10 класс физика тестері 1-тарау. Кинематика



бет1/5
Дата28.10.2019
өлшемі378.5 Kb.
  1   2   3   4   5
10 класс физика тестері

1-тарау. Кинематика

1.Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған автомобиль 10 с ішінде 150 м жол жүрді. Дәл осындай жылдамдықпен ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?

А) 30 м; В) 20 м; С) 60 м; Д) 45 м; Е 15 м;

2.Бірдей 10 м/с жылдамдықпен жол айырығынан бірдей уақытта 60º болатын бағыттармен ажыраған екі автомобиль 20 с өткеннен кейін бір-бірінен қандай қашықтықта болады?

А) 150 м; В)300 м; С) 200 м; Д) 100 м; Е) 250 м;

3.Ені 40 м өзенді жүзіп өткен жүзгішті су ағысы қарсы жағалауға өткенше 30 м-ге ығыстырған. Жүзу қашықтығы қандай болған?

А) 50 м; В) 20 м; С 35 м; Д) 60 м; Е) 25 м;

4.Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген. Оларды мынадай ретпен орналастырыңыз:



а) бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс;

ә) бір қалыпты үдемелі қозғалыс;

в) бір қалыпты баяу қозғалыс;

с) бастапқы жылдамдығы бар бір қалыпты үдемелі қозғалыс;

А) 1,3,2,4; В)3,2,4,1; С) 2,3,1,4; Д) 4,1,3,2; Е) 2,4,1,3;

5.Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жолдың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген.

а) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс;

б) бірқалыпты үдемелі қозғалыс;

в) бірқалыпты баяу қозғалыс;

г) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты үдемелі қозғалыс;

д) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты баяу қозғалыс;

А) 5,2,1,4,3; В) 4,1,5,2,3; С)2,3,1,5,4; Д) 1,3,4,2,5; Е)5,3,2,4,1;

6.Жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа дейін арттырған автомобиль 5 с ішінде қанша жол жіреді?

А) 50 м; В) 45 м; С) 8 м; Д) 70 м; е)75 м;

7.36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автобусты жүргізуші аялдамаға 50 м қалғанда тежей бастады. Осы кездегі үдеу модулі қаншаға тең?

А) 2 м/с2; В) 1,5 м/с2; С) 1 м/с2 ; Д) 0,5 м/с2 ; Е) 3 м/с2;

8.Еркін құлаған дененің 4 секундтағы жүген жолы қанша?

А) 60 м; В) 80 м; С) 70 м; Д) 75 м; Е) 90 м;

9. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне соқтығысқандағы жылдамдығын км/сағ есебімен шығарыңыз.

А) 150 км/сағ; В) 200 кс/сағ; С) 280 км/сағ; Д)340 км/сағ; Е) 360 км/сағ;

10. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне қанша уақытта жетеді?

А) 8 с; В) 10 с; С) 7 с; Д) 9 с; Е) 7,5 с;

11. 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырған дене қандай биіктіекке көтеріледі және қанша уақытта құлап түседі?

А) 60 м, 5 с; В) 55м, 4,6 с; С) 50 м, 4,2 с; Д) 45 м, 6 с; Е) 42 м, 4 с;

12. Жұмыстың радиусы 0.3 м болатын жеңіл автомобильдің дөңгелегі 900 айн/мин жасаған кездегі жылдамдығын км/сағ есебін есептеңіз.

А) 98 км/сағ; В) 106 км/сағ; С) 105 км/сағ; Д) 101 км/сағ; Е)104 км/сағ;

13. Қисықтың радиусы 50 м жол иініндегі автомобильдің қозғалыс жылдамдығы 36 км/сағ болған кезіндегі центрге тартқыш үдеуі қандай?

14. Жұмыстың радиусы 0,3 м болатын жеңіл автомобильдің жылдамдығы 108 км/сағ. Автомобиль дөңгелегінің бұрыштық жылдамдығын анықтаңыз.

А) 120 с-1; В) 210 π ; С) 200 π ; Д) 90 с-1; Е) 220 π ;

15. Дене 30 м/с жылдамдықпен горизонтқа 30º бұрыш жасай лақтырған. Осы дененің Жер бетінен ең жоғарғы көтерілу биіктігін анықтаңыз.

А) 11,25 м; В)14,5 м; С) 12,5 м; Д) 13,25 м; Е) 10,5 м;

16. Дене қозғалысы жылдамдығының, Х және У остеріндегі проекциялары υх= 4 м/с және υу= 3 м/с болса оның модулі қашшаға тең?

А) 3,5 м/с; В) 4 м/с; С)4,5 м/с; Д)5 м/с; Е) 5,6 м/с;

Жауаптары:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Д

С

А

С

А

Е

С

В

Е

В

Д

Д

В

С

А

Д



2-тарау.Динамика. Ньютон заңдары.

1.Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама:

А) жылдамдық; В) күш моменті; С) үдеу; Д) масса; Е) импульс.

2. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомобиль 5 с ішінде 36 км/сағ жылдамдық алды. Автомашинаға қандай тұрақты күш әсер еткен?

А) 1000 Н; В) 1800 Н; С) 2000 Н; Д) 2200 Н; Е) 2500 Н.

3. 2 м/с2 үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қанша? А) 140 Н; В) 120 Н; С) 150 Н; Д) 130 Н; Е) 160 Н.

4. 5 м/с2 үдеумен жерге түсіп келе жатқан массасы 80 кг парашютистің салмағы қаншаға азайған? А) 380 Н; В) 10,4 Н; С) 420 Н; Д) 440 Н; Е) 400 Н.

5. Шамалары бірдей 6 Н екі күш денеге 60º бұрышпен әсер етеді. Қорытынды күш қаншаға тең? А) 8 Н; В) 10,4 Н; С) 12 Н; Д) 13 Н; Е) 12,6 Н.

6. Жер бетінен 800 км биіктікте ұшу үшін ғарыш кемесінің жылдамдығы қандай болуы керек? А) 7,9 км/с; В) 8,2 км/с; С) 8,2 км/с; Д) 8,1км/с ; Е) 8,4 км/с .

7. Массасы 40 кг бала айналу осі 2 м биіктікке бекітілген әткеншек теуіп тұр. Әткеншек ең төменгі нүктеден 4,4 м/с жылдамдықпен өтсе, бала осы нүкдеде орындыққа қандай қысым түсіреді? А) 750Н; В) 766 Н; С) 787 Н; Д) 816 Н; Е) 806 Н.

8.Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 3 т автомашинаны 2 м/с2 үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңыз. А) 3 см; В) 4 см; С) 5 см; Д) 6 см; Е)7 см.

9. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0,6 Н-ды көрсетті. Үйкеліс коэффиценті қаншаға тең? А) 0,26 ; В) 0,03; С) 0,34; Д) 0,08; Е) 0,3.

10. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г, радиусы 2,5 см ағаш цилиндрді ось бойынша домалата сүйрегенде ол 0,4 Н-ды көрсетті. Домалау үйкеліс коэффициенті неге тең? А) 0,05; В) 0,03; С) 0,5;Д) 0,3;Е)0,04.

11. Ұзындығы 2 м 25 см рычагтың тіреу нүктесін, көтеретін жүк жағындағы ұшынан 25 см жерге орналастырып, 400 кг жүкті көтеру үшін оның екінші ұшына қандай күшпен әсер ету керек? А) 400 Н; В) 450 Н; С) 500 Н; Д) 550 Н; Е)600 Н.

12. Горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын а бұрыш жасайтын ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен массалары 100 кг болатын ағаш жәшіктерді сырғытып жүк машинасына тиеу қажет. Егер үйкеліс клэффициенті 0,3 болса, үйкеліс күші қандай болады? А) 300Н; В) 260 Н; С) 280 Н; Д) 320 Н; Е)240 Н.

13. Қыстыгүні горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын көлбеу жотадан шаңғымен сырғанаған бала қандай үдеумен қозғалады? Үйкеліс коэффициенті 0,035 –ке тең. А) 4,2 м/с2; В) 4,5 м/с2; С) 5 м/с2; Д) 4,7 м/с2; Е) 5,2 м/с2.

14. Массасы 50 кг жүкті блокқа асылған арқан арқылы 750 Н тұрақты күштің көмегімен жоғары көтереді. Осы кездегі дененің үдеуі қаншаға тең болады? (g=10м/с2). А)1,6м/с2; В)1,8м/с2; С)2 м/с2; Д)2,2м/2; Е) 2,4 м/с2.

15. Жер бетіндегі салмағы 700 Н адамның массасы Ай бетінде қаншаға тең болар еді? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1,623 м/с2.

А) 10 кг; В) 10,5 кг; С) 11,62 кг; Д) 11,83 кг; Е) 12,4 кг.

Жауаптары:



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

С

А

Е

В

Е

С

Д

Е

А

С

В

Д

С

Д


Сақталу заңдарына тест сұрақтары

1. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомашина тұрақты 2 кН күштің әсерінен 10 с ішінде қандай жылдамдық алады? А) 10 м/с; В) 14 м/с; С) 16 м/с; Д) 18 м/с; Е) 20м/с.

2. Массасы 40 кг бала 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 2 м/с жылдамдықпен сол бағытта қозғалған массасы 60 кг арбаға секіріп мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады? А) 5 м/с; В) 3,6 м/с; С) 4 м/с; Д) 4,2 м/м; Е) 4,4 м/с.

3. Үстінде бала отырған массасы 20 кг шананы қар үстімен қозғалыс бағытына 60º бұрышпен 100 м қашықтыққа сүйрегенде қанша жұмыс істеледі? Үйкеліс коэффициенті 0,03. А) 200 Дж; В) 240 Дж; С) 260 Дж; Д) 300 Дж; Е) 280 Дж.

4. 800 м/с жылдамдықпен ұшқан 10 г оқтың кинетикалық энергиясының 8 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 1 т автомашинаның кинетикалық энергиясына қатынасы қаншаға тең? А) 1/100; В) 1/10; С) 1/1; Д) 1/1000; Е)1/10000.

5.Кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 50 кг*м/с. Дененің массасы неге тең? А)15,0 кг; В) 12,0 кг; С) 12,5 кг; Д) 13,0 кг; Е)14,0 кг.

6. Тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 100 г дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

А) 45 Дж; В) 50 Дж; С) 35 Дж; Д) 40 Дж; Е) 450 Дж.

7. 10 м биіктіктен еркін түскен, массасы 2 кг дененің Жер бетіне 4 м қалған кездегі потенциалдық және кинетикалық энергияларын анықтаңыз.

А) 60 Дж, 90 Дж; В) 70 Дж, 100Дж; С) 80 Дж, 120 Дж; Д) 80 Дж, 110 Дж; Е) 70 Дж, 110Дж.

8. Массасы 0,5 кг дененің еркін түсу уақыты 2 с. Осы кездегі ауырлық күшінің жұмысы қаншаға тең? А) 70 Дж; В) 80 Дж; С) 90 Дж; Д) 100 Дж; Е) 110 Дж.

9. Массасы 10 г оқ қалың тақтайға 800 м/с жылдамдықпен кіріп одан 400 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Тақтайды тесіп өту үшін оқ қандай жұмыс атқарған?

А) 1800 Дж; В) 2400 Дж; С) 2000 Дж; Д) 2200 Дж; Е) 2600 Дж.

10. Массасы 2 т жүкті көтергіш кран 30 с ішінде 6 м биіктікке көтерді. Кран двигателінің қуаты қандай? А) 3 кВт; В) 3,2 кВт; С) 3,4 кВт; Д) 3,6 кВт; Е) 4 кВт.

11. Автомашинаның 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты түзу сызықты қозғалған кездегі көрсеткен қкаты 1 МВт. Автомашинаның массасы қандай?

А) 1 т; В) 2 т; С) 3 т; Д) 4 т; Е) 5 т.

12. Массасы 200кг, диаметрі 60 см темір бөшкелерді ұзындығы 5 м биіктігі 1,6 м ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен машинаға домалата артты. Домалау үйкелісінің коэффициенті 0,6 .Көлбеу жазықтықтың ПӘК-і қандай?

А) 60 %; В) 66%; С) 72%; Д) 80%; Е) 85%.

13.Қатаңдығы 500 Н/м динамометр пружинасына 40 Н күш әсер еткенде қанша жұмыс істелінеді? А) 1,6 Дж; В) 1,8 Дж; С) 2 Дж; Д) 2,2 Дж; Е)2,4 Дж.

14. Диаметрі 4 см құбырдағы судың жылдамдығы 1 м/с. Ос ықұбырмен тікелей жалғасқан диаметрі 2 см құбырмен су қандай жылдамдықпен ағады?

А) 3,6 м/с; В) 4 м/с; С)4,2 м/с; Д) 4,4 м/с; Е) 5 м/с.

15. Насостың пайдалы қуаты 4 кВт. Осы насос 8 м тереңдіктен 1 сағат ішінде қандай көлемдегі суды көтеріп шығарады? А) 120 м3; В) 140 м3; С) 160 м3; Д) 180 м3; Е) 200 м3.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Е

С

Д

В

С

А

С

Д

В

Е

Е

Е

А

В

Д


3-тарау. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.

1.Судың қандай тереңдігінде атмосфералық қысым екі еселенеді?

А) 5 м; В) 10 м; С) 15 м; Д)20 м; Е)25 м.

2. Паскаль заңының тұжырымдамасы қалай аталады?



А) Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміндей сұйықты ығыстырып шығарады; В) Сұйыққа батырылған денеге өзінің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді; С) Құбырдың кез келген қимасы арқылы бір мезгілде бірдей көлемде сұйық ағып өтеді; Д) Сұйыққа (немесе газға) түсірілген қысым өзгеріссіз оның барлық нүктелеріне бірдей беріледі; Е) Құбырмен аққан сұйықтың статистикалық және динамикалық қысымдарының қосындысы тұрақты шама болып табылады.

3. 100 м тереңдікте теңіз суының қысымы бір атмосфералық қысымнан қанша есе артық? (=1030 кг/м3 ) А) 100 есе; В) 70 есе; С) 50 есе; Д) 20 есе; Е) 10 есе.

4. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 6 см2 және оған 200 Н күш әсер етеді. Үлкен поршеннің ауданы 180 см2. Бұл поршенге қандай күш әсер етеді?



А) 4кН; В) 5кН; С) 5 кН; Д) 7 кН; Е)10 кН.

5. Тығыздығы = 0,7 кг/м3 ағаш су бетінде қалқып жүр. Оның қандай бөлігі суға батқан? А) 0,7; В)0,6 ; С) 0,5 ; Д)0,4 ; Е) 0,3 .

6.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы S1= 10 см3, ал үлкен поршеннің ауданы S2=200 см2. Кіші поршеннің қозғалу биіктігі h1=10 см. Үлкен поршенді дәл осындай биіктікке көтеру үшін кіші поршень қанша рет жүріс жасауы керек?

А) 10 рет; В)15 рет; С) 20 рет; Д)25 рет; Е) 30 рет.

7. Су айдағыш мұнараның табанындағы манометр 1,8*105 Н/м2 қысымды көрсетті. Мұнарадағы су деңгейінің биіктігі қандай? А) 16 м; В) 18 м; С)20 м; Д) 22 м; Е)24м.

8. Массасы 100 кг қарағай су бетінде қалқып жүр. Оны кері итеруші күш қаншаға тең? А) 1000 Н; В) 900 Н; С) 800 Н; Д) 700 Н; Е) 600 Н.

9. Ауданы 12 м2 өзенде қалқитын сал жүк тиелген соң 25 см-ге дейін суға батты. Тиелген жүктің салмағы қанша? А) 20 кН; В) 22 кН; С) 24 кН; Д) 26 кН; Е) 30кН.

10. Теңіз деңгейінен 720 м биіктікте атмосфералық қысым қандай болады?

А) 680 мм..сын.бағ. В) 690 мм..сын.бағ; С) 700 мм..сын.бағ; Д) 710 мм..сын.бағ; Е)720. мм..сын.бағ



11. Құбырдың көлденең қимасы ауданы 10 см2 бөлігіндегі судың ағысының жылдамдығы 0,2 м/с. Осы құбырдың көлденең қимасының ауданы 3 см3 бөлігіндегі су ағысының жылдамдығы қандай? А) 1,1 м/с; В) 1м/с; С)0,9 м/с; Д) 0,8 м/с; Е) 0,7 м/с.

12. Сутегі газымен толтырылған, көлемі 100 м3 аэростаттың көтергіш күшін анықтаңыз. Сутегі тығыздығы =0,09 кг/м3, ауаның тығыздығы =1,29 кг/м3.

А) 1120 Н; В) 1140 Н; С) 1160 Н; Д) 1180 Н; Е) 1200 Н.

13. Горизонталь құбырмен аққан судың жылдамдығы 1,2 м/с болса, оның құбыр қабырғаларына түсіретін қысымы қандай?

А) 100600 Па; В) 100800 Па; С) 100660 Па; Д) 100700 Па; Е) 101000 Па.

14. Су айдағыш мұнарадағы су деңгейінің биіктігі 20 м. Оның табанындағы шағын тесіктен су қандай жылдамдықпен шығады? А) 18м/с; В) 20 м/с; С) 22 м/с; Д) 24 м/с; Е)26 м/с.

15. Массасы 72 кг сүңгігішке әсер ететін кері итеруші күшті табыңыз. Адам денесінің орташа тығыздығы 1,2*103 кг/м3. А) 570 Н; В) 580 Н; С) 590 Н; Д) 600 Н; Е) 610 Н.

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

В

Д

Е

С

А

С

В

А

Е

С

Д

Е

А

В

Д



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет