5 Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясын ашып, дәлелдеудің пәні және дәлелдемелер ұғымын ашып түсініктеме беріңіз



Дата17.05.2020
өлшемі156.47 Kb.
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Құқығының түсінігі, жүйесі, мақсаттары мен принциптерiн атап өтіп,анықтамасын беріңіз.

2) Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттiк органдар мен тұлғаларды талқылап,түсініктеме беріңіз.

3) Қылмыстық iзге түсу ұғымын ашыңыз. Қылмыстық iзге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарды атап өтіп,талқылаңыз .

4) Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, iс жүргiзу мерзiмдерiнің уақытын анықтап түсіндірме беріңіз.



5) Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясын ашып, дәлелдеудің пәні және дәлелдемелер ұғымын ашып түсініктеме беріңіз.

1. Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы. Қылмыстық процесте дәлелдеу мен дәлелдемелермен қызметінің алатын орны ерекше. Өйткені тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздерін анықтау осы аталған институттармен тікелей байланысты. Яғни, адамның қылмыс жасағандығын, кінәлілігін дәлелдеумен байланысты. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі және ол келесі құбылыстар мен нормалар мен тығыз байланысты. Біріншіден, дәлелдемелердің ұғымы, түрлері және жіктелуі; Екіншіден, дәлелдеу субьектілері және олардың өкілеттіліктері; Үшіншіден, дәлелдеу қызметі және жекелеген элементтері; Төртіншіден, дәлелдеу әдіс-тәсілдері, тактикасы мен қолданылатын техникалық құралдар; Бесіншіден, дәлелдемелерді бағалау.

Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – дәлелдеу мен дәлелдемелер институттарына қатысты теориялық ілімдердің, тұжырымдамалардың, доктриналардың, көзқарастардың жиынтығы.

Дәлелдемелер құқығы - бұл дәлелдемелер мен дәлелдеу элементтеріне қатысты арнайы қылмыстық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы. Ескерту: ол тек 115-131 б ғана емес (15-16 тарау) басқада ҚІЖК нормалары.

2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері. ҚІЖК 115-б. Дәлелдемелердің мынадай анықтамасы берілген – қылмыстық заңда көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, оның кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін, маңызы бар өзгеде мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер.

Заңға сәйкес дәлелдемелердің келесі шектеулі түрлері бар:1) сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулері; 2) сарапшының қорытындысы; 3) аттай айғақтар; 4) іс жүргізу хаттамалары және өзгеде құжаттар.

Дәлелдемелердің жіктелуі. Дәлелдемелер теориясына сай дәлелдемелер әртүрлі негізге сай жіктеледі:1) дәлелдеу көздерімен байланысы бойынша. Жеке және заттай дәлелдемелер болып бөлінеді. Жеке дәлелдемелер – адамдардан алынады (куәнің, сезіктінің көрсетулері).

2) алғашқы және туынды дәлелдемелер. Алғашқы дәлелдемелер – бірінші көзден алынған дәлелдемелер. Туынды – яғни, бұл алғашқы дәлелмелерге керісінше, туынды емес, басқа көздерден алынған дәлелдемелер.

3) Дәлелдемелердің сипаты бойынша: ақтаушы және айыптаушы дәлелдемелер.

4) Тікелей және жанама дәлелдемелер. Қылмыс жасағанын нақты меңзейтін дәлелдемелер тікелей деп аталады, ал жанама дегеніміз – болғанын көрсетеді, бірақ ол қылмыс жасағаны немесе жасамағаны белгісіз.



3. Дәлелдеу пәні. Дәлелдеу пәні дегеніміз – қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс мән-жайлардың жиынтығы. ҚІЖК 17-б сәйкес оған келесі мән-жайлар жатады: 1) қылмыс оқиғасы және қылмыс құрамы (уақыты, орны, жағдайлар); 2) осы тыйым салған әрекетті кімнің жасағаны; 3) оның кінәлігі және кінәсінің нысандары; 4) қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлар; 5) қылмыстың зардаптары (жәбірленушіге өтеп беру үшін, қалпына келтіру); 6) келтірілген ияны мен мөлшері; 7) қылмыстық әрекеттерін жоққа шығаратын мән-жайлар (аса қажеттілік, орынды тәуекел); 8) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкелетін мән-жайлар; 9) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар.

Ал кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс бойынша ҚК 481-б. Көрсетілген мән-жайлар көрсетілу тиіс (нақты жаса, тәрбиелену жағдайы және өмір сүру жағдайлары, психо-физиологиялық және интеллектуалдық даму деңгейі, өз құрдастары мен ересектер ықпалы).


6) Сот қарауының түрі, мәнісі, ұғымы деген анықтамаларды атап,түсініктеме беріңіз.

7) Жедел Іздестіру Қызметінің нәтижелері, оларды пайдаланудың тәртібі туралы және Жедел Іздестіру Қызметінің Қылмыстық іс жүргізу қызметімен өзара қатынасы туралы дәйекті түсініктеме беріңіз.

8) Алдын ала тергеудің аяқталу тәртібі және түрлеріне тоқталып,дұрыс анықтама беріңіз.

9) Сот өндірісіндегі есі дұрыс емес адамдарға медициналық мәжбүрлеу шараларын қолданудың нақты тәртібін түсіндіріңіз .

10) Жаза және оның құрылуының тәртібінің мағынасы, түсінігі туралы анықтамасын беріңіз.

11) Қылмыстық істің қозғалуының сатысы туралы түсініктеме беріңіз.



1. Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне «Қылмыстық іс қозғау» деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол «Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу» деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:

- қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан былай - ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық1 бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушылар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;

- қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінщ сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;

-қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.

Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.

ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес «іс бойынша іс жүргізу» — қылмыстық іс қозғау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдершің жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында «қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мьшадай ойларды растай түседі:

- қылмыстық іс қозғау жөне сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;

- қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес;

- қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді.

Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз - бұл қылмыстық процестің ең бірінші жөне міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышарттың бар-жоғын анықтайды.

Қылмыстық іс қозғау фактісінің қылмыстық ізге түсумен бірдей еместігін есте сақтау қажет. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы — қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған жөне бұл адам соrрus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы - бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде «факті бойынша қылмыстық іс қозғау» деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды — автордың ескертпесі). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысыңда анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.

Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.

Бұрын қылмыстық іс қозғаудың анықтамасын жасауда біз қылмыстық процестің бұл бөлігін дербес саты деп атағанбыз. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіндік белгілерге ие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.

Сонымен, қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада:

-уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажеттігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды;

- қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған.

- ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметгің барысыңца туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады;

- уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегі дұрыс


ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.

Қылмыстық іс қозғау сатыларының мақсаттары мыналар:

- қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;

- осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау;

- екінші мақсатпен өзара байланысты - осы сатыда сотқа дейінгі
қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау.

Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ак қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетті түрде жауап қайтаруын көздейді.

Қылмыстық іс қозғау сатысының міндеттері ҚІЖК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлі адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міндеттерінен келіл шығады.

Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дөлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша - қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойышпа ақиқатты анықтау мүмкін болмай қалады.

Сонымен қатар, А.П. Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезендерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар)2 бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды.

Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлі адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуге негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, қылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге екеп соқтыруы мүмкін.3

Бұл позиция Д.Терентьевтің пікірімен сөйкес келеді, ол қылмыстық іс қозғау сатысының маңызы мен міндеттерін бағалай келе, былай деп жазған: «Жасалған қылмысқа көз жетушілік дәрежесіне келетін болсақ, онда қылмыстық іс қозғауда әдебиеттерде көрсетілетініндей, жасалған немесе дайындальш жатқан қылмыс туралы нанымды қорытындыныққа алу міндетті емес»4.

Бұл мәселенің мәнін барынша терең түсшдірген М.С. Строгович былай деп жазады: «Қылмыстық іс қозғау үшін жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде дөлелді жорамалдың болуы жеткілікті. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыс жасалды деген белгілі бір ықтималдық дәрежесінен басталады»5.

Жоғарыда баяндалған қағидалар қылмыстық іс қозғаудың осы сатысының қатысушылары болып табылатын адамдардың арасында іс жүргізу сатысында заңмен белгіленген міндеттерді қылмыстық сот ісін жургізудің пайда болуы мен дамуына ұштасатын белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жасау арқылы шешуге болады деп анықтауға негіз болады6.

12) Алдын ала тергеудің жалпы шарттарының мағынасы және жүйесі, түсінігі туралы талқылаңыз.

Алдын ала тергеу — қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық іс жүргізу сатысы. Алдын ала тергеу органдары бұл сатыда жасалған қылмыстың барлық мəн-жайларын: қылмыс оқиғасын, айыпталушының тұлғасын, оның кінəлілігі мен қылмыстық ниетін, келтірілген шығынның мөлшерін, қылмыстың жасалуына түрткі болған себептер мен жағдайларды жəне т.б. егжей-тегжейлі анықтауға міндетті. Аталған мəн-жайларды анықтап, бағалау алдын ала жүргізіледі, себебі Сот үкімі  заңды түрде күшіне енген күнінен бастап қана адам кінəлі болып саналатыны белгілі.

Сонымен, алдын ала тергеу — қылмыстарды ашу, кінəлілерді əшкерелеу, оларды айыпталушы ретінде белгілі бір негізбен тарту, қылмыстық істің барлық мəн-жайларын анықтау жəне қылмыстық іс жүргізудің өзге де міндеттерін шешу бойынша анықтау органдарының, алдын ала тергеу жəне прокуратураның заңмен реттелген қызметі.



Профессор Н.А.Якубович алдын ала тергеудің мынадай міндеттерін атайды:

  • қылмыстардық тез жəне толықтай ашу, кінəлілерді əшкерелеу;

  • қылмыстық істің мəн-жайларын жан-жақты, толық жəне объективті түрде зерттеу;

  • дəлелдемелерді табу жəне оларды кейін болатын соттық талқылау үдерісінде қолдану үшін іс жүргізу бойынша бекіту;

  • кінəсіздерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды болдырмау бойынша адамды айыпталушы ретінде тартуды заңдылықпен болдырмау;

  • қылмыстық іс өндірісіне айыпталушының қатысуын қамтамасыз ету жəне оның басқа да қылмыстық əрекеттерге баруын болдырмау;

  • қылмыстың келтірген шығын мөлшерін анықтау жəне оны өтеу шараларын қолдануын қамтамасыз ету;

  • қылмыстың жасалуына түрткі болған себептер мен жағдайларды анықтау жəне оларды жою бойынша шаралар қолдану.

К.К.Панько пікірі бойынша, қызмет түрі ретінде алдын ала тергеудің мынадай   өлшем-белгілері бар:

  • құзырлы орган қылмыс құрамының объективті жақтарының белгілерін көрсеткен себептер мен жеткілікті айғақтар болса ғана алдын ала тергеу басталады;

  • алдын ала тергеу — қашан да қылмыстық процессуалдық əрекет;

  • алдын ала тергеуді заңмен белгіленген сотқа дейінгі қылмыстық-процессуалдық əрекетті жүзеге асыруға өкілеттілігі бар арнаулы маман ғана жүргізе алады.

Алдын- ала тергеу сатысы – қылмыстың мән-жайлары, келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері, қылмыстық-құқықтық саралау туралы тергеу әрекеттер арқылы дәлелдемелер   жиналып тергеу версиясы қалыптасатын сотқа дейінгі қылмыстық процестің ауқымды бөлімі болып табылады. Алдын-ала тергеу қылмыстық іс қозғалғаннан кейін басталатын саты. Алдын- ала тергеу екі нысанада жүргізіледі: 1) анықтау , 2) алдын ала тергеу.

Алдын-ала тергеу сатысы  келесі нысанда аяқталуы мүмкін:

-  қылмыстық істі қысқарту;

-  айыптау қорытынды;

-  медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін  істі сотқа жіберу.


Заңға, қылмыстық-процессуалдық  өндірістің  принциптері  мен жалпы  шарттарына  негізделген алдын ала тергеу қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізуге, құқықтық тəртіпті  нығайтуға, азаматтардың заңдық тəртіпті қалтқысыз сақтауына негіз болады. Сондай-ақ, керісінше, алдын ала тергеуді негізсіз жүзеге асыру, алдына қойған міндеттерді қылмыстық істі қозғау сатысындағыдай жүзеге асыру қоғам мен мемлекетке, жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне үлкен зиян келтіретін заңдылықты өрескел бұзу болып табылады.

Алдын ала тергеу сатысында тергеушілер мен анықтаушылардың тергеу барысында қозғалатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, адамға, оның еркін жүріп-тұруы мен тұрғылықты мекенін өз қалауынша таңдап алуына, тұрғын үйлеріне, жеке басы мен отбасының құпияларына қол сұғылмаушылығына кепілдік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясын сақтаулары міндетті. Олардың бұзылмауы үшін алдын ала тергеу жəне анықтау жүргізетін органдар тергеу мен іздестіру əрекеттерінің əрқайсысын жеке жəне олардың бəрінің бірдей жиынтықталуын реттейтін қылмыстық-процессуалдық нормаларды бұлжытпай сақтаулары тиіс.

Тергеу тəжірибесінде кездесіп қалатын қылмыстылыққа қарсы күресті «күшейтуді» желеу еткен процессуалдық тұрғыдан ат үсті қарау болмауы керек. Тергеу органдарының тек қылмыстық- процессуалдық заңды сақтауы ғана ақиқатты анықтау мақсатындағы дəлелдемелерді  жинап, зерттеуге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Əрі, керісінше, белгіленген талаптарды сақтамау қылмысқа қарсы күрестің нашарлауына тікелей апарады, өйткені дəлелдемелер өзінің сапасын жоғалтып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанның нақты қылмыс жасағандығына күмəн тудырады. Əлбетте, Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа ие, анықтау жəне алдын ала тергеу барысында қолданылатын барлық заңдар мен өзге де нормативтік актілер сақталуы тиіс. Алдымен қылмыстық-процессуалдық заңның сөз болатындығы, өйткені тек соның ғана нормалары тергеу əрекеттерінің мазмұны мен тəртібін белгілейді.

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жан-жақтылық, толық, объективтілік  дейтін талаптарға да жауап беруі қажет. Мұндай талаптар тергеу органдарын жасалған қылмыстың барлық мəн-жайлары мен сипаты туралы, іс бойынша мəні бар мəн-жайларды зерттеуін, барлық дəлелдемелерді ыждағатты бағалуын міндеттейді.

Алданы ала тергеуде жан-жақтылық, толық жəне объективтілікті сақтап жүргізу қылмыстық іс бойынша қабылданатын шешімнің дұрыстығын білдіретін шарттардың бірі болып табылады. Оларды ойдағыдай орындамау, бір жағынан, дұрыс айыптамаушылыққа, екінші жағынан — жасалған қылмыс үшін жазаланбау қауіпіне əкеліп соқтыруы мүмкін.



Алдын ала тергеудің міндеттерін орындауға алдын ала тергеудің жалпы шарттары аталатын заңда белгіленген талаптар жатады. Мұндай жалпы шарттарды бірнеше бөліктерге жіктеуге болар еді. ҚР ҚІЖК-інің 24-тарауына сəйкес бұл шарттарды қылмыстық істерді тергеу барысында қолдануға болатын, соның ішінде процессуалдық мəселелерді шешу үшін қажетіне қарай былайша топталады:

  • тергеулік жəне тергеу орны;

  • тергеуді бастауға қажетті алғы шарттар;

  • тергеу мерзімдері;

  • тергеуге уəкілетті тергеуші жəне өзге бір тұлғаның процессуалдық дербестігі;

  • іс үшін маңызы бар өтініштерді қанағаттандырудың міндеттілігі;

  • алдын ала тергеу мəліметтерді жариялауға болмайтындығы;

  • қылмыстық істі біріктіру жəне бөлу;

  • ғылыми-техникалық құралдар мен мамандарды пайдалану;

  • қылмыс жасауға түрткі болған себептер мен жағдайларды анықтауға шаралар қолдану 

Қылмыстық құрамның объективті жақтарының белгілерін көрсететін мағлұматтар жеткілікті жиналғаннан кейін, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылады. Сонымен бірге кез келген орган не лауазымды тұлға қылмыстық іс қозғауға құқылы, яғни алдын ала тергеуді бастай алады. Тергеу мерзімдері ҚІЖК-інің 196-бабында көрсетілген алдын ала тергеуді керек етпейтін істер бойынша анықтау мерзімі бір аймен немесе жиырма тəулікпен шектеледі. Егер сотқа дейінгі дайындық материалдары қаулы түрінде болуы мүмкін болса, қадағалаушы прокурор оны алдын ала тергеу мерзімімен теңестіруге құқылы. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу екі айдан артық мерзімде бітпеуі керек. Алдын ала тергеу мерзімі қылмыстық іс қозғалған күннен бастап, айыптау қорытындысымен прокурорға жіберген сəтке немесе медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шарасын қолдану туралы мəселені қарау үшін сотқа беру немесе іс бойынша өндірісті тоқтата тұру не тоқтату сəтіне дейін созылады.

Алдын ала тергеу мерзімі іс күрделілігіне байланысты аудандық жəне оған теңестірілген прокурормен — үш айға дейін; істің аса күрделілігіне байланысты облыс прокуроры мен оған теңестірілген покурормен не олардың орынбасарларымен алты айға дейін тергеушінің қаулысы бойынша созылуы мүмкін. Одан кейінгі мерзімдердің созылуын ерекше жағдайларда Бас əскери прокурор, Қазақстан Республикасының Бас проруроры немесе олардың орынбасарлары шешеді.



Көп эпизодты күрделі істер бойынша тергеуді прокурор не тергеу бөлімінің  бастығы тергеушілер тобына тапсыруы мүмкін.

Күрделі істерге жататындар:

  • бір мезгілде шешуді қажет ететін көп болжамды істер;

  • əр түрлі қалалар мен аудандарда қылмыс жасайтын гастролер-қылмыскерлердің қылмысы бойынша;

  • көп эпизодты;

  • ұйымдасқан сыбайлас қылмыстар;

  • қылмысты жасыру үшін əр түрлі тəсілдермен жасалғанынан тергеуге қиындық тудыратындар.

Қылмыстық іс жүргізу міндеттерін алдын ала тергеу мəліметтерін ашық жариялау арқылы шешуге тыйым салынады. Алдын ала тергеу материалдарының сотта қараудан айырмашылығы қажет деп тапқан көлемде тергеушінің не прокурордың жазбаша рұқсаты бойынша жарияланады.

Алдын ала тергеу өндірісі барысында мынадай əрекеттер жүргізіледі:

  • қылмыс жасаған сезіктіні ұстау;

  • жауап алу (сезіктіден, айыпталушыдан, куəгерден, жəбірленушіден, сараптамашыдан);

  • беттестіру (сезікті, айыпталушы, куəгерлер, жəбірленушілер араларында);

  • тануға ұсыну (тірі адамдарды, суреттерді, заттарды, құжаттарды, жануарларды, мəйіттерді, құрылыстарды, жер телімдерін (учаскелерін);

  • тінту (орындарды, жер телімдерін (учаскелерін, жеке адамды тінту);

  • зат алу (заттарды, құжаттарды, пошта-телеграф корреспонденцияларын);

  • мүлікті арестке (қамауға) алу;

  • қарау (оқиға болған жерді, жерлерді, орындарды, заттарды, құжаттарды, мəйіттерді);

  • мəйітті эксгумациялау;

  • куəландыру (айыпталушыны, сезіктіні, жəбірленушінің куəгерін);

  • тергеу эксперименті;

  • сараптама өткізу;

  • салыстырмалы зеттеу үшін үлгілер алу.

Алдын ала тергеудің аяқталу сатысы — бірқатар маңызды міндеттер атқаратын процессуалдық əрекеттердің жиынтығы:

  • іс бойынша алынған дəлелдемелерді жүйелеу жəне талдау;

  • мəні бойынша талданып немесе алдын ала тергеудің аяқталғандығы туралы белгілі бір қорытынды шешім шығару үшін (істің тоқтатылуы туралы, медициналық сипатта мəжбүрлеу шараларын қолдану мақсатында сотқа жіберу т.б.) істі сотқа жіберуге дəлелдемелердің жеткіліктілігі (əрине, тергеу жүргізушінің пікірі бойынша);

  • материалдардың толық екенін тексеру жəне кемшіліктерді жою бойынша шаралар қолдану;

  • айыпталушыға не оның қорғаушысына істің барлық материалдарымен танысуға беру міндеттілігі;

  • сот өндірісіне басқа да қатысушыларды (танысуға көңіл білдірген жəбірленушіні, азаматтық талапкерді жəне т.б.) алдын ала тергеу жүргізілген іс материалдарымен таныстыру;

  • алдын ала тергеу кезінде іс өндірісі бойынша аталған қатысушылардың көмегімен кемшіліктер мен түсінбестіктерді анықтау;

  • мұндай кемшіліктер мен түсінбестіктерді жою үшін шаралар қолдану;

  • соттың істі қарау барысында айыптаушы жəне өзге де қатысушыларды өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Алдын ала тергеудің екінші түрі — анықтау.

Тергеу жəне анықтау органдарының өзара тиімді əрекетінсіз жасалған қылмыстың жасалуының мəн-жайын толық, объективті жəне жан-жақты дəлелдеу мүмкін емес. Алдын ала тергеу органдарының өзара əрекеттерінің екі топтық түрі бар:



Өзара əрекеттің процессуалдық түрі:

  • тергеушінің тапсырмаларын орындау;

  • қылмыстық істі қозғау сатысында анықтау органының тергеушіге көмегі;

  • алдын ала тергеу жүргізілу міндетті саналатын қылмыстық істі қозғау, олар бойынша кезек күттірмейтін тергеу əрекеттерін жүргізіп, одан əрі тергеу əрекеттерін жасайтын тергеушіге өткізу;

  • жедел іздестіру шаралары негізінде анықтау органдары жинаған мəліметтерді тергеушінің пайдалануы;

  • алдын ала тергеу жүргізу міндетті саналатын анықтау органдарының іс бойынша кезек күттірмес тергеу əрекеттерінің өндірісі кезеңінде бірігіп келіскен əрекеттері.

Өзара əрекеттердің ұйымдасу түрлері:

  • жедел тергеу топтарының құрамында бірігіп жүргізген əрекеттері;

  • алдын ала тергеу өндірісін қажет ететін қылмысты табылғандығы туралы анықтау органдарының тергеушіге бірден хабар беруі;

  • күрделі жəне көлемді қауіпті қылмыстарды тергеу үшін тергеушілер мен анықтау бөлімінің қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу топтарын (бригадалар) құруды ұйымдастыру;

  • тергеулік жəне жедел-іздестіру əрекеттерін біріге келісіп жоспарлау;

  • халық алдында түсіндіру жəне алдын алу шараларын өткізу;

  • прокуратура, тергеу, анықтау қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел мəжілістері;

  • оқу-жаттығуларды бірігіп өткізу.

13) Экс дәстүрлі тыйым салу деген анықтаманың түсініктемесін беріңіз.

14) Алдын ала тергеу сатыларының міндеттері және мағынасы, түсінігіне тоқталып,талқылаңыз.

15) Қылмыстық үрдістегі азаматтық шағымдану түсініктемесіне анықтама беріңіз.

16) Қылмыстық үрдіске қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына тоқталып,әңгімелеп беріңіз.

17) Сот сараптамасы түрлері және түсінігі анықтамасын беріңіз. Қандай жағдайда міндетті сараптама қолданылатыны туралы атап өтіңіз.

18) Эксперттік зерттеуге жобалар алу деген ұғымның түсініктемесіне анықтама беріңіз .

19) Соттық шешімнің негізгі бағытталу сатысына тоқталып түсіндіріңіз.

20) Қылмыстық үрдістегі анықтау органдарына түсініктеме беріп анықтама беріңіз.

21) Қылмыстық істердің соттағы іс жүргізу құқығының дәрежесіне тоқталып,атап өтіңіз.

22) Ақтау деген ұғымға тоқталып анықтамасын беріңіз, Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуші органның заңсыз іс әрекетімен келтірілген зиянды өтеуді түсіндіріп беріңіз.

1. Қылмыстық процестің міндеттерінің ішінде азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету талабы қойылған. Заңның бұл талабы қылмыстық іс жүргізу органдарының өз қызметін атқаруда ерекше орын алады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу қызметінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау болғандықтан, ол қызметті атқаратын мемлекеттік органдар зандылық принципін қатаң сақтауға міндетті. Олай болса да, бұл органдардың қызмет атқару тәжірибесінде, өкінішке орай, адам құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеудің кездесетіндігі және басқа да кемшіліктердің болатындығы жоққа шығарылмайды. Сондықтан ҚІЖК-нің төртінші тарауы (39—47-баптар) қылмыстық процестегі ақтау институтына және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне арналған.

Ақтау ұғымының тікелей мағынасы кінәсіз адам қылмыстық қудалауға ұшыраған жағдайда оның зиянды зардаптарын тез арада жойып, ол адамның құқықтары мен абыройын қалпына келтіру болып табылады. Кең мағынада, ақтау ұғымы — азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектеген барлық кездерде де оның зардаптарын жою үшін қолданылатын шараларды білдіреді. Мәселен, сезіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу негізсіз қолданылған жағдайда оның жеке басының бостандығы заңсыз шектеледі. Олай болса, қылмыстық ізге түсу органы сезіктінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндетті болып табылады.

Ақтау құқығының субъектілері және ақтаудың негіздері. Қылмыстық процестегі ақтау институты соттың үкімімен ақталған (бұрын сотталушы болған) адамдарға, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша өзіне қатысты (сезіктіге, айыпталушыға немесе сотталған адамға) қылмыстық іс қысқартылған адамдарға таралады. Қылмыстық істі қысқарту алдын ала тергеу, басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, апелляциялық және қадағалау тәртібімен іс жүргізу стадияларында болуы мүмкін. Осыған сәйкес, ақтау институтын соттың ақтау үкімін шығаруға және қылмыстық істі әр стадия кезінде қысқартуға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы құрайды.

Ақтау институтын қарастыруға байланысты, мұнымен қамтылатын соттың ақтау үкімін шығарудың негіздері мен қылмыстық істі қысқартудың негіздері бірдей болмайтындығына назар аудару қажет. Ақтау үкімін шығарудың негіздеріне мыналар жатады: қылмыстың оқиғасы болмауы; әрекетте қылмыстың құрамы болмауы; сотталушының қылмыс жасауға қатысуының дәлелденбеуі. Ал, қылмыстық істі қысқартудың негіздері екі топқа бөлінеді: 1) ақтайтын негіздер; 2) ақтамайтын негіздер. ҚІЖК 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі қысқартудың ақтайтын негіздеріне мына жағдайлар жатады:

—қылмыстың оқиғасы болмауы;

—әрекетте қылмыстың құрамы болмауы;

—жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленушінің арызы болмауы, сондай-ақ ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамның келтірілген зиянның есебін толтырып жәбірленушімен татуласуы;

—бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын соттың күшін жоймаған қаулысы болуы;

—бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы болуы.

Қылмыстық істі қысқартудың ақтамайтын негіздеріне ҚІЖК-нің 37-бабында және 38-бабында көрсетілген басқа жағдайлар жатады (рақымшылық актісінің болуы, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі және т.б.)

ҚІЖК-нің 39-бабына көрсетілгендей, сот бойынша ақталған адам, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адам кінәсіз деп саналады.

Ақтау толық немесе жартылай болуы мүмкін. Мысалы: бірнеше қылмыстар бойынша айыпталған сотталушынын, айыптаудың бір бөлігі бойынша ақталып, ал басқа бөлігіне байланысты оған айыптау үкімінің шығарылуы; сол сияқты, қылмыстық істі қысқартудың да толық немесе жартылай болатындығы жоққа шығарылмайды.

ҚІЖК 39-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот және қылмыстық ізге түсу органы ақталған адамдардың мүдделерін қорғау, қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеуге қажетті барлық шараларды қолдануға тиіс. Ал, ҚІЖК 40-бабының 1-бөлігінде бекітілген ереже бойынша, әр адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметінен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян қылмыстық процесті жүргізуші органның кінәсіне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен етеледі.

ҚІЖК-нің 41—47 баптарында ақталған адамдардың құқықтары және құқықтарын жүзеге асырудың тәртібі белгіленген. Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 41-бабында олардың мынадай құқықтары болатындығы көрсетілген:

—қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянның толық көлемде етелуіне;

—моральдық зиянның зардаптарының жойылуына;

—еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтірілуіне;

—мемлекеттік және өзге наградаларының қайтарылуына, сондай-ақ құрметті, арнаулы және өзге де атағының, сыныптық шенінің, біліктік сыныбының қалпына келтірілуіне.

Айыпталушы немесе сотталушы, не сотталған адам жартылай ақталған жағдайда, ол соған сәйкес көлемде ақталған адамның құқықтарына ие болады.

Ақтау құқығының субъектісі ретінде өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам да болуы мүмкін. Мұндай шараны қолдану туралы соттың қаулысы заңсыз не дәлелсіз деп танылып, ол қаулынын, күші жойылған жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам ақталған адамның құқықтарына ие болады.



2. ҚІЖК 40-бабынын, 2-бөлігінде басқа да жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы болатын адамдар көрсетілген:

—жеке айыптау істері бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанына қарамастан заңсыз түрде өзіне қатысты қылмыстық іс жүргізілген адамдар;

—рақымшылық актісінің болуына, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі өтуіне байланысты істің қысқартылуына мүдделі адамның келісім беруіне қарамастан заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдар;

—қылмыстық іс жүргізу барысында процессуалдық мәжбүрлеу шарасын заңсыз қолдануға ұшыраған адамдар, сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімнен артық негізсіз қамауда болған адамдар және т.б.

ҚІЖК-нің 39—40 баптарынын жоғарыда айтылған ережелері соттың айыптау үкімі мына аталған ақтамайтын негіздер бойынша бұзылған не өзгертілген немесе ол негіздер бойынша мәжбүрлеу шаралары жойылған не өзгертілген жағдайларда қолдануға жатпайды: рақымшылық ету актісін қолдану, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескеруі, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты (ҚІЖК 40-бабының 5-бөлігі).

Сонымен қатар, егер алдын ала тергеу (анықтау) және қылмыстық істі сотта қарау кезінде бұл адам өзіне өзі жала жабуының салдарынан ақиқатқа жетуге кедергі жасағандығы және сол себепті оған зиян тигенді дәлелденген болса, ол зиян өтелуге тиіс емес (ҚІЖК 40-бабының 4-бөлігі).


23) Аппеляциялық өндірістің сатысы ұғымын ашып түсіндіріп беріңіз.

24) Басты сот талқылауын тағайындау және басты сот талқылауы түсінігін анықтап,әңгімелеп беріңіз .

25) Негізгі сот шешімінің сатысы анықтамасын түсіндіріп беріңіз.

26) Соттың үкімдеріне (қаулыларына) кассациялық тәртіппен шағымданудың жалпы шарттарына анықтама беріңіздер.

27) Қадағалау өндірісінің сатысын түсіндіріп,анықтамасын беріңіз.

28) Қылмыстық үрдістің қағидаттарының жүйесі туралы түсініктеме беріңіз.



29) Қайта ашылған істердің сатыларын пысықтап тәртібіне анықтама беріңіз.

30) Алқабилердiң қатысуымен жүргізілетін iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбiне тоқталып,ойыңызды айтыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет