жұмысының көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді.

Тікелей әсерлерді бағалауға арналған төмендегідей қаржылық көрсеткіштерді қолданатын, жақсы дамыған инвестициялық талдау аппараты бар [1,8]:



  • IRR табыстылығының ішкі нормасы әдісі;

  • Таза келтірілген NPV құны әдісі;

  • Pay-back Period келтірілген өтелімділік мерзімі әдісі;

  • ROI инвестициялардың өтелімділік әдісі және т.б.

Бұл көрсеткіштерді есептеу кезіндегі аргументтер үш айнымалыдан тұрады: инвестициялар, таза қаржылық ағын және жеңілдік берудің айлық мөлшерлемесі. IT-жобалардың бір ерекшелігі олардағы жеңілдік беру мөлшерлемесі ұйымда қолданылатын орташа жеңілдік беру мөлшерлемесінен жоғары болуы тиіс, себебі аталған жобалардың қауіптері осы ұйымдағы орташа қауіп көрсеткішінен жоғары деп саналады. Мұндай жағдайға, әдетте, IT-жобалардың ұйымның қызмет саласынан тыс және ерекше болуы себеп болады. Standish Group (АҚШ) (1) зерттеулері бойынша, зерттелген 8000 астам жобаның 30%-дан көбі сәтсіз болған, ал оларға кеткен жалпы шығын 80 млрд. доллардан асқан. Жалпы 16% жобалар мерзімінде және бюджет шеңберінде орындалған, ал қалғандары бойынша артық шығын 54% құраған (1-сурет).


1-сурет. IT- жобаларды іске асырудың нәтижесі
Келтірілген деректер көрсетіп тұрғандай, бағдарламалық жобаларды жоспарлау көп жағдайда қанағаттанарлық нәтиже бермейді және мерзімдердің өтіп кетуіне, не болмаса іске асыруды тоқтатуға әкеліп соғады.

Қазіргі уақытта есептеулерінде жобаларды іске асырудың ықтималдық сипаттамаларын қолданатын сандық қаржылық талдаудың жетілдірілген әдістері кеңінен таралып келе жатыр, мысалы шынайы опциондар әдісі.

Көп жағдайларда IT- жобаларды енгізу жанама әсер береді. Жанама әсер келесідей түрде көрініс табады:


  1. Бизнестің «интеллектуалды» сипатын арттыру, ескертпелі шешімдер қабылдау мүмкіндігі.

  2. Заманауи экономикалық-математикалық әдістерді және орталықтандырылған деректер базасын (ДБ) пайдалану есебінен жоспарлауды оңтайландыру.

  3. Толық, сенімді және жедел ақпарат негізінде шешімдер қабылдау процессін жетілдіру.

  4. Компанияның нарықтық тартымдылығын,компания имиджін көтеру.

  5. Ұйым қызметкерлерінің ақпараттық құзыреттілігін арттыру.

  6. Жария және түсінікті ортақ мақсаттар арқылы бірыңғай серіктестік ортаны құру.

  7. Ұрлықты азайту және т.б.

Бизнес процедуралар деңгейінде туындайтын жанама әсерлерді тікелей пайдаға біріктіруге мүмкіндік беретін әдістер бар, бірақ бұл әдістер айтарлықтай күрделі және көп еңбекті қажет етеді.

Қазіргі уақытта жанама әсерлерді бағалауға арналған сандық емес, сапалық метриканы қолданатын бірқатар әдістер бар. Мұндай әдістердің ең танымалдары TVO (Total value of Opportunities), BSC (Balanced Scorecard), IE (Information Economics) және т.б. Осылайша, TVO экономикалық нәтиженің көп факторлы моделінде бес бағыт бойынша жобаның қорытынды рейтингі анықталады: стратегияға сәйкестігі, бизнес процесстерге әсері, ақпараттық жүйе архитектурасына әсерін бағалау, тікелей пайданы есептеу және қауіптерді бағалау. Әр бағыт үшін көрсеткіштер жүйесі, бағалау және көлем шкаласы таңдалады.

Идеясы жағынан осыған жақын BSC (2) әдістемесі жобаның қорытынды сипаттамасын алу үшін төрт құраушы бөлікті қолданады: қаржылық құраушы бөлік, клиенттік, бизнес процесстер, оқыту және өсім құраушы бөліктері.

Бұл әдістер ресейлік ұйымдарда кеңінен қолданысқа енген жоқ, себебі өндірістік жүйенің ішінде табиғи түрде пайда болмайтын, арнайы ақпараттық процесстерді құруды және сәйкесінше жұмысшыларға қосымша міндеттерді жүктеуді талап ететін үлкен көлемдегі ақпаратты жинауды және өңдеуді талап етеді.

Сонымен бірге мұнда ұйымдастырылу деңгейі ретінде тиімді басшылық шешімдерді қабылдауға қажетті және жеткілікті ақпаратпен жүйені толықтыру деңгейін аламыз. Ұйымдастырылу деңгейінің көтерілуі, сәйкесінше, энтропияның төмендеуі IT енгізу кезіндегі жанама әсерлердің басты көрінісі болып табылады. Ұйымдастырылу деңгейінің өзгерісін AS-IS және TO-BE функционалдық модельдерін құру кезінде, аталған модельдерге қосымша метрика енгізіп бағалауға болады, сонымен бірге болжамды әсерді бағалау үшін қосымша ресурстар тарту қажет болмайды (3).

Жобаның болашақ тиімділігін бағалау кезінде тек ықтимал пайданы ғана емес, оны жасау мен енгізуге байланысты мүмкін болатын қауіптерді де бағалау керек. Әдетте бұл қауіптер санатқа жіктеледі:



  • Ұйым қауіптері (мәдениет, дайындық, менеджмент қолдауы);

  • Жобаның өзінің қауіптері (басқару, күрделілік, шектердің анықталмауы);

  • Қызметкерлердің қауіптері (қолданушылардың деңгейі, кадрлар ағыны);

  • Сыртқы орта қауіптері (бәсекелестік, үкімет шаралары, экономикалық цикл).

Аталған қауіптердің әсер ету деңгейі сарапшылық жолмен бағаланады.

Бағдарламалық өнімді сатып алу кезіндегі шығындар бірнеше бөлімнен тұрады: IT өнімді сатып алу (өндіру) құны, енгізу шығындары, жүргізу, қызметкерлерді оқыту, әкімшілендіру және басқа да шығындар. Енгізу кезінде кәсіпорын жұмыс технологиясының өзгеруі, уақытша өндіріс сапасын төмендетуден болатын шығындар және т.б. сияқты нақты емес шығындар туындауы мүмкін. Шығындарды анықтаудың ең қарапайым жолы – дайын ақпараттық жүйені сатып алу. Бұл жағдайда кәсіпорын дайын жүйені сатып алуға қанша шығындалатынын айтарлықтай дәл анықтауға болады. Бұл мақсаттарға арналған ТСО (Total Cost of Ownership) әдісі бар, оны пайдалану ақпараттық жүйеге иелік етуге байланысты барлық шығын түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.



Шығындарды анықтау үшін жеке IT- жобаларды іске асыру (өз күшімен немесе сырттан мамандар жалдау арқылы) жағдайлары әлдеқайда күрделі келеді (4,5). Жұмыстың шынайы құны тек жоба аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады. Сондықтан да мұндай жағдайларда негізінен дәлдігі төмен сарапшылық бағалаулар қолданылады.


15%

38%

45%

6%

2-сурет. IT-жобаларды дайындау кезіндегі еңбек шығындары


ISO/IEC сәйкес жасаудың келесідей кезеңдерін атап өтуге болады: концепция дайындау (қажеттіліктерді талдау, концепция және жобалық шешімдерді таңдау), жасау (жүйені жобалау), іске асыру (жүйені дайындау), қолданысқа енгізу (қорытындылар шығару, әрі қарай пайдалануға қажетті нақты шығындарды белгілеу). Жасау аталған кезеңдерден өту барысында жоба туралы ақпарат та, оны бағалау дәлдігіне қойылатын талаптар да артады. Еңбек шығындар жоба кезеңдері бойынша бөлу (2-сурет) (6):

  • 10-20% - дайындық кезеңінің жұмыстары;

  • 30-40% - жүйені жобалау, сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;

  • 35-55% - бағдарламалық өнімді дайындау (кодтау);

  • 5-7% - құжаттарды жасау және шығару.

Тапсырыс беруші белгілері: бөлімдер, филиалдар саны, қызметкерлер саны, біліктілігі жоғары АТ қызметкерлерінің саны, жоғары білімі бар қызметкерлер саны, өнімдер/қызметтер сипаттамасы, қызметкерлердің ауысуы, тікелей жасалып жатқан БЖ бойынша жауапты қызметкерлер саны.

Жоба белгілері: өңделетін деректер көлемі, қажетті құжаттау деңгейі, өткен жобалармен ұқсастығы, өнімнің күрделілігі, қажетті сенімділік, жұмыс жылдамдығына қатысты талаптар, аппараттық шектеулер, әлеуметті қолдану деңгейі, қолданушылар саны, қауіпсіздік талаптары, әртүрлі платформалармен үйлесімділігі.

Нақты бір өнім тобына тән белгілер. Бұл жасау кезеңінде БЖ топтарының бірі - web қосымшаларға тән белгілер көрсетілген. Олар: орналасуы (сыртқы, ішкі), жаңартылуы жиілігі, қолда бар жүйелермен біріктірілуі (қолданыстағы, жоспардағы), стандартты модульдер саны, стандартты емес модульдер саны.

Біз ұсынылған әдіске сәйкес БЖ жасауға кететін шығындарды бағалауға арналған бағдарламалық кешен жасап шықтық (6), оны бағдарламалық жабдықтаманың бағалық сипаттарын анықтау, БЖ жасау бойынша жобаларды инвестициялау кезінде тиімді шешімдер қабылдау үшін, оқу процессінде пайдалануға болады. Жасалған бағдарламалық жабдықтама архитектурасы 3-суретте көрсетілген. Аталған бағдарламалық кешенде «Abs Library» арнайы фреймворкін пайдалану арқылы кеңейтілім және бейімдеу құралдары қосылған, бұл жасаушыны техникалы міндеттерді орындаудан босатады және үш қажетті бағалау функцияларына баса назар аударуға мүмкіндік береді.

Бағалау жүйесінің негізгі нысандары:


  • Қолданушылар – жасаушылар топтарына бекітілген, тіркелген жүйе қолданушылары;

  • Топтар – жасаушылар топтары, бағалау дәлдігін арттыру үшін өзіндік жасаушылар топтары бар жобаларға басымдық беріледі. Топ жеке жасаушыдан, бөлімнен, командадан, ұйымнан және т.б. тұруы мүмкін.

  • Жобалар – БЖ жасау бойынша барлық жобалар, аяқталған жобаларға арнайы жалау қойылады және ол жерде жұмыстың шынайы нәтижелері туралы (мерзімі, еңбек сыйымдылығы және т.б.) ақпарат болады);

  • Жобаның қасиеттері – бағалау жүргізуге негіз болатын жоба атрибуттары;

  • Атрибуттар - жоба бағаланатын атрибуттар тізімі;

  • Бағалау түрлері – сарапшылық бағалау диапазондары (нұсқалары);

  • Шкалалар – барынша дәл бағалау үшін қолданылатын коэффициенттер жинағы;

  • Жобалар санаттары – әртүрлі атрибуттар жинағы бар жобалар түрлерінің тізімі;

  • Есептеу – бірінші кезеңдегі бағалауды есептеу;

  • Нәтижелері – аяқталған жобалардың шынайы тарихи деректері




WEB-БРАУЗЕР



WEB-БРАУЗЕР

PHP-тілді интерпитаторлаушы







БӨнің дайындалу ұзақтығын

бағалайтын қосымша






қаңқа




өңделген

фреймворк





Zend Framework

(сырттай қолданылатын фреймворк)






ДҚБЖ MySQL

3-сурет. Программалық өнімнің архитектурасы

Жобалардың ерекше сипаттамаларға бейімделу талаптарын іске асыру үшін, сондай-ақ толықтыруға кететін уақыт шығынын барынша азайтып, функционалдық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында жасаушыны техникалық міндеттерді орындаудан босататын, қажетті бағалау функцияларына баса назар аударуға мүмкіндік беретін жүйе қаңқасы (фреймворк) жасалды.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Боди З., Мертон Р.К. Финансы. М: Вильямс, 2000. 592б.

  2. Sauter, V.L. (2014). Системы поддержки принятия решений для бизнес-аналитики. Джон Вили и сыновья.

  3. Ли, Ин и Кеочун Ли. «Интернет вещей (IoT): приложения, инвестиции и проблемы для предприятий». Горизонты бизнеса 58.4 (2015): 431-440б.

  4. Макконелл С. Руководство для менеджера программных проектов «Остаться в живых» СПб:Питер,2006.237б.

  5. Макконелл С. Сколько стойт программный проект.СПб.: Питер, 2007. 297б.

  6. Ахметов Б., Лахно В., Ахметов Б., Алимсеитова З. (2019). Разработка отраслевых интеллектуализированных экспертных систем и систем поддержки принятия решений в области кибербезопасности. Достижения в области интеллектуальных систем и вычислений. 860, 162-171б.


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет