4.Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Инновациялық оқыту технологиялары



Дата11.11.2020
өлшемі17.32 Kb.
Инновациялық оқыту технологиялары.

  1. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары. 2.Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясы. 3.Құзырлы әдіс, оқытудың белгілі нәтижеге бағытталуы

4.Қорытынды

5.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Инновациялық оқыту технологиялары

Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы. "Оқыту технологиясы ” ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.

"Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады

Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат – оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады.

70 – жылдары жүйелiлiк тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi мектеп жұмысының толық басқарымдылығы идеясында жатыр.

70-80 жылдары оқыту технологиясы және оқу процесiнiң технологиясы терминi пайда бола бастады. Кейiнiрек педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту технологиясы терминiмен теңестiрiлдi.

Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологиясы”, "оқу процесiнiң технологиясы”, терминдерi ақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп сақты.

Жаңа педагогикалық технологиялар білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқытудың сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, білім алушылардың дамуына бақылау жасауға негізделген. Студенттер мен тыңдаушыларды ХХІ ғасырдың ақпараттық заманында еркін өмір сүруге, өмірде еркін бағдар алатындай және өзінің жеке ойы мен пікірі қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың алар орны ерекше.

Қазіргі таңда елімізде заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізігі міндеті білім беру мен дағды біліктіліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті – ойы ұшқыр, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделіңген әдістер

технологияның артықшылықтары:



Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады.

Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды.

мақсат дәл болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.

Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықан,

оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік

әдістер арқылы тексеріледі.

Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.

Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде

жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқуіс-әрекетінің түрлері және

көрсетілген жоба жасалады. әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше

жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

технологияның кезеңдері:

оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау

жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу

диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою

Технологияда оқушыда қалыптасқан сапа, іскерлік, қасиет

анық суреттеледі

Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері,

іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының

деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады,жаңа мақсат

қойылады. Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесінің



жетілдірілуіне кедергі жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет