8апта тіл туралы заны



бет1/29
Дата17.12.2020
өлшемі157.12 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


8АПТА 1. Тіл туралы заны

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. - Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы



Тарихы:Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.

Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар:Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет.

Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет.

Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.

Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық аәпарат және қоғамдық келiсiм Департаментi, прокуратура органдарымен бiрiгiп, тiл туралы Заң талаптарының орындалуына дЎйектi тұрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.

Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс

2. Желтоксан окигасы

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.



Себептері:Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі.Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК(Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті. )-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.



3.Мемлекеттик рамиздер

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

4.93 95 конституция

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.

Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік

мемлекет тәуелсіздігі

билікті бөлісу принципі

қазақ тілін мемлекеттік деп тану

Президентті мемлекет басшысы деп тану.сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

9АПТА 1.Қазақстанда тұнғыш рет президент сайлауының өткізілуі

1991 жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заңды қабылдады. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретіндей белгілеген қаулы да шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды. Айта кетерлігі, Президент лауазымына үміткер ретінде сайлауға 3 кандидат ниет білдірген болатын. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Олжас Сүлейменов және Хасен Қожа-Ахмет. Кейіннен сайлау күніне аз қалғанда ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтынын мәлімдеп, сайлаудан өз кандидатурасын алып тастады. Ал Хасен Қожа-Ахмет өзін қолдайтын сайлаушылардың ең төменгі шегін жинай алмай, Орталық сайлау комиссиясы оны тіркеуден бас тартты. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде бірден-бір кандидат болып шықты.

Заңның 1 бабына сәйкес Қазақ КСРПрезидентін Қазақ КСР азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды. Қазақ КСР Президенті болып Қазақ КСР отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, Қазақ КСР аумағында кемінде он жыл түрақты түрған, қазақ және орыс тілдерін меңгерген азаматы сайлана алды. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Қазақ КСР Президенті бола алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР Президентін сайлау 1991 ж. 1 желтоқсанына[6] белгіленді. Сайлау қорытындысын шығарғаннан кейін Қазақ КСР-інің тұңғыш жалпы халық сайлаған Президенті Н. Ә. Назарбаев болды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет