«Аяулы анашым!» №11 «Арай» балабақшасы №3 «Алтын сақа» пдк ортаңғы тобы Тәрбиешілер: Абдирова А.Қ



Дата01.01.2021
өлшемі44 Kb.

«Аяулы анашым!»

11 «Арай» балабақшасы

3 «Алтын сақа» ПДК ортаңғы тобы

Тәрбиешілер: Абдирова А.Қ.

Кекенова А.Ж.
Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жоспар:


  • Ән «Құттықтаймын мама»

  • Ойын: «Гүл құрастыру»

  • Ән «Әже»

  • Ойын: «Кім жылдам гүл егеді»

  • Фокустар

  • Би: «Вальс»

Әдемі әуенмен залға балалар кіріп, жарты шеңберге тұрады.



  1. Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы әжелер, асыл аналар және біздің кішкене ханшайымдарымыз!Бүгін бізде үлкен мереке!

  1. Жүргізуші:

Балалар, айтыңдаршы.

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

Ол кім?


Балалар: Анашым!

  1. Жүргізуші:

Жүрегіме жыр шашып,

Нұр төгетін Сіз екен.



Құтты болсын анашым,

Балалар: Құтты болсын мерекең!

  1. Жүргізуші:

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Құттықтаймын мама» сөзі: М.Мақатаев, әні: Н.Тілендиев.

(үнтаспа қойылып көктем әуені естіледі).

  1. Жүргізуші:

  • Балалар, қазір кай жыл мезгілі? Білесіңдер ме?

Балалар: - Көктем мезгілі.

  • Дұрыс, балалар! Көктемде қандай табиғатта өзгерістер болады?

  • Күн жылынады, қар ериді, жылғалар ағады, құстар қайтып келеді, ағаштар бүршік атады.

(көңілді музыка ойналады, осы кезде ару көктем келеді).

  1. Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа Көктем келіпті

-Сәлеметсіңбе, Көктем! Мерекелі Көктем айы біздің балабақшаға қош келдің!

(Көктем ортада билеп балаларды мерекесімен құттықтайды. )

-Көктем: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!  Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр. Мен сіздерді Көктем мерекесімен құттықтаймын! 
Ару көктем: Балалар, мен сендерге ойын ала келдім

Ойын: «Гүл құрастыру»

Жүргізуші: Асыл әжелерімізге арнаған әніміз:

Ән «Әже» (Айгүл Досмаганбетова)

Жүргізуші: Балалар, ал енді жылдамдығымызды тексерейік:

Ойын: «Кім жылдам гүл егеді»

(көңілді музыка ойналады)

Сайқымазақ жүгіріп кіреді:

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерді Көктем мерекесімен құттықтаймын! Балалар, мен фокус өте жақсы көремін! Ал сендерше?

Фокустар
Гүлмен. Бір гүлді қорапшаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты.
- Ой, неге боянбайды.
Жүргізуші: - сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ:
- Фокус, мокус. (Қорапшаның ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.

Би: «Вальс»

Жүргізуші:
- Ал енді , біздің аналарға арналған сыйлықтарды қабыл етіңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет