Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ qazaqstan respýblikasy



бет4/12
Дата26.04.2020
өлшемі0.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
§33. Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný, tanym, jaı, hat, aqy, ishilik, symaq сияқты сөздер-
мен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný; tiltanym; 
jylyjaı; ashyqhat (ashyqhat syılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақ анықтауыштық 
қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.
1-tapsyrma. Eki baǵandaǵy sózderdі ózara sáıkestendіrіp, kúrdelі sóz qurańyz.
Aqyn
aralyq
Ataq
jandy
Eńbek
qumar

39
Ádebıet


jaı
Áýe
taný
Halyq
aqy
2-tapsyrma. Durys jazylǵan sózdi belgileńiz.
Мекемаралық \\мекемеаралық\\мекеме аралық; кереге қап \\керегеғап \\керегеқап;
Әңгімеғұмар \\әңгіме құмар \\әңгімеқұмар; қора-жай \\ қоражай \\ қоражай; мал-жай \\
мал жай \\ малжай
3-tapsyrma. Berіlgen sózderdі jańa álіpbımen jazyńyz.
Сүт//ақы
Қалам//ақы
Еңбек//ақы
Пәтер//ақы 
4-tapsyrma. Sóılemderdі oqyp, «hat» syńary arqyly jasalǵan kúrdelі sózderdі tabyńyz. Bіrge jáne 
bólek jazylý ýájderіn anyqtańyz.
Uıymdyq-ókilettik  qujattardyń  kóp  kezdesetin  túrine  anyqtama-aqparattyq  qujattar  jatady. 
Olar:  hat,  jedelhat,  telefonhat,  túsinikteme,  málimhat,  akt,  anyqtama  jáne  t.b.  qyzmettik  hattar. 
Bul  qujattardyń  barlyǵy  aqparat  berý  maqsatynda  jazylady  jáne  uıymdyq  basqarýdy  qandaı  da 
bir áreketpen ushtastyrady, keıde belgili bir oqıǵany, faktini, is-áreketti belgileıdi, baıandaıdy. Hat, 
jedelhat,  telefonhattar  arqyly  mekemeler  arasynda  aqparat  almasýy  bolady,  usynystar  aıtylyp, 
aldyn ala kelisimder jasalady, mekeme basqa birlestiktermen resmı baılanys jasaıdy.
5-tapsyrma. Sýret boıynsha kúrdeli ataýlardy taýyp, jasalý jolyn taldańyz.
  
 

40
6-tapsyrma. Eki baǵandaǵy sózderdiń birge jáne defıs arqyly jazylýyn túsindirińiz.


shıpajaı 
hal-jaı
jylyjaı 
mán-jaı 
áýejaı
turmys-jaı 
saıajaı
úı-jaı 
7-tapsyrma. Sóılemderdi orfoepıalyq normaǵa saı oqyńyz. «Taný» syńary arqyly jasalǵan kúrdeli 
sózderdi taldańyz.
Abaıtaný  páni  barlyq  synyptarǵa  engizildi.  Alashtaný  ǵylymı  ortalyǵy  alash  arystarynyń  mol 
murasyn zertteýge úlken úles qosyp keledi. Ádebıettaný ǵylymı sóz óneriniń qyr-syryn zertteıdi. 
Bul monografıa áýzovtaný ǵylymyna qosylǵan úlken úles boldy. Oqýshylar dúnıetaný páni boıynsha 
synaq tapsyrdy. Qoǵamtaný jáne jaratylystaný pánderi oqýshyny úlken ómirge daıyndaıdy. Jyl saıyn 
dástúrli shoqantaný, maǵjantaný ekspedısıalary uıymdastyrylady. Jas ǵalymnyń kınotaný, ónertaný, 
teatrtaný salalaryna qosqan úlesi zor. Mektepterde ólketaný komponenti boıynsha arnaıy kýrstar 
uıymdastyrylady.
8-tapsyrma. Berilgen sózderdi latyn álipbıimen jazyńyz.
алғысхат
баянхат
жеделхат
ықтиярхат
келісімхат
қолдаухат
Мағыналық өзгерістер арқылы бірге жазылатын сөздердің емлесі
1-tapsyrma.  Sózderdі  oqyńyz.  Qaısysy  bіrge,  qaısysy  bólek  jazylatynyn  anyqtap,  sebebіn 
túsіndіrіńіz.
 
 
sary maı
býryl saqal
aq saýsaq
qatty taıǵaq
aq kóńil
toń maı
aq saqal
uzyn saýsaq
kók taıǵaq
aq kóılek
Бұл қатардың ішінен сарымай, ақсақал, ақсаусақ, көктайғақ, ақкөңіл сөздерін бірге жазған 
боларсыз. Өйткені олар емле сөздігінде бірге жазылып көрсетілген. Әрі бұл сөздер бірге жа-
зылып қана зат пен ұғымды және сипатты толыққанды атай алады. Сол сияқты тасбақа, 
жолбарыс, ақбөкен, құрбақа сөздерін де еш қиналмастан бірге жазып жүрміз. Оның себебі 
неде десек, осы сөздер арқылы атаған затты елестете алатындығымызда. Бірақ әлемдегі 
бүкіл затты білу, көру мүмкін емес. Мысалы, қарғатұяқ, кәріқыз, айырқұйрық, қосауыз деген 
сияқты сөздерді естігенде, анық ештеме елестемеуі мүмкін. Дегенмен, сөйлем контексіне 
қарап, жалпы мағынасын білеміз. Мысалы, Қосауызын асынып аңға кетті. Қолымды айыр-
құйрық шағып алды. Қосауыздағы «ауыз» «кәдімгі ауыз» емес, айырқұйрық «қандай құй-
рық?» деген сұраққа жауап беріп тұрған жоқ. Ендеше атау сыңарлары өз мағынасында емес, 

41
сәл ауытқып тұрса, жеке сұраққа емес, ортақ бір сұраққа жауап берсе, ондай сөздерді бөлек 


жазуға ешқандай себеп жоқ. Бұл мағынасына қарап, бірге не бөлек жазуға интуитивті түр-
де итермелейді. Сонымен тура мағынасынан сәл ауытқып тұрған сыңарлары бар сөздерді 
бірге таңбалау керек. 
Қандай жағдайда сөздердің бірге жазылатынына күманданбау керек?
Сөздің қай сыңарына қарап, бірге не бөлек екенін аңғаруға болады?
Егер контекстен күманданған сөздің қандай да бір белгісіз, көрмеген заттың аты немесе 
бұрын естімеген ұғымның атауы екені байқалса, әрі екі сыңардың да тура, өз мағынасында 
емес, мүлде басқа бір мағынаға көшіп тұрғаны аңғарылса, мұндай сөздер бірге жазылады. 
Сонымен екі сыңары да ауыспалы мағынада тұрып, нақты зат не ұғым атауы болса, бірге 
жазылуға бейім. Мағыналық өзгерістер әсіресе үш сөзден тұрып, жиі қайталана келе соңғы, 
жалпы  мағынадағы  сыңарын  түсіреді.  Мысалы:  қос  ауыз  мылтық  –  қосауыз,  егеу  құйрық 
тышқан – егеуқұйрық, бұзаутіс қамшы – бұзаутіс, шөгел табан бүркіт – шөгелтабан.
Сөз өз мағынасынан сәл де болса ауытқымаса, бірге жазыла алмайды және соңғы сыңар 
не жалпы мағыналы сөз, не ауыспалы мағынадағы сөз болмаса бірге жазылмайды. 
Мысалы, ас үй деген тіркесті алайық. Ас үй сөзі 2000 жылғы емле сөздігіне дейін бөлек 
жазылды, 2007, 2013 жылғы емле сөздіктерінде бірге жазылады. Себебі үй сөзі тура мағы-
насында тұрғанымен, «орын», әйтеуір бір «баспана» деген жалпы мағынаға көшті және үй 
сөзі тіркесінің соңғы сыңары болып отыр. 
Бұл сөздердің жазылуында шатасулар болуы мүмкін және болып та жүр. Яғни жоғары-
дағы қатардан көп айырмашылығы жоқ біраз сөздер бөлек те жазылатынын айтып оты-
рмыз. Мысалы, келіссөз, қарасөз, шаршысөз сөздеріне ұқсайтын алғы сөз, соңғы сөз бөлек 
жазылады. Сол сияқты саптыаяқ, жүкаяқ, итаяқ, шоқаяқ, мамаяқ, үшаяқ, шотаяқ сияқты 
құрал  атаулары,  алаяқ,  қоңылтаяқ  сияқты  ұғым  атаулары  қазақ  тілінің  орфографиялық 
сөздігінде бірге жазылады. Бұл аяқ сыңарының көпмағыналылығынан және соңғы сыңар 
болуынан туындайды. 
Қазақ  тілінің  бір  ерекшелігі  күрделі  сөз  сыңарларының    мағынасындағы  өзгеріс  жа-
зылуында мүмкіндігінше көрініс тауып отырады. Бірақ ол – процесс түрінде баяу жүреді. 
Сол себепті сөздердің біріккен, тіркескен, кіріккен не қос сөз болуының мазмұны мен кес-
кінделуі  сай  келмей  жатады.  Сөзжасамдық  бір  үлгідегі  сөздердің  бірі  бірігу  процесінен 
өткен, енді бірі бірігу процесінде, енді бірі бірігу алдында тұруы мүмкін. Жазарман тілдік 
интуициясы арқылы мазмұн мен тұрпатты сәйкестендіріп дұрыс таңбалай алар еді. Бол-
маса  емле  сөздігіне  сай  таңбалайды.  Мысалы,  сарымай/сармай,қызыл  май,  қара  май;  ақ-
май, тоң май; іш май, құйрықмай, жілік май, шарбымай, бүйрек май; сұйықмай, өсімдік майы, 
зәйтүн майы; жер май, қара май деген сөздердің соңғы сыңарлары ортақ болғандықтан, 
бір үлгімен жасалғандай көрінеді. Алайда алдыңғы үшеуі – сарымай/сармай,ақмай, қызыл 
май – сын есім мен зат есім тіркесі;  соңғылары зат есім-зат есім тіркесі. Сын есім-зат есім 
тіркесінде сындық мағына көмескіленген. Қ. Жұбанов «сары майдың ақ, көгілдір түрлері 
де кездеседі», – дейді. Сары май – әбден шайқалып, сүтінен мұқият ажыратылған, қойдың 
қарнына ұзақ уақыт сақтала сары түсін сақтаған, басқа тағамдық майлардан құнарлылығы 
өте жоғары май. Уақыт өте келе оның түсінің сап-сары, сары, ақшыл сары, ақ сары, көгілдір 
болуы емес, оның құнарлылығы, сапасының жоғары, яғни сапа ұзақтығы мәнге ие бола-
ды. Тұрақты сыңарымен бірігіп қана атау болатынын «түсінеді». Мағынасы көмескіленген 
сыңар «көмекті» қасындағы сыңардан «іздейді». Сондықтан сарымай, қарамай (техн.май), 
қызылмай (дәрілік май) сөздеріндегі сары, қызыл, қара сөздері өз мағынасынан ауытқып, 
май сыңарымен бірігіп қана толыққанды атауға айнала алады. Бұл бірігу процесі (әсіресе 
сарымай мен қарамай) ұзақ уақытты алған. Ол ұзақтық бір сөздің бірге, ал соған ұқсас енді 
бір сөздің бөлек жазылып жүре беруіне әкеледі. Сөйтіп, біз модельдердің сырт тұрпатына 
қарап: «мына сөз бірге, ал мына сөз неге бөлек? деген әңгіме шығарамыз. 
Қазақ лингвистикасының тұңғыш профессоры Құдайберген Жұбанов 30-жылдары бірік-
кен сөздерді қалыпқа түскен ортақ заңы жоқ, заңсыз қосынды деген, біріккен сөздердің 

42
пайда болуының ұзақ сонарлы процесс екенін, аралық жағдайда көп жүріп, жалған көзқарас 


қалыптастыру мүмкіндігін ескерткен! «Қарға» қара құс болғанмен де қара құс емес, ақ сары, 
қарақұс, қара құс болмағанмен де, қарақұс» деген зерттеушінің сөзі – біріккен сөз жасалуы-
ның семантикалық жолының тамаша мысалы. Ал қолғап сөзін түсіндіргені естеріңізде бар 
ма? Көреген ғалым қолғап сөзіндегі қап сыңары «мешок» мағынасында емес, «чехол» мағы-
насында қолданылғандықтан, тіркескен сөз бірігетінін айтады. Уық қап, кереге қап, аяқ қап 
деген қап сыңарымен келетін өзге күрделі сөздерден өз заманы сөзжасамындағы айыр-
машылығын осылай танытқан. Сонымен, сарымай, қолғап сөздері – қазақ сөздерінің табиғи 
жолмен бірігу процесін басынан өткізген сөздер. Ал қызылмай, қарамай сөздері бірігу про-
цесіндегі сөздер, сондықтан оны емле сөздігі біріктіріп, сөздіктердің реестріне шығарады. 
Өйткені емле сөздігіндегі орфограммалар бас-аяғы 5-10 жылда қолданысқа еніп тұрақтана-
ды. Сондықтан бірігу процесінде тұрған сөздерді емле сөздігі алдын ала біріктіріп отырады. 
Қазақ тіліндегі бірге ме, бөлек пе? деген сұрау осы – мағыналық өзгерістер арқылы біріккен 
және сол деңгейге келе жатқан сөздердің арасында көп. 
Дегенмен сөздің соңғы сыңары тура мағынасында тұрса, олар көбінесе бөлек жазылатынын, 
ал  сөздің соңғы сыңары сәл ауытқып келсе, ондай сөздер бірге жазылатынын білген жөн. 
2-tapsyrma. Berіlgen ataýlardy anyqtamalarymen sáıkestendіrіńіz.
1. Oramanan
A. Júk astyna qoıatyn tórt aıaqty aǵashtan jasalǵan buıym.
2. Taskómir
В. Ýaqytsha mekendeý úshin jerden qazylyp, tóbesi jabylǵan baspana 
nemese urys dalasyńdaǵy áskerlerdiń ýaqytsha baspanasy.
3. Jertóle
С. Et, kartop, pıaz, sábiz salyp, orap, býǵa pisiretin taǵam.
4. Júkaıaq
D. Jerden keýleı qazylyp alynatyn otyn.
5. Jertóle
E. Batpaqty jerlerde bolatyn otyńdyqzat, torf.
3-tapsyrma. Sózderdі oqyp, jasalý jolyn túsіndіrіńіz.
Kempiraýyz,  botagóz,  ıtmuryn,  káriqyz,  kúısandyq,  kúıtabaq,  qazanshuńqyr,  shildeqońyz, 
túıetaýyq, ekiqabat, kempirqosaq, shıkizat.
4-tapsyrma. Sózderdі emlege sáıkes ekі baǵanǵa bólіp jazyńyz.
 
Birge jazylatyn  sózder
Bólek jazylatyn sózder
Jer tóle
Jer asty
Jumsaq tósek
Qus tósek
Qonaq úı
Úlken úı
Tátti nan
Orama nan
Tas kómir
Ystyq kómir
Úlken qoıma
Jer qoıma

43
5-tapsyrma. Sýrettegi zattardyń ataýlaryn jazyńyz. 


 
 
6-tapsyrma. Sýretke qarap, ataýlardyń jalpy maǵynadaǵy syńaryn tolyqtyryp jazyńyz.
Úlgi:1. Qosaýyz (myltyq).
1. Qosaýyz (__________) 
4. Egeýquiryq (________) 
7. Buzaýtis (___________)
2. Kókserke (__________)  5. Qosaıaq (___________) 
8. Jelaiaq (____________)
3. Kókjal (____________) 
6. Qoshqarmúıіz (______) 
9. Aıyrquıryq (________).
 
1

44
 7-tapsyrma. Sózderdiń birge ne bólek jazylýyn anyqtap, bos baǵanǵa jazyńyz.


Kók / baýyr
As / úı 
Qol / bala
Tor / qapshyq
Qos / aǵasy
Qol / óner 
Júk / aıaq
Qonaq / asy
Qara / shirik
Кіріккен сөздер құрамы мен белгілері
Біріккен сөздер ауызша айтылғанда дыбыстық өзгеріске көп ұшырайды. Мысалы: көгет, кө-
гөніс, айырғұйрұқ, бетпұрұс. Дыбыстардың алмасуы, редукция, буынның жылысуы бір ырғақтық 
топтағы сөз бен сөздің, буын мен буынның арасында жиі. Бірақ біріккен сөз сыңарларының 
түбір тұлғасы негізінен сақталып жазылады. Дегенмен тіліміз әлі жазуға түспеген, жазба тіл әлі 
қалыптанбаған, ауызша тілдің басым кезеңінде буынымен кірігіп айтылуы нормаланып кет-
кен сөздер кіріккен қалпында жазылады. Мысалы: алып кет – әкет, кеселді апат – кесапат, бұл 
күн – бүгін, білек жүзік – білезік т.б. Сондай-ақ, әсіресе айнымалы ы, і қ, к, п дыбыс тары сыңар 
жігінде келетін сөздерде бұл дыбыстар ұяңданып жазылып кетті. Мысалы: алагөбе/алакөбе, 
ұланғайыр/ұланқайыр, қым-ғуыт/қым-қуыт, көк ет/көгет, кішігірім/кіші кірім, жедеқабыл/же-
деғабыл, ежеғабыл/ежеқабыл, арагідік/аракідік, апыл-құпыл/апыл-ғұпыл, қиян-кескі/қиян-гескі, 
көл-көсір/көл-гөсір,  алағаншық/алақаншық,  алагеуім/алакеуім,бейқам/бейғам,  байғұс/байқұс, 
жегжат/жекжат,  миғұла/миқұла,  сайгүлік/сайкүлік,  саргідір/саркідір,  ерғашты/ерқашты, 
соғұрлым/сол  құрлым,    неғұрлым/не  құрлым,  байғұтан/байқұтан,  қолғап/қолқап,  қолғанат/
қолқанат, алағұс (әумесер) /алақұс, алагүшік (жау қолына түскен жесір) /алакүшік, алакүлік/
алагүлік,  айғабақ/айқабақ,  айғұлақ/айқұлақ,  анағұрлым/анақұрлым,  әнеугүні/әнеукүні,  байға-
зы/байқазы, байғұс/байқұс, байғұтан/байқұтан, байғыз / байқыз т.б. Біріккен сөздердің кірігуі 
әсіресе мағынасы көмескіленген сыңарларды қамтиды. Кірігіп жазылатын сөздер көбінесе қ 
дыбысының ғ-ға ұяңдауы арқылы көренді: алагөбе, алагеуім, алагүлік, көгал, көгорай, жегжат, 
кішігірім, саргідір, байғазы, жарғанат, байғұтан, бозғонақ, сайгүлік, саргүйек, азғана, алағаншық, 
анағұрлым, неғұрлым, қарағүс, қолғабыс, қолғанат, жедеғабыл т.б. Және сыңарлар жігіндегі ы, 
і дауыстыларының түсіп қалуымен көрінеді: мойнақ, өлара, өлтірі, сарауру, сарбұға және т.б. 
Дегенмен қайталап айтсақ, біріккен сөздер негізінен сыңар түбірлерін сақтап жазылады. Ал 
жоғарыдағы  көрсетілгендер  жазу-сызудың  алғашқы  жылдарында  кірігіп  жазылуы  дағдыға, 
дәстүрге айналып кеткен қатарлар. Және сөз мағынасы көмескіленген сыңарлардың дыбыста-
ры кірігіп отырады. Алайда бұл жаппай норма емес, сондықтан жаңа жазудың алғашқы жылда-
рында емле сөздігінен қарап отыруды әдетке айналдыру қажет.

45
1-tapsyrma. Sýretterge qarap, kúrdeli ataýdy tabyńyz. Jasalý jolyn túsindirińiz.


    
 
     

  ЕРЕЖЕ
§102.  Біріккен  және  кіріккен  сөздер  буын  жігімен  тасымалданады:  de-malys,  dema-lys 
(dem-alys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес).
2-tapsyrma. Kirikken sózderdi býynǵa bólip oqyńyz. 
Bıyl, búgin, belbeý, belýar, bilezik, qolǵap, seksen, toqsan, túregel, áper, óıt, búıt, belbaý, báısheshek, 
ashýdas, óıtkeni, sóıtip, bárekeldi, áper, túregel, alańǵasar, alageýim, jelǵabyz, jalmaýyz, salpaýyz, 
ıtarshy, báıterek, tańerteń, ájeptáýir, qaıyn, aǵaıyn, demalys, kógoraı.
3-tapsyrma. Baǵandardaǵy sózderdi sáıkestendirińiz, jańa álіpbımen jazyńyz.
1) алдыңгүні 
a) олай деу
Aldyńgúni - aldyńǵy kúni
2) болғасын 
á) болған соң
3) ендігәрі 
b) не қылып
4) әкету 
d) бұлай ету
5) бүйту 
e) қара ала құс 
6) өйдеу 
f) алмақсың ба
7) өйту 
g) олай ету
8) алмақпысың 
ǵ) алдыңғы күні
9) неғып 
h) алып кету
10) қарлығаш
i) ендігіден әрі
 
4-tapsyrma. Qaramen jazylǵan sózderdiń ornyna tıisti kirikken sózdi qoıyp, sóılemderdi oqyńyz.
Buny da satyp almaqsyń ba? Aıtyp bolǵan soń ne der eken degendeı aýzyma qarady. Aldyńǵy 
kúni bolǵan oqıǵa edi. Balalardyń bárin alyp ket bul jerden! Ún-túnsiz ne qylyp otyrsyń? Endigiden 
ary qaıtalanbaıtyn bolsyn! Bulaı (etip) otyra bergen bizge jaraspas. Túneýgi kúni bolǵan oqıǵa 
jurttyń áli esinde.

46
5-tapsyrma. Durys jazylǵan sózderdі anyqtap, jazylý sebebin aıtyńyz.


алты атар
алтатар
алтыатар
жаздыгүні
жаздыкүні
жазды күні
келісап
келсап
келі сап
қолқанат
қол қанат
қолғанат
6-tapsyrma. Durys jazylǵan sózdi belgileńiz.
Сары май \\ сармай \\ сарымай; алааяқ \\ алаяқ \\ала аяқ; сары ауру \\ сарауру \\ са-
рауру, өлара \\ өлі ара\\ өліара, сары кідір \\ сарыгідір\\ саргідір, алағаншық боран \\ ала 
қаншық боран \\ алақаншық боран.
7-tapsyrma. Durys jazylǵan sózderdi belgilep, sebebin túsindirińiz.
қыргүйек
қыр күйек
көк орай
көк өніс
көгөніс
олай ет
шек ара
шегара
жаздың күні
Нұркелді
Нұргелді
тоғыз он 
көл-көсір
көлгөсір
өмір ұзақ

47
8


KÚRDELİ SÓZ BEN TURAQTY TİRKESTERDİŃ BİRİKKEN 
SÓZDERMEN ARAQATYNASY JÁNE EMLESİ
КҮРДЕЛІ СӨЗ БЕН БІРІККЕН СӨЗДІҢ АРАЖІГІН АЖЫРАТУ 
ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМЛЕСІ
Қазіргі  БАҚ,  мектеп  жазба  жұмыстарындағы  басты  қате  анықтауыштық  қатынастағы 
бөлек  жазылатын  сөздердің  емлесінен  кетеді.  Алдымен  күрделі  сөз,  біріккен  сөз  деген 
ұғымдарды және бірге жазылу, бөлек жазылу деген емле терминдерін анықтап алу керек. 
Бір  ұғымды  білдіретін  күрделі  сөздер  негізінен  бөлек  жазылады  (ат  қора,  бас  маман, 
ғылыми  қызметкер),  дефиспен  жазылады  (ақ-қара,  ұрда-жық,  ата-ана)  және  бірге  жазы-
лады  (қарабүлдірген,  қойбүлдірген).  Күрделі  сөздердің  бөлек  жазылатын  себебі  сыңарла-
ры тура мағынасында тұрады, анықтаушы-анықталушы қатынаста болады, бірақ бір зат 
не ұғымның немесе сипаттың атауы болады. Ал күрделі сөздер көпшілік қолданыста бірде 
бірге, бірде бөлек жазылып жүрсе, онда бұндай сөздердің сыңар мағыналарында өзгеріс-
тер болып жатыр, ол өзгерістерді тілді қолданушы интуитивті түрде танып жатыр деген 
сөз. Бірақ норма біреу, ортақ болуы тиіс. Норманы емле сөздігі реттейді. Сондықтан емле 
сөздігі бірігу процесі аяқталды деген тұлғаларды ғана біріктіріп қалыптандырады. Қазақ 
тілінің  бір  ерекшелігі  күрделі  сөз  сыңарларының  арасындағы  мағыналық-құрылымдық 
тұрпатында мүмкіндігінше көрініс тауып отырады. Бірақ ол процесс түрінде баяу жүреді. 
Сол себепті сөздердің біріккен, тіркескен, кіріккен не қос сөз болуының мазмұны мен кес-
кінделуі  сай  келмей  жатады.  Сөзжасамдық  бір  үлгідегі  сөздердің  бірі  бірігу  процесінен 
өткен, енді бірі бірігу процесінде, енді бірі бірігу алдында тұруы мүмкін. Егер жазарман-
ның тілдік білімі жоғары болса, тілдік интуициясы арқылы мазмұн мен тұрпатты сәйкес-
тендіріп дұрыс таңбалайды. Мысалы, жазу тәжірибесінде мал басы деген сөзді бірге жазып 
қою кездеспейді. Өйткені ол «малдың басы, тірі малдың өзі»  деген тура мағынасында тұр. 
Ал мыңбасы, түменбасы, батырбасы, елубасы, зынданбасы немесе соғымбасы деген сөздер 
бірге жазылады. Мұндағы «басы» сөзі «бастық», «басқарушы» деген ауыспалы мағынада 
тұр. Ал соғымбасы сөзі «соғымның басын ғана асып беру» емес, «соғымнан соғымға аман- 
есен жете берейік деп берілген үлкен қонақтықты» білдіреді. Сол сияқты ауызүй, төр үй, қо-
нақүй, асүй сөздері қазіргі емле сөздігінде бірге жазылады. Өйткені мұндағы үй сөзі «бөлме» 
мағынасында, ауысып қолданылып тұр. Ал киіз үй сөзін кейде бірге жазып қою кездеседі. 
Оның себебі бұл – ұлттық баспана атауы болып, тұтас ұғым ретінде қабылданады. Бірақ 
емеле сөздігі бұны бөлек таңбалап келді. Сіз қалай ойлайсыз: бөлек пе, бірге ме? Сол сияқты 
отау үй (жаңа отау көтерген ұлдың үйі), боз үй (қонақ түсетін үй), қара үй (ас-су дайындай-
тын үй), ақ боз үй (үй иелерінің, отбасы үлкендерінің үйі), қоңыр үй күрделі сөздерін кей 
көркем әдебиеттерде бірге жазу кездеседі. Өйткені бұл сөздер бірге жазылу процесінің ал-
дында тұрған сөздер. Мұндай сөздердің қалай жазылатыны нақты Орфографиялық сөздік-
те көрсетіледі. Ал кірпіш үй, ағаш үй,  тас үй, балшық үй, шатырлы үй, тоқал үй, жиналмалы 
үй, жер үй, жолым үй, қараша үй сөздері бөлек жазылатын күрделі сөздер. Өйткені бұл сөз 
сыңарлары анықтаушы анықталушы қатынаста тұр.
Жалпы, емле сөздігіндегі орфограммалар бас-аяғы 5-10 жылда жаппай қолданысқа еніп, 
тұрақтанады. Сондықтан бірігу процесінде тұрған сөздерді емле сөздігі алдын ала бірік-
тіріп отырады.

48
ҚАЗАҚ  ТІЛІНДЕ БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ПАЙДА БОЛУЫ:


- алдымен ұғымдар мен атаулар толық мағыналы сөздермен сипатталады: ат тұратын 
қора, қолға киетін қап деген сияқты;
- бұл құрылымдар заттардың, мөлшердің, мезгілдің, көлемнің атаулары ретінде «тұрақты 
контекске» айналып, қолданыста үнемі қайталанады;
-  сыңарлар  арасындағы  грамматикалық  байланыс,  қатыстық-анықтауыштық  мағына 
әлсірей бастайды;
-  синтаксистік  мағынаның  әлсіреуі  сыңарларды  үнемі  «қолтықтастырады»,  сөйтіп 
құрылым (сипаттама құрылым деп алсақ та болады) тіл тезінде универбтеледі, бірігеді, 
кірігеді, қысқарады, бүтін сөзге айналады.
Сипаттамалы құрылымнан сөз тіркесі, сөз тіркесінен тіркескен сөз, одан біріккен сөз пай-
да болады. Өзі сипаттаған зат, я құбылыстың толыққанды атауы болып бекиді. Тілдің сөздік 
қорын арттырады. Сондықтан сөздік қорды байытатын біріккен сөзді жасайтын тіркескен 
сөздерді күрделі сөз, тіркесті түбір, атаулы тіркес, түйдекті тіркестер, шектеулі 
тіркес, лексикаланған тіркес синтаксистік сөз тіркестерімен салыстырудың, сөз тіркесі 
құрамында қараудың олардың сыңарлары арасынан синтаксистік қатынас іздеудің қажеті 
жоқ, артық. В. Виноградов: «Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретін-
де қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті кұралдарының 
саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді», 
– деген. Бұндай аталымдарды сөйлем мүшесіне, сөз тіркесіне талдауға ыңғайлы болу үшін 
ғана осы өрістен шығармай отырсақ, сөздік қор байымайды, сөз жасалмайды, сөзжасамдық 
тәсілге тұсау саламыз. Мұндай сөзжасам процесі басқа тілдерде бар, мысалы, неміс тілінде: 
das Waldhaus> das Haus im Walde >das Haus steht im Walde. 
Проф. А. Ысқақов: «Практикалық тұрғыдан қарағанда жалаң сөздердің өресі жетпейтін 
қызмет атқарады, олардың олқылықтарын толтырады, ал теориялық тұрғыдан, дара сөз-
дермен жарыса өмір сүріп, сол дара сөздердің тууына негіз болып қызмет етеді», – дейді. 
«Қабысқан сөз тіркестері түйдекті топқа, одан біріккен сөзге айналу процесінде, бір сөз-
ге айналғанда олардың біртіндеп синтаксистік байланысы ыдырап кетеді. Сол процестің 
ұзақтығынан, бірігу дәрежелерінің әртүрлі болатындығынан біріккен сөзді айырып тану 
қиын», - дейді. М.Балақаев. «Біріктіру – жинақылықтың белгісі. Жинақылық – мәдениетілік-
тің нышаны. Мәдениетті елдің жазуы тілдегі сөз тұтастығын бұзбай, адамдардың психоло-
гиялық ойлау қабілетіне сәйкес болуға тиіс. Адамның жазу әрекеті мен көру әрекеті үй-
лесіп, қалыптасқан сайын тілдік сана-сезім күшейе түседі».
1-tapsyrma. Sózderdi jańa álіpbımen jazyńyz. Birge ne bólek jazýyńyzdyń sebebin túsindirińiz.
Қара/шай, сары/май, ат/қора, ас/қасық, бас/сүйек, жалаң/аяқ, тоқ/ішек, ақ/құман, жез/
құман, шойын/құман, аяқ/киім, бас/киім, іш/киім, сырт/киім.
2-tapsyrma. Sózderdiń leksıkalyq maǵynalaryn oqyp, birge/bólek jazylý sebebin túsindirińiz.
1. AǴASH INE
Qap, qanarlardyń aýzyn tigý úshin qoldanylatyn, aǵashtan jasalǵan jýaldyz, 
teben.
2. AǴASHAIAQ
1. Aǵashtan jasalǵan ydys. 
2. Aǵashtan jasalǵan protez.
3. Eki aıaqqa tańyp alatyn bıleýge bolatyn syryq, qada.
3. AǴASHKÓMIR 
Aǵashtyń shala janǵan, otynǵa paıdalanatyn bóligi.

49
4. AǴASHTARAQ 


1. Attyń quıryqjalyn taraıtyn qural. 
5. AIRAN KÓJE
Tary, bıdaı, kúrish, arpa jarmalarynan qaınatylǵan kójege aıran qosylǵan 
túri.
6. AISYRǴA
Syrǵanyń aı sıaqty etip jasalatyn túri.
7. AQBALSHYQ
Úı qabyrǵasyn sylaıtyn aqshyl balshyq túri.
8. AQJAŃBYR 
Uzaq jaýatyn jaýyn.
3-tapsyrma. Bólek jazylatyn kúrdeli sóz ben birikken sózdiń emlesin anyqtaýdyń joldaryn jazyńyz.
Kúrdeli sóz bólek jazylady, eger:
Kúrdeli sóz birge jazylady, eger:
- Syńarlary jeke suraqqa jaýap berse;
- Syńarlary týra maǵynasynan aýytqysa;
-
-
-
Аң, құс, өсімдіктердің күрделі атауларының емлесін 
меңгерту тәсілдері
Қазақ  тіліндегі  өсімдік,  құс,  жәндік  атаулары  көбінесе  екі  сыңардан  тұрады.  Өсімдік, 
құс,  аң  атауының  соңғы  сыңары  бүтіннің  бөлшегі  болса,  әрі  атау  өмірдегі  басқа  бір  зат,                            
құбылыспен ұқсастыра аталса, онда мұндай сөздерді бірге таңбаланады. Мысалы, қарақұй-
рық (аң), қозықұйрық (өсімдік), қоянқұйрық (өсімдік), құланқұйрық (өсімдік), қызылқұйрық 
құмтышқан, қызылқұйрық торғай; қылқұйрық (құс). Яғни «қарғаның тұяғы сияқты», «аты-
ның  құлағы  сияқты»,  «биенің  қарны  тәрізді»,  «жыланның  тілі  іспеттес»,  «кәрі  қыздай», 
«кемпірдің қосағы» секілді, «тауық көзіндей» деп, өмірдегі етене таныс құбылыстармен ас-
социация жасай аталған. 
Кемінде  екі  компоненттен  тұратын  өсімдік  атауларының  емлесіне  қатысты  мынадай 
жайттар бар:
- өсімдік кұрама атауының соңғы сыңары шөп, көк, от, құрак, шалғын, қурай, ағаш, егін 
тәрізді жалпы, дерексіз сипаттағы сөздер болып келсе: айдаршөп, қараот, айылқияқ, ақегін, 
балқурай, сарағаш т.б;
-  өсімдік,  жануар,  аң-құс  атауларының  бірінші  сыңары  aq,  qara,  sary,  kók,  qyzyl,  ala,  boz 
тәрізді түс атауларымен келсе; 
- өсімдік мүше атаулары (тамыр, мұрт, сабақ, жеміс, қат, жидек, жапырақ, гүл, тікен, 
бұта), яғни жалпыға ортақ бүтіннің бөлшегі болып келсе: бөрігүл, бөріжеміс, айылжапырақ, 
бозтікен;
- екі сыңары да, кейде бір сыңары өз дербестігінен айырылып, не ауыспалы мағынада 
қолданылса: түйетабан, құлынембес, далантопшы, құртқашаш;
- бірінші сыңары мал, аң, құс жалпы атаулары қой, сиыр, аю, қоян, болмаса may, шөл, құм, 
дала, екінші сыңары нақты өсімдік, аң-құс атаулары құмбетеге, сиыржоңышқа, қойқарақат, 
итошаған, итбүлдірген сияқты сөздер болса, бірге жазылады.
Бұлардың ішінде түспен келетін биологиялық және зоологиялық атаулар негізінен бірге 
жазылады. Сондықтан осы қатар арнайы ереже бабына ие болып отыр. Ал қалған өсімдік, 
жануар атаулары жаппай бірге жазыла бермейді.
Бұл сөз мағынасын берудегі ғылыми-терминологиялық бағытқа саяды. Мұнда ұғымның 
ғылыми, терминологиялық мағынасы маңызды. Мысалы, сиыржоңышқа, таспажоңышқа, 

50
түйежоңышқаөз алдына жеке-жеке өсімдіктер болғандықтан, олардың компоненттері дер-


бес  мағынасында  колданылып  тұрғанына  қарамастан  бірге  жазылуы  керек.  Сол  сияқты    
қараөрік (слива) сөзі ағашы да, жемісі де өрік (абрикос) жемісіне қатысы жоқ бөлек өсімдік 
атауы болғандықтан біріктіріледі.
Көпшілік қауым қолданыстағы терминдер мен өсімдік, жан-жануар, жәндік, құс атаула-
рының терминологиялық мағынасын білуі шарт емес. Қатардағы оқырман ақбас жусан түр 
атау ма, туыс атау ма деп ойланып отырмайды немесе қараөрік сөзін өрікке қатысы жоқ 
екен деп, бірге жаза алмайды. 
Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының құрамы мен құрылысын, семантикасын зерттеген 
проф. Б.Қалиевтің көпқұрамды өсімдік атауларының жазылуы, сөздікте берілуі, әсіресе сөз-
дердің бірігу тәсілі жайлы айтқан құнды пікірлері бар. Мысалы, ғалым аю дәрі, еркек, зәй-
түн, мыңбас, сарбас, майқара атауларының аюдың ақ дәрісі, еркек шөп, зәйтүн шиты, мың-
бас шырмауық, сарбас қурай, майқара жусан сияқты көп құрамды атаудан ықшамдалғанын 
көрсетеді. Сондай-ақ, ғалымның айтуы бойынша, ақбас жусан, көкбек жусандар жусан түр-
лері емес, біреуі алабота туысына, біреуі шөптесін өсімдіктер туысына жататын өсімдік-
тер, сондықтан бұндай атаулар біріктіріліп реестрге шығарылуы керек.
Қазіргі қазақ тілінде шөп сөзімен келетін 80 шақты өсімдік атауы бар екен. Олар: айдаршөп, 
айланшөп, арамшөп, арпашөп, ашуайтшөп, әлекшөп, барқытшөп, балшөп, бауыршөп, бояу шөп, 
бөденешөп,  бұқарашөп,  елекшөп,  елікшөп,  еменшөп,  еңлікшөп,  еркекшөп,  жаншөп,  жасаңшөп, 
жебіршөп, жемшөп, жұмыршөп, жұлдызшөп, жұпаршөп, жылаңқышөп, жындышөп, келіншек-
шөп, кенешөп, кемпіршөп, киікшөп, көкекшөп, көкбасшөп, кірпішөп, күреңшөп, қабыршөп, қан-
далашөп, қандышөп, қарабасшөп, қасықшөп, кенепшөп, кияқшөп, қияршөп, қарғашөп, қояншөп, 
құмайшөп,  қорғасыншөп,  қызшөп,  тұзшөп,  қылтықшөп,  ләйлекшөп,  мақташөп,  мизамшөп, 
ойраншөп, өгейшөп, өлеңшөп, сабыншөп, саздақшөп, сасықшөп, сауыршөп, сәбізшөп, сәлемшөп, 
семсершөп,  сортаңшөп,  соршөп,  сүйелшөп,  сылдыршөп,  талақшөп,  тамыршөп,  тартаршөп, 
тасшөп,  толғақшөп,  томағашөп,  тұншықшөп,  түктішөп,  шайыршөп,  шәрешөп,  шүйіншөп, 
шөрешөп, шайшөп, сағызшөп т.б. Мұнда шөп сөзі «жер бетіне жасыл болып шығатын көкорай 
шалғын, балауса» деген нақты мағынасында әр алуан сипаттағы сөздермен бірігіп, «өсімдік», 
«көк» сияқты барлығына ортақ стандарт мағынасы бар өсімдік атауларын жасайды.
«Түрлі-түсті, үлбіреген, хош иісті өсімдіктің» жалпы атауы гүл сөзі де елу шақты өсімдік 
атауларының кұрамында әр сипатты сөздермен тіркесіп, бәріне ортақ «гүлді бұта», «гүлді 
өсімдік» мағынасы бар атау жасайды. Мысалы, азагүл, айгүл, ақгүл, әлпігүл, әсемгүл, безекгүл, 
беренгүл, бөрігүл, бөрікгүл, дәстүргүл, ерінгүл, еңлікгүл, жанамагүл, жанаргүл, жарқынгүл, 
жарықгүл, жатағангүл, жұлдызгүл, жұпаргүл, запырангүл, кекірегүл, кербезгүл, көкбасгүл, 
көкгүл, көкшегүл, қалтагул, қозыгүл, қолтықгүл, құралайгүл, қырмызыгүл, лалагүл, меруерт-
гүл, наргүл, намазгүл, райхангүл, раушангүл, сарыгүл, секпілгүл, себетгүл, таугүл, тегеурін-
гүл, тегісгүл, ұягүл, шегіргүл, шерменгүл, інжугүл, ымыртгүл т.б.
Сондай-ақ, тіке, жапырақ, тамыр сияқты өсімдіктің бөлшек атауларымен келіп, өсімдік 
атауын жасаса, бірге жазылады: қанатжапырақ, дәмжапырақ, бесжапырақ, бозгүлжапырақ, 
бұйражапырақ,  бақажапырақ,  бабажапырақ,  балжапырақ  т.б.  Құс,  балық,  құрт,  жидек, 
жеміс, қат сияқты жалпы атаулармен келген өсімдік, жәндік, жидек атаулары бірге жазыла-
ды: бұзаубалық, бұрымбалық, білеубалық, қарабалық, қойбалық, қызылбалық, қылышбалық  т.б.

  ЕРЕЖЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет