Аудан әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 14 наурыздағы №52



Дата03.05.2016
өлшемі93.9 Kb.


Аудан әкiмдiгiнiң

2013 жылғы 14 наурыздағы №52


қаулысымен бекiтiлген

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының  9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.

2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган). Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде селолық округтің әкімі мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және уәкілетті органға жібереді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесі 91, электрондық пошта: Shyngyrlaurozsp@mail.ru, телефондар: 8(71137)33147; 33552.

Селолық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушыларға) көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

уәкілетті органға – жеті жұмыс күн күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша селолық округтің әкіміне – жиырма екі жұмыс күн күнінен кешіктірмей;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның, селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.

Уәкілетті органның және селолық округ әкімінің үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай болады, үй-жайға кіру режимі – еркін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11-тармағына айқындалған құжаттарды тапсырады.

13. Тұтынушы қажетті құжаттардың барлығын уәкілетті органға немесе селолық окург әкіміне тапсырғаннан кейін тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) селолық округ әкімі;

 2) уәкілетті органның қызметкері;

3) уәкілетті органның басшысы.

16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды



тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет регламентіне 1-қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша селолық округтер әкімі аппараттарының тiзбесі


Р/с №

Шыңғырлау ауданындағы селолық округ әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекен - жайы

Байланыс деректерi

1

«Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Тайманова көшесі 90а

8(71137)33750


2

«Белогор селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091205, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Белогор ауылы Садовая көшесі 102

8(71137)25103


3

«Полтава селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091208, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Полтава ауылы Жастар көшесі 12

8(71137)25310


4

«Алмаз селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091202, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы Рахимова көшесі 69

8(71137)51475


5

«Лубен селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091206, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Лубен ауылы Мұхамбетов көшесі 52

8(71137)23233


6

«Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091207, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылы Абай көшесі 18

8(71137)51574


7

«Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091210, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылы Сагирбаев көшесі 230

8(71137)33790


8

«Қызылкөл селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Клышев көшесі 87а

8(71137)33790


9

«Ащысай селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі

Индекс 091204, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылы Бейбітшілік көшесі 22

8(71137)25544




«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

тағайындау» мемлекеттiк қызмет

регламентіне 2-қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы





іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1

Ауыл округінің әкімі

ҚФБ -2

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ -3

Уәкілетті органның басшысы

1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді.


№1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді.


№1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның маманына жіберу



2 іс-әрекет

Құжаттарды уәклетті органға жібереді


2 іс-әрекет

АӘК тағайындалғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның бастшысына жіберу және дайындау


3 іс-әрекет

Тұтынушыға уәкілетті органнан АӘК тағайындалғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


3 іс-әрекет

Тұтынушыға АӘК тағайындалғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру


Орындау мерзімі:

уәкілетті орган – жеті жұмыс күн күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша селолық округтің әкім – жиырма екі жұмыс күн

күнінен кешіктірмей;


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

тағайындау» мемлекеттік қызмет

регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба









Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет