1 тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздер қандай фонетикалық құбылыстар және үндестік заңының қай түріне жататынын тауып кестені толтырыңыз



Дата06.05.2020
өлшемі13.9 Kb.
1 тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздер қандай фонетикалық құбылыстар және үндестік заңының қай түріне жататынын тауып кестені толтырыңыз.

Мың сан жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай таласып жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке таман қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған. Қайтқан елдің бес-алты аулы Кеңөзекке кешелер қонған болатын. Теріс аққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-жиырма ауылдан ел сыйып кететін қоныс бар еді. Екі елдің руы да екі басқа, бір-біріне алыс болатын. Екеуі де малды, кісілі, жуансыған, соқтыққыш ел болатын. Кеңөзекте отырған бес-алты ауылдың ортадағысы сол Досболдың ауылы еді. (М.Әуезов)

Кесте № 1

Тіл үндестігі

Ерін үндестігі

Ассимиляция

Аккомодация

Диссимиляция































4 тапсырма. Берілген сөйлемдерде қарамен жазылған сөздерді теріп жазыңыздар. Ол сөздер қандай мағынада (тура немесе ауыспалы мағына ма, фразеологиялық байлаулы мағына ма, контекстік мағына ма) жұмсалып тұрғанын айтыңыздар.

1. - Мынаның миы айналып қалған-ау, шамасы, -деп Аббас бай етегін қағып, орнынан тұрды. 2. Әлгі сөздерден кейін босаған буындары қатайып, сезімталдықтан гөрі сергектік бойын билеген секілді. 3. Орнынан тұрып, байдың сөзіне құлақ аспастан, сыртқа шығып кетті. 4. Бүгін жеген таяғым жаңа өмірімнің бастамасы ғана шығар. 5. Жаңа өкіметті қорғаймын деп өзінің бетін ашып, құпиясын мәлімдеп қоярын сезді. 6. Байқасам, шалқамнан жатыр екем: кереуеттің басынан қос қолдап қысып ұстап алыппын. 7. Содан әрі тарихи туындыларды көркемдік көрігінен жүзіктің көзінен өткендей етіп ғажайып сомдаған суреткерлерді санап шықты. 8. Соңғы жылдары Алматы өте ажарланып келеді. Архитектураға онша мән бермей жылжып өте шыққан жылдардың өтеуіндей көркем көше көңілге де, көзге де шабыт ұялатқандай. Әсіресе басына алтын тәж киген сұңғақ сұлу «Қазақстан» қонақ үйі қандай! (Б.Исаев, Өң мен түс). 9. Ыстық күн Алатаудың иығынан күле қарайды. Ол ұзын алтын кірпіктерімен айналаны қытықтап тұрған тәрізденеді (Ә.Нұршайықов).



Миы айналып қалған-ау

Босаған буындары қатайып

Сергектік бойын билеген

Сөзіне құлақ аспастан

Жеген таяғым

Өкіметті қорғаймын

Бетін ашып

Құпиясын мәлімдеп

Кереуеттің басынан

Жүзіктің көзінен

Өте ажарланып келеді

Жылжып өте шыққан жылдардың

Көзге де шабыт ұялатқандай

Басына алтын тәж киген

Алатаудың иығынан күле қарайды

Алтын кірпіктерімен айналаны қытықтап

Достарыңызбен бөлісу:


©netrefs.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет