Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану



Дата03.02.2020
өлшемі51.18 Kb.
 Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Жалпы сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Интеллектуалды ойын элементтерін информатика пәнінде қолдану арқылы қазіргі заман талабына сай ақпараттық мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша оқушылар өз білім деңгейін көтере алмайды.Әлемдік жаһандану мен ақпаратандыру дәуірінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану . Мұғалімнің мақсаты сабақ беру кезінде ең озық оқыту тәсілдері мен дағыдыларын қалыптастыру жолдарын және оның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Мұғалім сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды (компьютер, интерактивті тақтаны) қолдана отырып білім берсе, оқушылардың пәнге деген арта түсері анық. [Информатика негіздері №1, 37 б]

Жаңа технологияның ішіне ойын технологиясы кіріктірілген. Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушыларды сапалы білім алуға бағыттаймыз. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық, интеллектуалдық ойындар, әр түрлі компьютерлік сайыстарда қолдануға болады.

Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;

1. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Құрылғының атын айт». Ойынның мақсаты- қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұнда оқушылар компьютер құрылғыларының суреттерін көрсете отырып, құрылғы атын айтқызу немесе интерактивті тақтаға оқушыға жаздырту. Бұл ойын оқушыларды интерактивті тақтаны сауатты қолдануға, құрылғының атауын дұрыс тауып көрсетуге үйрету.

Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім жылдам?» ойынын өткізуге болады. 5-8 сыныптардағы «Ақпаратты кодтау», «Санау жүйелері» тақырыптарын қорытындылауда әртүрлі жағдаяттарды ойластырып, шифрлеу, дешифрлеу әдістерін қайталатуға болады. Ойын технологиясының элементтерін сабақта пайдалану оқушы бойындағы мыны қасиеттерді арттырады:



ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытады,

өз бетімен жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа үйретеді, зейіні қалыптасады,

байқампаздығы, сабаққа қызығушылығы артады,

тәртіптілікке, достық қарым-қатынасқа баулиды.

Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершіліккоммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуальдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. [ №3, 9 бет]



5.Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологияларын пайдалану. Мұнда өзімнің оқушылармен бірлесе өткізген сыныптан тыс шаралардың бірнешеуін ұсынғым келеді. Интеллектуальды ойындарды ұйымдастыру кезінде ойын технолгиясының маңызы зор. Себебі, ойындардың өздері ойын технологиясымен біте қайнаса байланысқан.

1.ХХІ ғасыр көшбасшысы инттелектуальды ойыны (8 сынып оқушыларымен өткізілген)

Құрметті ұстаздар, оқушылар, зияткерлік ойыншылар! Бүгінгі физика-математика және информатика апталығына байланысты өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.



Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,- дей келе ойынға қатысушыларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Ойыншыларымызға өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазыларымызды сайлап алайық. Әділқазылар: Есқұлова Ж, Махметова Г

Ал енді көптен күткен ойынымызға кезек бере отырып,ойыншыларымызға сәттілік тілейік.

Ойынның кезеңдерін таныстырып өтейін:



  • 1 кезең БӘЙГЕ

  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ

  • 3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК

  • 4 кезең ЖОРҒА Ойын шарты мынадай:

1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 балл беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз бір оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.

3 кезең «Ғажайып төрттікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 3 оқушыдан балы аз біреуі ойыннан шығады.

4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Ойынның шарты түсінікті, олай ойынға кезекті береміз.



1-кезең Бәйге.

1 кезең бойынша ұпай санын есептеу үшін, сөз кезегі әділқазыларымызға беріледі. Ұпайы аз 1 ойыншымызды ойынымыздан шығарып саламыз.



2-кезең «Полиглот».

Әділқазылар бағасын береді. Ойынымыздың шарты бойынша ұпай саны 1 оқушымыз ойыннан шығады.

Ең қиынын жарыстың,

Озып шыққын жарысып. Келесі кезең «Ғажайып төрттік».



(Слайд бойынша тапсырмаларға (сұрақтарға) жауап беріледі.) Оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі..

Бұл кезең аяқталды. Сөз кезегін әділқазыларға береміз, ұпайды есептеу бойынша

3 ойыншыдан ұпайлары аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

Келесі кезең «Жорға».



«Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Құрметті ойыншылар бұл кезең мәресіне жетті. Ендігі кезекті ойынымызды қорытындылауы үшін әділқазыларға береміз. Қоытынды арқылы жеңімпазды марапаттау.

Жеңімпаздар І және ІІ орындарға ие болады. Ойынымыз аяқталды. Келесі апталықта жүздескеше достар!

2. 5 – 6 сыныптар үшін: «Не? Қайда? Қашан?» ойыны. Ойын үш кезеңнен тұрады.

1 – кезеңде ойынға қатысатын 6 баланы таңдап алу. Мұнда сұрақтарға нақты әрі тез жауап беретін балаларды таңдау керек. 2 – кезеңде сұрақтар логикалық есептер. 3 – кезең компьютерлік техника информатикаға байланысты сұрақтар қою.


3. «Даналық ағашы» ойыныОқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығуы керек. Оқыған мәтінге байланысты оқушылар сұрақтар құрастырып мұғалім алдындағы қорапшаға салуы керек. Мәтінді қайтадан мұқият оқып шығып қорапшадағы сұрақтарға кезектенсе жауап береді. Қалған оқушылар құрастырылған сұрақты және жауапты бағалайды. Мұғалім ең жақсы жауап пен ұтымды құрастырылған сұрақты анықтайды.
Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет
Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет