Ехро -2017көрмесі



Дата01.01.2021
өлшемі0.75 Mb.

ЕХРО -2017көрмесі
ЕХРО-2017 көрмесі–бір жарым ғасырлық тарихы бар бүкіләлемдік көрме. Әлемдік деңгейдегі көрмені өткізу тәуелсіздіктің ширек ғасырында жас мемлекетіміздің еншісінебұйырыпты.

Еліміздің Астанасында маусым айында басталған көрме алыс-жақын шет елдерден келген келушілерге есігін айқара ашты. Жаздың аптап ыстығына қарамастан, еліміздің әр өңірінен көрмені тамашалағандар қатарында оқушылар, студенттер, ұстаздар т.б үлкен-кіші, жас-кәрілер бәрі де болды.

Біздің Қоянды орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары да көрмеге барып, ерекше әсерге бөленіп қайтты. Бізге өз еліміздің жаңа технология бойынша Күн жүйесінің құрылымын таныстыруы, Айға жасаған саяхаты, Жел энергетикасы, күн сәулесімен жүретін машиналар, су диірмендері т.б. ұнады. Бір сөзбен айтқанда, баламалы энергия көзі кеңінен насихатталған. Сондай-ақ, биоэнергетика, елімізде өсірілетін дәнді-дақылдардың алуан түрін көріп, таңданысымызды жасыра алмадық.

Ал, әр елдің павильондарында өз көрмелері қойылған. Көрмеде қолөнер бұйымдары, өнеркәсіп, жаңа технология бұйымдары келушілер назарын өзіне аударды. Австралия павильоны әр түрлі қалдықтардан энергияның балама көзін көрсетсе, Жапон елі жаңа технология бойынша күн энергиясын ұсынған. Қытай елі павильонында 3Д форматында Шанхайға саяхат жасадық. Ал Түркия павильонында түрік ұлтының мәдениеті кеңінен насихатталған.



Қорыта айта болсақ, EXPO-2017 көрмесінде өз еліміз және әлемнің біршама мемлекеті өздерінің ең үздік техникалық, ғылыми, мәдени жетістіктерін ұсынған. Бәсі биік бәсекеде еліміз әлемдік деңгейдегі шараны лайықты ұйымдастырған деуге болады. Көрме арқылы әлемнің қай бағытта дамып жатқанына куә болып қайттық.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хожа Динар


Каталог: arc -> attach -> 681
attach -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
attach -> Ауэзов мухтар омарханович
attach -> Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2018-2019 учебном году
attach -> Методическое письмо ǀ 2017-2018 учебный год
attach -> «Ардақтайық ананы!» ( ертеңгілік ) Тәрбиешілер: Жармуханбетова А. М
attach -> Тілім- тірегім, соғып тұрған жүрегім
attach -> Сабақ тақырыбы: Астана таза қала
attach -> Қатысты: 25 адам Кездесу жұмысына қатысты: Ә. Кауметов – Шортанды ауданының «Білім беру бөлімі»
attach -> 22 наурыз мерекесіне арналған «Ана мен бала» сайысы


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет