Белтерек ауылдық округі әкімі Д. Дюсенбаевтың Белтерек ауылдық округінің 2015 жылда атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндамасы



Дата02.05.2016
өлшемі50.85 Kb.
Белтерек ауылдық округі әкімі Д. Дюсенбаевтың Белтерек ауылдық округінің 2015 жылда атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндамасы

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашада «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы жарияланды. Жолдауда Елбасымыз дағдарыстан шығудың негізгі қадамдары аталған. Мемлекетімізді сақтандыруда елбасымыз сол дағдарысқа қарсы стратегияның негізгі 7 элементтерін атап өтті:



  1. Индустриалды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы. Шикізаттық ресурстарға тәуелді емес экономика құру.

  2. Инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы.

Ұлттық валюта еркін бағамға өтті.

  1. «Ұлт жоспары. 5 индустриалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»

  2. Ұлттық қор құрылды және алтын-валюталық резервтер жиналды.

  3. Мұнай бағасы ары қарай түскен жағдайдағы іс-қимылдардың ойластырылған нұсқалары әзірленді.

  4. Дағдарыс жағдайындағы экономикалық өсудің драйверлері – инновациялық индустрияландыру аясындағы экономиканың жаңа секторлары.

  5. Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 60 пайыздан астам өсті.

Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие. Мемлекет басшысы айтқандай «Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты. Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік, шынықтық және нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Біздің халқымыз бұған дейін ешқашан бүгінгідей жақсы өмір сүрген емес»деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыз күнгі № 615 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында «2015 жылғы Белтерек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тұрғындар алдында округ әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебімді ұсынамын.

Белтерек ауылдық округі әкімшілік аумағында 4 елді мекен, 163 шаңырақ, 711 адам тұрады. 2015 жыл ішінде дүниеге 10 нәресте келді, қайтыс болғандар саны 3 , округ аумағына келгендер саны - 17, кеткендер - 44.

Округтегі бір орта, бір негізгі мектепте – 126 /75+51/ оқушы, оның ішінде 1 сыныпқа барған бүлдіршіндер саны -14. Даярлық сыныпта оқитындар 14, кіші орталықта тәрбиеленушілер бала саны – 46.

Екі фельдшерлік бөлімше, бір мал дәргерлік пункт, бес мал сою алаңы және бір наубайхана, 45 шаруа қожалығы, 5 жеке кәсіпкер тұрақты түрде жұмыс істеуде.

Жұмыспен қамтылған адамдардың саны - 368, оның ішінде ауыл шаруашылығында -110, орта және шағын бизнесте – 19, мемлекеттік мекемелерде - 55 /18+14, 14+9/, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар -148, басқа салада - 34.

Округте 17 адам жұмыспен қамтылды. Тіркелген жұмыссыздар саны 4 адам. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағыты шеңберінде 2 адамнан өтініш түсіп бүгінгі күні екеуі несие алып жұмысын жүргізуде. Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша 2 ЖОО және колледж бітірген студенттері жастар іс-тәжірибесінен өтіп жұмысқа орналасты.

«Өрлеу» бағдарламасы іске асыру жөнінде округте жұмыстар атқарылуда. Округте «Өрлеу» бағдарламасына аз қамтылған 10 адаммен жұмыстар жүргізіліп, оның ішінде 5 жанұяға «Өрлеу» жобасы арқылы ақшалай көмек тағайындалды. 2015 жылы 8- Март ауылы елді мекеніне сомасы 720 мың теңгеге жарықтандыру мақсатында 15 баған орнатылды.

2015 жылға ауыл шаруашылық көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда:

3585 бас ірі қара, 114 %, 471 басқа өсті, Қой басы - 15170, 111% -1593 басқа өсті. Ешкі басы – 2309, 102% - 63 бас өсті, Жылқы басы -1288,111% -128 басқа өсті. Құс - 1352, 104% -52 өсті. Сонымен қатар жыл ішінде округте 3 шаруа қожалығы ірі қара мал басын өсіруді қолға алғандықтан қой, ешкі басын азайтты және мүлде ұстамайтындары да бар.

Мал шаруашылығының өнімі артып, барлық түрлерінен өсіп отыр. Осы мерзімде 9622 тонна ет, 23473 тонна сүт, 366 тонна жүн, 151 мың дана жұмыртқа алынып, төл алу бойынша барлық түрінен орындалды.

Асыл тұқымды мал басын дамыту жұмыстары атқарылуда. Берілген жоспар бойынша 12 бас асыл тұқымды бұқа алу тапсырылған, «Арман», «Қаратас», «Марал», «Атамекен», «Аружан», «Бахтияр», «Арнұр» шаруа қожалықтары барлығы 12 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Округ көлемінде дизенфекция жұмыстары жүргізіліп шаруа қожалықтар мен жеке меншікте барлығы 7296 шаршы метр қоражайға 86 мың теңгенің дизенфекциясы жасалды. Округте жоспар бойынша 10 мың 600 тонна шөп берілді, 11 мың 950 тонна шөп дайындалып, 112,7%-ға орындалды.

Округте АО «КазАгрофинанс» қоры арқылы 2015 жылы «Аружан» шаруа қожалығы 3 млн. теңгеге трактор сатылып алды.

2011-2015 жылдар аралығында несие арқылы 29 млн 300мың теңгеге 139 бас ірі қара, 354 бас қой, 43 бас жылқы сатып алынды. Сонымен қатар 2015 жылы «Жұмыспен қамту- 2020» жол картасы бағдарламасының екінші бағыт шеңберінде несиеге 4 млн.600мың теңгеге ұсыныс түсіріліп оның біреуі 8бас сүтті бағыттағы ірі қара мал алды, екіншісі қымыз өндіру үшін 10 бас жылқы алды. Сонымен қатар 2015 жылы «Сайлауғазы» шаруа қожалығы ашылды.

Округ бойынша жергілікті салықтың түсімі 1млн 170 мың 53 теңгені құрады, жоспар 141 пайызға орындалды. 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жоспар 53 пайызға артты.

Әлеуметтік ынтымақтастық меморандумы бойынша шаруа қожалықтары басшылары, кәсіпкерлермен әр түрлі әлеуметтік мәселелер /ыстық тамақпен қамту, жол жөндеу, санитарлық тазалық, білім, мәдениет, спорт салалары т.б./ бойынша 2 млн. 873 мың теңгеге меморандум шарттары жасалып, 2 млн. 873 мың. теңгенің жұмыстары атқарылды. Меморандум аясында екі мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.

Округке қарасты елді мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы өткізілген 3 айлық барысында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 480 тонна қоқыс шығарылды, округ аумағындағы 160 тұрғын үй аулалары, 5 мекеме, 3 шақырым ауыл көшелеріне тазарту жұмыстары жүргізілді.

Көгалдандыру бойынша 100 түп ағаш отырғызылып, 30 м² гүлзарлар отырғызылды. Ауыл ішіндегі су құбырлары мен су тартқыш құбырғыларға толықтай залалсаздандыру жұмыстары атқарылды. Үш айлыққа 300 адам қатысты.

Барлық мекемелердің жылу қазандықтары, жылу жүйесі, су айдағыш насостары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, тексеру жұмыстары атқарылдып қатты отынмен толықтай қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Жігіт сұлтаны» атты байқаулар, Халықтар бірлігі күні, Жеңіс күні, Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелері атап өтілді. Сонымен қатар ауыл жастары Шар қаласында өткен Аманғажы Мыңжанұлы Әліповтың естелігіне арналған 23-ші волейбол турнирында 1 орын иеленді.

2016 жылдың 1 жартыжылдығына әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша мерзімді басылымдарға жазылу 107 % орындалды.

Округ әкімі жанынан ақсақалдар кеңесі /төрағасы О. Билялов/, әйелдер кеңесі /Б. Амралинова/, жастар ұйымы құрылған. «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымы мүшелерінің саны – 110 адам. Қоғамдық құрылымдар барлық мәдени іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға араласып, өз үлестерін қосуда.

Теңге бағамының өзгеруіне байланысты, күнделікті тұтыну тауарларының негізсіз өсіміне жол бермей мақсатында жұмыс тобы құрылып, дүкен иелерімен үстеме бағаны 10 пайыздан асырмау жөніндегі меморандум шарттарын орындау бойынша әңгімелер жүргізілді. Баға өсіміне қатысты тұрғындардан арыз-шағымдар түсіргендер жоқ.

Біз Бүгінгі таңда жолдауға сәйкес округіміз бойынша жұмыссыздар санын көбейтпеуіміз керектігін ескере отырып, алдағы уақытта шаруа қожалықтары басшыларымен бірлесе отырып мал бордақылау алаңын ашу, мал басын асылдандыру жұмыстарын дамыту сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция көздерін тарту және оның көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Белтерек ауылдық округі әкімі Д. Дюсенбаев
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет