Бейбітшілік ел арманы



Дата30.04.2016
өлшемі49.04 Kb.
БЕЙБІТШІЛІК - ЕЛ АРМАНЫ
Жуырда республика астанасы Алматы халықаралық ядролық жарылысқа қарсы конгресс болып өткен еді. Конгресс жұмысына біздің ауданыыздан халықаралық антиядролық Невада-Семей қозғалысының мүшелері Толеубай Әбілдин мен Кәріпбек Күйіков арнайы шақыру бойынша барып, қатысып қайтты.

Таяуда біз көпшілікке жақсы танымал қылқалам шебері Кәріпбек Күйіковке жолығып, астанаға барған сапары жайлы әңгімелеп беруін өтінген едік.

- Алматыда өткен бұл жиынға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген делегаттармен қатар АҚШ, Германия, Франция, Жапония, Ресей сияқты ірі мемлекеттердің де өкілдері қатысты. Конгрестің ашылу күнінің 29 тамызға белгіленуі тегін емес еді. Өйткені 1949 жылдың нақ осы күнінде, яғни, 29 тамызда Семей полигонында бұрынғы Кеңес Одағының бірінші ядролық сынағы өткізілген. Ал 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигонын жабу жөніндегі құжат күшіне енді. "Невада - Семей" халықаралық ядролық жарылысқа қарсы қозғалысының президенті Олжас Омарұлының баяндамасында және басқа да қатысушылардың сөзінде жоғарыда айтылған екі күнмен қатар, дәл осы тамыз айында Нагасаки мен Хиросимаға атом бомбаларын тастаумен ядролық дәуірдің басталғандығы, 1963 жылдың тамызында ғарышта, атмосфера мен суда атом қаруын сынауды тоқтату туралы шартқа қол қойылғандылығы туралы ерекше атап өтілді.

Конгреске қатысушылар алдында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Семей ядролық полигоны жабылғаннан кейін Қазақстан парламенті мен үкіметінің ядролық жарылыстардың зардабын жою және айналадағы ортаны сауықтыру туралы шешімдер қабылдағанын айтты. Оны талдап, дайындауға және іске асыруға "Невада-Семей" қозғалысының сарапшылары қатысуда. Халықтың кауіпсіздігіне республика көлемінде тұңғыш рет осылайша назар аударылды, Алайда басқа да мемлекеттердің көмегінсіз бұл мәселелерді өз күшімізбен орындауымыз мүмкін еместігі айдан анық.

Мемллекет басшысы, экологиялық проблемаларды шешу туралы әртүрлі талантардың бұл бағыттағы нақты жұмысты алмастыра алмайтындығын атап өтті. Бұл радиоактивті қалдыктарды көму сияқты күрдеді мәселеге де қатысты. Біз қалдықтарымызды өз жерімізге көмуге мәжбүр екендігімізді түсінуге тиіспіз. Ғалымдар мен жобалаушылар жұртшылық өкілдерімен бірлесіп жобаның экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан ұтымды жақтарын табуға тиіс. Әзіріге Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды сенімді бақылауды қамтамасыз ете алатын бірде-бір аймақтық обьекті жоқ деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев Президент ядролық жарылыстардың әлеуметтік экономикалық зардаптары туралы айта келіп, ғалымдар мен ресми адамдар әзірше ядролық жарылыстардың тек саны, жасалған жері, түрлері туралы толғанып жүргендігін атап өтті. Бүгінгі таңда мәселені кеңінен қою керек, Қазақстанда да дүниежүзінің барлық "ядролық" аймақтарында да жарылыстарды қоршаған орта мен халыққа тигізетін әсеріне жан-жақты экологиялық баға беру қажет. Зардап шеккендерді әлеуметтік-экономикамикалық тұрғыдан қорғау, халықты экологиялық, биомедициналық және психологиялық тұрғыдан ақтау, психологиялық мәселелерді шешуді құқықтық және саяси тұрғыдан реттеу, экономикалық кепілдік жүйелерін жасау мәселелері басым бағыт алуға тиіс - деп атап көрсетті.

Тәуелсіз республикамыздың басшысы Қазақстанның ядролық жарылыстар мен атомдық жанжалдардың радияциялық әсерінен жапа шеккендердің өзіндік біртұтас ғалымдық реестрін жасау туралы бастама көтеруге әзір екендігін білдірді Бұл жұмысты дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық экологиялық құрылымдар жүргізе алар еді.

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық жарылысқа қарсы қозғалыстың "Жер мен адамның қайта түлеуі " бағдарламасын жасау бастамасын қолдады. Бұл бағдарлама экологиялық қауіпсіздік пен зардап шеккендерді сауықтыру жайдарын, оларды әлеметтік тұрғыдан қорғау аймақтарының экологиялық мәселелерін белгілеу жөнінде кейбір мемлекеттік ғылыми жобалардан озық келеді деген пікір айтты. Ол ақыр аяғында қозғалыстың өз мақсатына қару-жарақтың атомдық және басқа түрлерін сынаудың барлық жолдарына толық тыйым салуға қол жеткізгендігіне сенім білдірді. Мемлекет басшысы өз сөзінің соңында атомдық қаруы бар елдердің үкіметтеріне ядролық, химиялық, биологиялық жап-пай қырып-жоятын қарудың барлық түрлерін сынауға мораторийді 2005 жылға дейін ұзарту туралы бастама көтеріп, үндеу тастады.

Дүниежүзіндегі адамзат өмірі ядролық сынақтарға байланысты күні бүгінге дейін аса зор шығынға батып отырғанына конгреске қатысушылардың көпшілігі тоқталып өтті, Осы орайда қытайдың Лоп-Нор пол-игонындағы жарылыстардың экологиялық зардабына алаңдаушылық білдірілді. Ғылыми топтар Лоп-Нор әскерінің біздің табиғатымыз бен адамдарымыздың денсаулығына салқынын тигізіп отырғанының ерекше атап айтты. Себебі ауаға жайылған радиация шекара дегенді білмейді. Екі елдің, яғнн Қытай мен Қазақстан ғалымдары мен іскер топтары қоса жұмыс жасаса бұл аймақтың жағдайын едәуір жақсартуға болатындығы тілге тиек етілді.

Алайда қазақ елінің бастамасын Ресей, Франция, АҚШ, Ұлыбритания қолдап, қол жеткізген мараторийге Қытай халық республикасының қосылмауы дүниежүзі елдеріне алаңдаушылық туғызып отыр.

Бүкіл әлемнің әр түкпірінен өкілдер жиналып өткізіліп отырған бұл конгрестің де басты мақсаты Қытай елінің халқы мен мемлекет басшыларын атом қаруын сынауға қарсы мараторийді қолдауға шақыру болатын.

Конгресс жұмысына көптеген ұйымдар мен қозғалыстар бел-сенді түрде қатысты. Солардың бірі медицина қызметкерлерінің ұйымы, Олар астананың ғылым үйінде өздерінің Пленумын өткізіп, қоршаған орта мен жұртшылықты жан-жақты тексеріп, зерттеулер жүргізу жөнінде көптеген өзекті мәселелерді талқылады.

Монголиядан келген ақын ағайынымыз, халқының қамы үшін күресіп жүрген абзал жүректі азаматты тәрбиелеп өсірген Олжастың анасына шексіз алғыс айтып, арнап жазған өлеңін оқыды. Семей облысы Абралы ауданынан барған балалар көркемөнерпаздар тобы, жиналған көпшілік қауым алдында өз өнерлерін көрсетті Конгрестің басынан аяғына дейін менің суреттерімнің көрмесі өткізілді.

Халықаралық "Невада-Семей" қозғалысы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Президентіне жер шарындағы полигондарды қатаң бақылауға алып, барлығын жа-буға ықпал жасауы жөнінде арнайы талап-хат жолдады.

Ядролық қаруға қарсы ынтымақ конгресі өз жұмысын бірінші қыркүйек күні Шоқан Уәлиханов ескерткіші жанында митинг өткізумен аяқтады, Ми-тингіге конгресс делегаттарымен бірге қала халқы да көптеп жиналды. Жина.лған қауым ал-дына шығып сөйлеушілер Лоп-Нор полигонының зияны жер жүзіне тиетінің айтып жатты. Бүгінде төрт полигон үнсіз тұрғанымен олардың Қытай жаққа алаңдап отырғанын жасыруға болмайды, Егер Қытай үкіметі мораторийге қосылмаса басқа полигондарда да от тұтанбасына кім кепілдік береді.

Митингіде сөйлеген сөзінде Олжас Омарұлы Сүлейменов: Дүниежүзінде бес полигон бар. Қазір оның төртеуі үнсіз тұр. Тек Қытайдағы Лоп-Нор ғана ешкімді тыңдамай отыр. Біздің 1995 жылға дейінгі мақсатымыз бесінші полигонды да ауыздықтау Бес-минус-бес. Жойылсын полигон! - деген ұран тастады.
Әңгімені жазып алған С. КӘМЕНҰЛЫ.

Суретте: қылқалам шебері Кәрәпбек Күйіков.


Балқантау.-1993.-9 қазан
Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved
Kraeved -> Тоқырауды тудырған толқу
Kraeved -> Шәйір атындағы шаһардың тойы
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Балажан ақын
Kraeved -> Алаштың арда туған Әлімханы Халқымызда «Жақсы адам – қазына»
Kraeved -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Қасым поэзиясындағы балладалар
Kraeved -> Қарқаралы арқадағы Гүлстан Облысымыздың атаулары
Kraeved -> Зобалаң жылдарында Қазыналы қарашаңырақ
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет